Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет41/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104
алдында  келетін  дамуымен  қалыптасқан  ерекше  адам  биологиясының  иесі  болып 

табылады.  Ол  ең  алдымен  қоғамның  мәдени-тарихи  жетістіктерін  меңгерудің 

онтогенетикалық қалыптасуындағы ӛзінің дайындығын байқайды».  

А.Н.Леонтьевтің  пікірінше,  психиканың  биологиялық  тұқым  қуалайтын 

қасиеттері  оның  қалыптасуының  тек  бір  ғана,  алайда  маңызды  шарты  болып  табылады. 

Бірақ  бала  санасының  сондай-ақ  тілдік  сананың  да  қалыптасуындағы  маңызды  фактор  – 

бұл  ӛткен  ұрпақтың    еңбегімен  жасалған  адамды  қоршаған  ортадағы  құбылыстар  және 

заттар.  А.Н.Леоньевтің  жазғанындай,  «тілді  игеру  процесі  субъектінің  қоршаған  ортаға 




 

40 


реалды  қатынасының  даму  барысында  жүзеге  асады.  Бұл  қарым-қатынастар  субъектінің 

ӛзіне,  оның  санасына  тәуелді  емес,  оның  ӛмір  сүруіндегі  деректі-тарихи,  әлеуметтік 

шарттарымен және бұл шарттарда оның ӛмірінің қалай қалыптасуымен анықталады».  

Бала  мағынаны  игере  отырып,  оларды  интериоризациялайды,  ӛзінің  ойлауының 

ішкі  символдарына  айналдырады.  Бала  бұл  қазіргі  қоғамда  қабылданған  әлеуметтік-

қызметтік  заттармен  (социально-функционирующим  предметами)  жұмыс  істеу  тәсіліне 

үйрене  отырып,  танымдық  нормалар  мен  эталондарды  меңгереді  және  осы  заттармен 

әрекет  ету  арқылы  оның  психикасы  және  тілдік  санасы  қалыптасады.  Демек,  ресей 

ғалымдарының  пікірлеріне  сүйенсек,  жеке  тұлғаның  психикалық  дамуы  әлеуметтік  даму 

болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтену (социализация) процесі – бұл осы қоғамның 

мәдениетін  «иеленуі».  Ол практикалық  қызмет дағдыларын  меңгерумен және  әлеуметтік 

нормалар мен рӛлдерді иеленумен байланысты. Тілді меңгеру жеке тұлғаның дамуы мен 

әлеуметтену процесінде шешуші маңызды болып табылады.  

 

Тақырып №4. Сөйлеудің туындауы 



 

Негізгі  сӛздер:  Сӛйлесімнің  құрамдық  бӛлшектерін  жасау  (речепроизводство  -

производство  речи),  тілдік  қателер,  стохастикалық  модель,  тікелей  құрастыру  бойынша 

анализ, трансформациялық грамматика, ішкі сӛйлеу. 

  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет