Байланысты: Психология және музыкалық білім педагогикасы
Төртінші: оқушының дербес, тәуелсіз шығармашылық актілерін ынталандыру, соның ішінде музыкалық туындылардың көркем мәндік интерпретациясын іздеуде ғана емес, бірегей үйлесімді (психофизиологиялық) тұлғалығымен ерекше-ленетін музыкант орындаушыны, оның оқушысын «жанды қозғалыста» іздеу (Н.А. Бернштейн), яғни өз әрекеттері мен табыстарының авторлығы мен даму таңдауын ынталандыру.
Бесінші: оқу шеңберінен және педагогикалық бағалауынан тыс оқушының өз қабілеттерін іске асыру және Бақылаусыз іс-шара туындысының толығуы бойынша оқушының көпшілік алдында сөз сөйлеуін ұйымдастыру, яғни оның әртістік қабілеттілігін дамыту (оның өзін-өзі бағалауы және оның өзінің санасындағы орындауының тыңдаушыларға әсер етуін бағалауы). Осындай шығармашылық бастамашылықты және жауапкершілікті көтермелеу оқушының көпшілік алдындағы сөз сөйлеуін қолдаумен қамтамасыз етіледі. Қалыптасып келе жатқан оқушының «мен» сезімінің талаптары немесе өзін-өзі дамытуға қажеттілігі әдетте сахнадағы «күйзеліс шыңы» сезімінен ажыратуды қабылдау.
Мүмкіндіктің соңғы қыры, жеке орындаушылық класстағы орынды нәрсе: оқушының концерттен кейінгі эйфориялық сезімін (егер орындау оқушының көңілін көтеріп, сергектік сыйласа) «шаттық аралында» орнықтыру үшін (Г. Нейгауз айтуы бойынша) пайдалану. Өзін-өзі танудың осындай кезінде, мүмкіндіктер шекарасы кеңейіп, психологиялық қорғау мен психофизиялық табиғат жоғалады.
Музыкалық білім беру саласында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәні оқу бағдарламаларын, әдістемелерін жасауға елеулі үлес қосқан – ғалым педагог Ш.Б. Құлманова өз еңбегінде бастауыш сынып оқушыларын халық музыкасы арқылы тәрбиелеу мүмкіндіктерді олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, ерік, сезім, дауысқа қатысты мүшелер: есту мүшесі, дауыс мүшесі, тыныс мүшелері) және музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ, музыкалық ес) ескерумен айқындалады.
Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсерықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.
Егер адамзат өркениетінің тарихына көз жүгіртер болсақ, таңқаларлық бір фактіні көрмеске болмайды: кемеңгер және таңғажайып дарынды адамдар көпшілік жағдайда бір таңқаларлық заңдылықпен қай жерде болмасын жарқ етіп, топ болып дүниеге келген. Болжамдардың бірі бұның себебі белгілі бір ортада дарындылық, шығармашылық, қызмет түріне ынталандырды дегенді алға тартады. Бұл адамдардың барлығы тұрақты дәстүрі бар бір топқа тиесілі, бір әлеуметтік сабақтастыққа бекітілген. Бір бірімен қарым-қатынаста, бір біріне өзара әсер етуде, сондай-ақ олардың шығармашылықтары бағалаушылардың тар шеңберінде ғана емес, еркін қала адамдарының арасында кең көлемде қажеттілік ие болуының арқасында – олардың барлығы өздеріне берілген артықшылықтарды дамытуға мүмкіндік алды. Бұл мәселенің музыкалық тұрғыдан дарынды балаларды оқыту мен дамытуға байланысты кейбір аспектілері ұсынылып отырған жұмыста қарастырылады.
Балалардағы дарындылықты психологиялық зерттеу мен айырықша балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты психологиялық педагогикалық мәселелерді шешуге ұзақ уақыт бойы елімізде басты назар аударылды. Қоғамда басым сипатқа ие идеологияға сәйкес ерекше қабілетті балаларға ерекше көңіл аударудың қажеті жоқ саналды, себебі барлық балалар бірдей, олардың әрқайсысында қажетті кез келген қасиетті «қалыптастыруға» болады деп есептелді. «Артықшылық», «дарындылық» ұғымдарының шеңбері бір идеологиялық, зиянды нәрселер қарастырылды.