Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет77/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104
Байланысты:
p170220161

8. Мәтіннің қасиеті. 

 



 

66 


Мәтін  күрделі  семантикалық  құрылым  болып  мынадай  сипаттарға  ие:  тұтастық, 

байланыстылық,  эмотивтілік,  креолизованность,  прецендентность,  саңылаулық  (үзіліс). 

Сонымен  қатар,  мәтінде  коммуникантттардың  тілдік  емес  мінез-құлық  іздері  де 

байқалады. Мәтіннің бұл қасиетін толығырақ қарастырайық.  

Сӛйлеуші алдына белгілі бір мақсат қоя отырып, оны ӛте тиімді жолмен, жақсы 

әдіспен орындауға тырысады. Бұл үшін сӛйлеуші анық сезіне бермейтін, тек кӛмескі ғана 

сезіне  білетін  жалпы  тпкі  ойды  мәтінде  жүзеге  асыру  қажет.  Бірақ  мұндай  түпкі  ой 

міндетті түрде болады және дәл осы түпкі ой мәтіннің маңызды қасиеті тұтастылықты 

қамтамасыз етеді.  

Түпкі ой мәтінді толығымен қамтиды – басынан соңына дейін, оның құрылымдық 

қасиеттеріне  ӛзінің  әсерін  тигізеді.  Мағыналық  байланыс  сӛйлемнің  құрылымына  еніп 

қана  қоймайды  және  сонымен  қатар  сӛйлемдерді  ӛзара  байланыстырады.  Негізінде 

мәтіннің  түпкі  ойы  және  оның  формаларының  сәйкестігі  жатқан  сӛйлемдердің  орын 

тәртібінің ретінің мағыналық интеграция жүзеге асады. Бұл оның тұтастылығын білдіреді. 

Бұл  тұтастық  сӛйлеудің  объектісін  сипаттауда  және  мәтіннің  грамматикалық  жағынан 

бірыңғайлығынде (кӛбінесе нарративті етістіктер формасында) кӛрініс табады.  

Мәтіннің  тұтастылығы  –  бұл  ең  алдымен,  мағыналық  құбылыс,  тұтас  мәтіннің 

сыртқы  белгілерін,  мәтіннің  белгілі  бір  тілдік  және  сӛйлеу  шекараларын  бӛліп  алуға 

болады.  Кӛбінесе,    бұлар  мәтіннің  басы  және  соңының  белгілі  бір  формулалары  ретінде 

танылады. Мәтіннің бастапқы сигналына тақырып (90), құжат түріне нұсқау (91), қаратпа 

сӛздер (92) және т.б. этикеттік фразалар жатады.  

(90) «Дубровский» 

(91) «Сенім хат» 

(92) «Ханымдар мен мырзалар!» 

Мәтіннің  аяқталғандық  сигналдары  –  бұлар  түрлі  тілдік  формулалар  (93), 

автордың  қолтаңбасы  (айталық,  сенімхаттың  соңында)  немесе  финалдың  метамәтіндік 

нұсқаулар (94).  

(93) «Кӛңіл бӛлгендіріңіз үшін рахмет» 

(94) «Жалғасы бар», «Фильмнің соңы» 

Психолингвистика ғылымына жүгінсек, егер мәтіннің кӛптеген элементтері зиян 

келместей  түрде  кӛлемін  кішірейту  қысқарту  мүмкін  болса,  ол  мәтін  тұтас  болып 

табылады. Мәтіннің тұтастылығы оны неғұрлым сығымдаған сайын да сақталуы тиіс. Егер 

мәтінді әр қысқартқан сайын ӛзінің «мағыналық тепе-теңдігін» сақтап, тек маргинальды, 

кездейсоқ  элементтер  жоғалып  кетесе,  онда  бұл  мәтін  тұтас  болып  есептеледі  (Мәтінді 

сығымдау жайында айтқан кезде, ереже бойынша сыналушылардың қатысуымен жасалған 

психолингвистикалық эксперимент негізінде жасау тиіс). 

Мәтіннің  тұтастылығы  оның  салыстырмалы  сипаттамасы  болып  табылады  – 

оқырман оны қаншылақты тұтас деп есептеуіне байланысты. Егер оқырман қандай да бір 

мәтінді тұтас де таныса, онда ол мәтін тұтас.  

Тұтас  емес  мәтінге  мысал  ретінде  «Айбатты  солдат  Швейктің  басынан 

кешкендері»  деп  аталатын  Гашектің  романының  басты  кейіпкерінің  ұсынған  есеп-

жұмбағы  бола  алады  (95).  Онда  мәлімет  жетіспейтіні  анық.  Бірақ  оның  қолданыс 

контекстін білгенде ғана (басты кейіпкердің нақұрыстықтың симулляциясы) біз автор ӛз 

алдына қойған мқсаттына жетті деп шешім қабылдай аламыз.  

(95) Мен де сіздерге бір есеп-жұмбақ жасырғым келеді. Тӛрт қабатты үй тұр, 

әрбір  қабатта  8  етерзелі,  шатырда  екі  терезелі  бӛлме  бар  және  екі  мұржа,  әрбір 

қабатта  екі  пәтер  жалдаушы  бар.  Ал  енді  жолдастар,  швейцардың  қаншыншы  жылы 

әжесі қайтыс болғанын айтыңыздар?  

   Мәтіннің  маңызды  категориясы  байланыстылық  болып  табылады.  Егер  мәтін 

жалпы  автордың  түпкі  ойы  шеңберінде  мағынасы  жағынан  бір-біріне  байланысты 

сӛйлемдердің  аяқталған  бірізділігін  құрайтын  болса,  онда  бұл  мәтін  байланысты  болып 

табылады.  



 

67 


Байланыстылық  (немесе  когезия)  екі  типті  болып  келеді:  формальды  (немесе 

эксплицитная)  және  семантикалық.  Формальды  байланыстылық  –  бұл  тілде  кӛрінетін 

байланыстылық; ол мәтіннің үстіңгі (поверхностной структуре) құрылымында элементтер 

байланыстылығының  бар  болуымен  негізделген.  Эксплицитті  байланыстылық  типтеріне 

қайталамалар  (96),  грамматикалық  категориялар  бойынша  сӛйлемдердің  қиысуы  (97), 

есімдіктер  арқылы  байланысу  (98),  бұрынғы  сӛздерді  синонимімен  (99),  антонимімен 

және т.б. алмастыру.  

(96) Қазақстан – үлкен мемлекет. Қазақстанда 15 миллион адам тұрады.  

(97) Бӛлмеге бір кісі кірді. Кірген адам боп-боз болып кеткен.  

(98) Кішкене қыз-бала отыр. Ол кітап оқып отыр

(99)  Кеше  маған  досым  келіп  кетті.  Жолдасым  кеткен  кейін,  мен  ұйқыға 

кірістім.  

Формалық  байланыстылықты  қарастыру  барысында  элементтер  жақындығының 

семантикалық  интерпретациясының  проблемалары  туындайды.  Сондай-ақ  кейбір 

сӛйлемдерді (100) қабылдауда белгілі бір мәтіннен тыс мәліметті білетіндер үшін ғана ол 

байланысты болып келеді (101).  

(100) Наполеон соғыста жеңіліс тапты. Бірақ Қасиетті Елена аралының тұтқыны 

берілмеді. 

(101) Наполеон Қасиетті Елена аралына жер аударылған болатын.  

Мәтіннің  мағыналық  (немесе  имплицитті)  байланыстылығы  –  бұл  қатар 

орналасқан 

фразалардың 

жалпы 


мағынасы 

негізіндегі 

байланыстылық. 

Ол 


байланыстылықтың  сыртқы  құралдарының  кӛмегінсіз-ақ  жүзеге  асады.  Мұндай 

байланыстылық  қайта  орнатылуының  себептері  суреттеліп  отырған  объектілердің  бір 

кеңістікте  қатар  орналасуына  (102),  реципиентте  дұрыс  логикалық  ойлануына  (103), 

жалпы ортақ пресуппозиция – сӛйлеу объектісі жайындағы біліміне байланысты (104).  

(102) Ол кӛзілдірік киді. Кӛзі бұрынғысынан жақсы анық кӛре бастады.  

(103) – Мен де Гавайға ала кетесің бе? 

- Мен не миллионермін бе? 

(104) – Сіз корольдік құтқару қоғамының жалаушасын сатып алмайсыз ба? 

 - Мен әдетте сіңліммен демалысты Бирмингемде ӛткіземін.  

Фразалар арасындағы мұндай байланыстылық тек қана лингвистикалық құралдар 

арқылы  бейнеленбейді,  сондай-ақ  бұл  жерде  мәдениет,  технология  облысынан 

мәліметтерді, тұтас заттар әлемі және адамдар қарым-қатынас әлемі бойынша білімдерін 

қатыстыру қажет.  

Психолингвистикада  мәтін  автордың  жеке  ассоциацияна  (105)  негізделген 

байланыстылық  реконструкциясы  зерттеушінің  мәтін  мағынасы  жӛніндегі  гипотезасы 

негізінде  айтылуы  мүмкін  емес,  психолингвисттен  санасында  мәтін  іске  қосылып,  мәтін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет