Үшіншісі: шығармашылық Қуанышын қолдайтын оқудың жалпы эмоционалдық фоны. Тұлғалық дамудың осы қырына жүгінетін барлық психологтармен өзін-өзі жетілдіруге арналған позитивті көңіл күй маңыздылығы атап өтілген. Қуаныш, күлкі, бақыт сезімі, сын пікірсіз қабылдау, тілектестік, тапсырмаларды ойын және шығармашылық түрінде қабылдау, өзін-өзі әзілдеу сияқты сезімдер жағымды энергиялармен педагогикалық қарым-қатынас үрдісіне рең береді. А. Маслоу теріс эмоциялар, шиеленіс және жанжалдар энергияны жұтатып, тиімді қызмет етуге кедергі келтіретіндігін атап өтті.
Осы үш пункт топпен жұмыс істеу барысында да, мектеп сыныбымен жұмыс кезінде де, оқушымен жеке жұмыс үстінде де педагог музыкантқа бірдей қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |