Музыкалық психология тәжірибелік және ғылыми мүдденің бірнеше қырларын ұсынады:
музыканттарды тәрбиелеу мен оқытуға байланыста педагогикалық қыры;
музыкатануда, ол бірінші кезекте музыкада сезімді және музыкалық шығармада әсердің қалыптасу үрдісін көрсету мәселесімен байланысты;
әлеуметтік-психологиялық, ол музыканың қоғамдық санадағы таралу заңдылықтарына қатысты;
жеке психологиялық, ол адамның психикасы, оның эстетикалық қажеттіліктері мен шығармашылық көріністерін зерттеудің жалпы міндеттері тұрғысынан ғалымдарды қызықтырады.
Тек музыкатану тұрғысынан музыкалық психологияны қолдану саласы музыкалық қызметтің барлық түрлерін қамтиды: музыка құрастыру, қабылдау, орындау, музыкатанушылы талдау, музыкалық тәрбие.
Музыкалық білім беру бұл тұлға мен тәжірибелік музыкалық интонациялау антропологиясы деп түсінуге келіскен әлемдік музыкалық қазына арасындағы тығыз қарым қатынас нүктесі. Яғни, осындай қарым қатынас кезінде жан мен тәннің кездесуі және тілдесуі орын алады.
Музыкалық білім психологиясы дифференциалды және музыкалық психология, педагогика, музыкатану, өнер тарихы мен психологиясы, этнология және антропология, музыка мен адам философиясы сияқты бірқатар ғылымдардан алынған фундаменталды ережелерді және білімнің жаңа сапасына айналдыратын және біріктіретін ғылыми кеңістіктің қолданбалы саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |