Психолингвистика пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет34/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   104
Байланысты:
p170220161

Негізгі  тіреу  сӛздер  класы  баяу  кеңейеді  -  әр  айда  бірнеше  ғана  негізгі  сӛздер  қосылып 

отырады.   

 

 

Бала сӛздері 



Мағынасы 

(89)  More page 



Тағы оқы 

90 


More wet 

Шалшықта тағы жүргім келеді 

91 


More car 

Тағы да машинамен жүргім келеді 

92 


More higt 

Жоғарыда тағы бар 

 

Келесі  синтаксистің  даму  сатысы  –  түрлі  қызметті  атқараты  дамыған 



синтаксистік  формалар:  біріктіру  (93);  атрибуция  (94);  меншіктік  (95);  орналасу  мекені 

(96); Субъект-объект қатынасы (97).  

(93) Мен саптыаяқ және стақан кӛремін

(94) Бұл мейрамдық шляпа

(95) Бұл Катяның шұлығы.  

(96) Свитер орындықта.  

(97) Катя допты лақтырады

Сосын иерархиялық құрылымдар пайда болады. Бала бір фразаларда баяндауыш 

тобымен  айта  бастайды,  одан  кейін  оны  бастауыш-баяндауыш  тобына  ауыстырады  (98-

100). 


(98) – Хочу это... Саша хочет это.  

(99) Want this...  Andrew *want this  

(100) Строит дом. Кэтрин строит дом.  

Л.В.Щерба  психолингвистикадағы  эксперимент  жайында  жазғанда,  түсініксіз 

немесе  түсінілуі  қиын,  сондықтан  да  ӛз  мақсатына  жетпейтін  қандай  да  бір  сӛйленім 

ретіндегі  теріс  тілдік  материал  (отрицательный  языковой  материал)  ұғымын  енгізген 

болатын. Оның пікірінше, бала теріс тілдік материалды жасайды, алайда ӛзіне қажетті бір 

затты дұрыс сұрауды «үйренеді», себебі оның түсініксіз ӛтініштері орындалмайды.  

Синтаксисті  меңгеру  интонацияны  -  мелодика,  ритм,  тепм,  интенсивтілік, 

акцентті  қатар,  темр,  тон  жоғарылығы,  паузалардан  және  т.б.  құралатын  сӛйлеу 

элементтерінің  жиынтығын  меңгерумен  де  байланысты.  Бұл  элементтер  сӛйлеуді 

фонетикалық  ұйысымын  (организация)  құрайды  және  түрлі  мағыналарды,  соның  ішінде 

синтаксистік  мәндерді  білдіру  тәсілі  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  олар  сӛздерге 

эмоциональды,  экспрессивті  реңк  білдіруге  кӛмектеседі.  Негізгі  және  қосымша 

информацияны  білдіруге  кӛмектесетін  интонациялық  құралдарды  дұрыс  пайдалану 

қабілеті де жеке тұлғаның тілдік дамуының кӛрсеткіші болып табылады.    

Бала  тіліндегі  синтаксистің  дамуы  ересектердің  тілдік  қарым-қатынасына 

баланың да қосылуымен байланысты. Мұның ӛзі баланың қажеттіліктерін қанағатандыру 

мүмкіндігімен шарттанған. Бұл тілдің дамуына әсер етеді.  

 



 

35 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет