32
Н.О.Рыбникова, А.Н.Гвоздев, Т.Н.Ушаков, Ч.Полдуина және т.б. бала тілін
зерттеушілердің еңбектері бала ӛмірінің ағашқы жылдары қажырлы сӛз шығармашылығы
кезеңі болып табылатынын кӛрсетеді. Бірқатар «жаңа» сӛздер барлық балалардың тілінде
дерлік (56) байқалады, басқалары тек жеке балаларда ғана кездеседі (57).
(56) всехний, всамделишный
(57) – Какой ты *диктун, папа!
Т.Н.Ушаков үш жастан алты жасқа шейін баланың жаңа сӛздерді шығаруының
бірнеше принциптерін ұсынады:
а) Қандай да бір сӛздің бӛлшегі тұтас сӛз ретінде қолданады. Сӛз сынықтары
(слова-осколки) пайда болады (58-61),
Бала сӛздері
Мағынасы
(58)
*пах
запах
(59)
*прыг
прыжок
(60)
*лепь
То, что слеплено
(61) – Мы леплили-лепили, и получилась *лепь.
б) Сӛз түбіріне «бӛтен» қосымшаның жалғануы – бұл да баланың жаңа сӛз
жасауындағы ӛте кең тараған әдіс (62-69).
Балалар сӛзі
Мағынасы
(62)
*правдун
говорящий правду
(63)
*пахнота
запах
(64)
*сухато
сухость
(65)
*иметель
тот, кто имеет
(66)
*пахнючий
тот, кторый имеет сильный запах
(67)
*умность
ум
(68)
*радование
радость
(69) – Пурга кончилась, осталась толька *пургинки (снежинки).
в) Бір сӛз екі сӛзден құралады («синтетикалық сӛз»). «Синтетикалық сӛздерді»
жасау барысында ұқсас дыбысталатын сӛздердің бӛлшектерінің бірігуі болады (70-73).
(70) *ворунишка = вор + врунишка
(71) *вкуски = вкусные + куски
(72) *колоток = колотить + молоток
(73) *улиционер = улица + милиционер
А.Н.Гвоздев «сӛз сынықтарының» пайда болуын түсіндіре отырып, баланың
сӛйлеуді бастай отырып, алдымен сӛзден екпінді буындарды алатына назар аударған. Бала
молоко сӛзінің орнына
ко, кейінрек –
моко, соңынан
молоко деп дыбыстайды. Осылайша
бала тілінде «сӛз сынықтары» пайда бола бастайды.
Осы әдіспен түрлі етістіктер мен сӛз тіркестері бірігеді (74, 75).
(74) *бабезьяна = бабушка обезьяны
(75) Я - *мапина дочька = мамина и папина
Сонымен, сөз шығармашылығы да ана тіліндегі әдеттегі сӛздерді меңгеретіні
секілді қоршаған адамдардың балаларға беретін сӛйлеу стереотиптеріне еліктеуге ие.
Тілдік шаблондарды (речевые шаблоны) меңгере отырып, балалар суффикстерді,
жалғауларды қолдану ережелерін түсінуге тырысады. Дегенмен де, олар тілде жоқ, бірақ
принципінде мүмкін жаңа сӛздерді әдейі жасамайды. Балалардың неолигизмдері тілдің
заңдылықтарына әрқашан сәйкес келеді және грамматикалық жағынан дұрыс, тек тіркесуі
- кездейсоқ.
Осылайша, сӛз шығармашылығы – ана тілінің грамматикасын игеруде әрбір
баланың басынан ӛтетін этаптардың бірі. Ортақ түбір және аффикстік элементтертері бар
33
кӛптеген сӛздерді қабылдау және қолдану нәтижесінде баланың миында қолданылатын
сӛздерді бірліктерге бӛлшектеудің (лингвистикада морфема деп аталады) аналитикалық
процесі жүреді.
Бала есейе келе сӛз шығармашылығы тоқтай бастайды: бес жасында-ақ бала
ересектер қолданатын сӛз тіркестері оралымдарын меңгереді.
Соңғы жылдары психолингвистикалық әдебиеттерде сӛйлеудегі индивидуальді
ерекшеліктер мен тілді игеру стратегиялары тақырыптарын қозғайтын еңбектер пайда
болды. Кӛбінесе тілді игерудің минимум екі стилі ерекшеленеді. Бірқатар балалар тілді ең
алдымен затты нұсқау, кӛрсету мақсатында (referential purposes), басқалары ӛздерінің
эмоциясын білдіру мақсатында (expressive purposes) үйренеді. Алғашқылары жиі зат
есімдерді қолданады, екіншілері – есімдіктерді. Сондай-ақ, бірқатар балалардың тілді
ӛзгеше (необычно) қолдануы да айтылып жүр. Айталық ағылшын тілінде сӛйлейтін бір
бала үш ай бойында фонологиялық трансформация кӛмегімен (сӛз бӛлшегінің
қайталануы) болымсыздықты білдіріп отырған (76-79).
Бала сӛзі
Мағынасы
Болымды
Болымсыз
(76) wati
су
(77) watiti
су жоқ
(78) up
жоғары
(79) upapa
жоғары немесе тӛмен
Мұндай фактілер балардың тілінің дамуы ӛзінідік ерекшеліктерге ие болуы
мүмкін екенін дәлелдейді.
Дегенмен де балалар индивидуальды ерекшеліктерге қарамастан, ата-ананың
мақсатты әркеттерінің әсерне тәуелсіз түрде ана тілін бір уақытта меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: