Психолингвистика пәні бойынша


генерализация (сверхгенерализация)



Pdf көрінісі
бет31/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104
Байланысты:
p170220161

генерализация (сверхгенерализация) деп аталады, бұл терминнен жаңа ережелердің басқа 

ережеге  бағынатын  ескі  тілдік  материалда  таралуы  ұғынылады.  Бала  етістік 

формаларының дұрыс құрылымын меңгеруге тырыса отырып, былай деп сӛйлейді: *шела 

вместо шла; орыс зат есімдерніңі кӛптік формасын меңгере отырып  - *пени  вместо пни; 



два *салазка, одна *деньга.   

Орыс балаларында сондай-ақ тӛмендегідей басқа  типтік қателер байқалады.  

Ӛткн  шақ  етістіктері  тек  орысша  айтқанда,  женский  родта  қолдану.  Тіпті  және 

осылайшы (45,46) ұл-балалар да сӛйлейді, ӛйткені бұл форманы аналары мен әжелерінен 

естиді, сонымен қатар, ашық буында (дауысты дыбысқа аяқталған) айту тұйық буындарға 

(дауыссыз дыбысқа аяқталған) қарағанда оңайырақ.  

(45) Я попила. 

(46) Я пошла. 

Орыс балалары және зат есімдердің септелуінде де қателеседі (47). 

(47)  - Возьмем все *стулы и сделаем поезд- предлагает один малыш другуму. 

         - Нет, - возражает тот, - здесь мало *стулов.  

Зат  есімдердің  түбіріне  –ом  жалғауын  зат  есімнің  родына  қарамай  қоса  беру 

арқылы кӛмектес септігін қолдануда қателер жіберілуі мүмкін (48). 

(48) *иголком, *кошком, *ложком.  

Зат есімдердің родына байланысты қосымшаларда да қателер кездеседі (49-52). 

 

Балалар сӛздері 



Сӛздің мағынасы 

(49) 


* лошадиха 

лошадь 

(50) 


*коров 

бык 

(51) 


*людь 

человек 

(52) 


*кош 

кот 

      


Балалар  жалпыға  ортақ  формалардың  үлгісі  бойынша  (54)  сын  есімнің 

салыстырмалы шырайын зат есімдерден  жасайды (53, 55).  

 

(53) Балалар сӛзі 



(54) Тілдік үлгі 

*хорошее 

смешнее 

*плохее 

сильнее 

*высокее 

веселее 

*короткее 

длинее 

 

(55) – А наш сад все равно *соснее (в нем больше сосен).  



Тілді  игеру  барысында  жіберілетін  қателер  –  табиғи  құбылыс.  Себебі  жүйе  мен 

нормадан  басқа  тағы  Соссюр  «лингвистикалық  шаң»  (лингвистический  пылью)  деп 

образды  түрде  атаған  узус  және  нормадан  ауытқу  және  қайталанбас  (уникальный)  жеке 

құбылыстар да бар.  

Кең түрде кездесетін типтік  қателерді  міндетті  түрде жӛндеп отыру қажет. Егер 

кӛңіл  аудармайтын  болсақ,  баланың  сӛйлеуі  ұзақ  уақыт  бойында  дұрыс  болмайды. 

Педагогтардың  байымдауынша,  баланың  сӛздері  мен  фразаларын  анекдот  ретінде  айтып 

отыруға  болмайды,  әсіресе  баланың  кӛзінше.  Балалар  ересектерді  күлдіргенін,  кӛңілін 

кӛтергенін мақтаныш етіп, енді әдейі дұрыс сӛйлемеуді бастайды.  

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет