4. Рефлексивті - сананың бір түрі өзіндік сана болып табылады. Адам өзінің ойларымен қылықтарын талдайтын, өзін бағалайтын үрдіс болып табылады.
Іс-әркет әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетінпроцесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Іс әрекет адамның дүниесімен қарым-қатынас тәсілі. Іс әркет барысында адам табиғатты, қоршаған ортаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъектісі етеді.
Іс-Әрекет түсінігі мен құрылымы. Іс-әрекет әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Іс-әрекет адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс- әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі 4 түрі бар.
Олар: -енбек -оку -ойын -карым-катынас. Еңбек әрекетінің мәні өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек - өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі алдын ала болжанған жоспарланган. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы максат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы еңбек психологиясы карастырады.).
Іс-әрекет. Іс-әрекет түрлері мен құрлымы.
Психологиялық ғылымда "тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде филасофиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деғен сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларыныд әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: "Бір жағынан, он нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтнжесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Жеке тұлға. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы, типологиясы