Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын


Сөйлеу( орыс. речь, говорение)— адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті



бет6/7
Дата15.10.2023
өлшемі47,56 Kb.
#115345
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психоло Кулекенова 23 24

Сөйлеу( орыс. речь, говорение)— адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты.

Коммуникативті сөйлеу- Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады.
Монологтық сөйлеу –Мұнда айтылуға тиісті ойпікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі
Диалогтық сөйлеу –екі немесе бірнеше адамның тілдесуі,оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады.
Үнсіз сөйлеу –Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды.
Жазу сөзі – мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда, ойпікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді.


Сезім – бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгісі.
эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді
, Сезім эмоциялар арқылы байқалады.
Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезім болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлері тән.
Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз —адамның басқа адамдарға, өзіне, коршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі.
Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз.
Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім ("стиеяос" — грек сөзі, қазақшалағанда — күш деген мағынаны береді). Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.
Астеникалық сезім дегеніміз адамның белсенділігін, қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.
Астеникалық сезім ("астенос" - грек сөзі, казақшалағанда - әлсіздік мағынасында қолданылады). Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.
И.П. Павлов эмоцияны инстинктерге жақындатты. Сезімдерді ол бас ми қыртысының жартышарлары қызметі ретінде қарастырды, адамда әр уақытта екінші сигнал жүйесімен байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет