Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс
Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Қиял түрлері:Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді.
Пассив қиял-адамның ояу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады.
Актив қиял-адамның саналы түрде мақсат қоюмен байланысты о.браздардың әдейілеп жасалуы. Актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып ушке бөлінеді.
Ерік – адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе – мақсат қою,соған талпыну.Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.Адамның іс әрекеті екі түрлі. Оның бірі – еріксіз әрекеттер.Мәселен, жөтелу, көздің ашылып-жұмылуы, шашалу, түшкіру т.б. Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші – ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл – мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады.
Адамның іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің еркі – жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ жоспарлаған ісін аяқсыз қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар.
Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылығы. Дербестік – белгілі істі, мақсатты орындауда бөтен адамдардың жетегінде кетпей, өз білімімен, жігерлігімен, сенім-қабілетімен шешуге тырысу. Бұл – ерікті қасиеттің кемелденген түрі. Бұған қарсы ұнамсыз түрі - өзгенің сөзіне еріп, иланғыштығы. Батылдық – адамның шешімді батыл қабылдап, ауытқу дегенді білмеуі. Істеген жұмысын дәйектеп, оны жүзеге асыруы. Батылдық ерлікпен байланысты. Еріктің бұған керісінше ұнамсыз түрі – тартыншақтық. Табандылық – қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жігерлілік таныту. Бұл сапаға қарама-қарсы ұнамсыз сипат – қасарысушылық, қиқарлық, ынжықтық. Адамның өзін-өзі билеуі ұстамдылық, сабырлылық арқылы байқалады. Бұл – еріктік қасиетінің жоғары сапасы. Мұндай адам өзін мақсатты ісін орындауға бейімдеп, өзіне талап қояды. Кездескен қиыншылықтарды, жалқаулықты, қорқынышты т. б. жеңе біледі. Көңілі соқпаған қызықсыз істерге де өз бойындағы күш-қуатын жұмылдыра алады. Еріктің бұл сапасы адамның өзін-өзі тежеп, ашу-ызаға, күйгелектікке берілмеуіне ықпал етеді.