Музыкалық білім беру ортасы тұлғаның жеке әлемі мен жанды музыкалық тәжірибе арасындағы «көпір» немесе «шлюз» болып табылады. Әлбетте, бұл көпірді айналып өтіп, музыкалық өмірдің ашық тәжірибесінен де үйрене беруге болады, алайда бұл жағдайда индивид өзі тап болған кездейсоқ «көше» ортасында қолжетімді музыкалды ақпаратты танудың әдістері мен тілін ғана үйрену қаупі туындайды. Осындай «бақылаусыздық» сирек жағдайларда ғана музыкалық мәндер мен оның жанрлық стильдік нысандарының алуан түрлілігін түсіне алатын және өз бетімен үйренетін дарындылықты туындатады.
Музыкалық білім педагогикасы музыкалық сананың сезімдік толқыту негізін дамыту құралдарының молдығына ие. Вербалды әдістер мен амалдар қатарында баланың эмоционалды дамуына вербалды емес тәсілдердің маңызы зор.
Музыкалық білім үрдісіндегі педагогикалық ықпал ету оқушы тұлғасының эмоционалды және музыкалы дамуының ажырамас бірлігі жағдайында ғана орын алады.
Музыкалық білім педагогикасының методологиялық аспектісін шығармашылықтың шынайылыққа, адамдардың шынайылыққа, адамдармен, жағдайлармен, құбылыстармен қатынасы сияқты кең ұғымда қарастырса, музыка мұғалімінің мүмкіндіктері бірнеше мәрте артады.
Индивидуалдыққа бағытталған, кәсіби музыкалық білімде, әдетте Мұғалім шебер бейнесін үлгі тұтар жан ретінде насихаттайтын достық «шығармашылық мінез-құлық үлгісіне» қолдау көрсетіледі. Осы жағдайдағы әлеуметтік жәрдем ретінде орындаушылық, сазгерлік эксперимент жасау немесе концерттік қызметтегі жеке шығармашылық жетістіктер қарастырылады. Жалпы музыкалық білім беруде креативтілікті белсендіру жағдайлары көп күш жұмсау арқылы ғана орындалады. Өзінің шығармашылық әлеуетінің жалпы мектептік музыкалық білім процесіндегі қажеттілігін есіне түсіре алатын шығармашылық тұрғысынан дамыған тұлғалар көп пе екен? Бұл мәселе мектептегі музыка мұғалімдерінің алдында тұрған күрделі тапсырма болып табылады және көптеген психологиялық факторлар мен жағдайларға, бірінші кезекте, ұжым жағдайында креативті баламен тіл табысуға дайын еместігі салдарынан болады. Креативті емес білім алу ортасы адамның өмір бойы өзімен қалатын тұлғалық құрылымдар мен комплекстер туындатады: қате түсінік, өз күшіне сенбеу, әріптестеріне сенімсіздік, пікір, көзқарас ебедейсіздігі.
Оқырманға ұсынылған және талданған креативтілік белгілері музыкалық шығармашылық кілтінде қайта ойластырылып, музыкалық креативтілікті анықтайтын және педагогикалық культивация жағдайындағы оның дамуына әсер ететін психологиялық факторлар ретінде ұсынылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |