Әлеуметтік жағдай өзгерісі: бала алғаш рет отбасынан тыс ортаға шығады, ересек адамдар өміріне араласады.
Әлеуметтік жағдайдағы қарсылықтыр: бала – қоғамның бір мүшесі, ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өз қатарластарымен тең дәрежедегі қарым-қатынас орнай бастайды.
Мектепке дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті
Ойын – адам әрекеттерінің негізгі мән – мағынасын игереді. Мұнда ересектер әрекетінің амалдық-техникалық қыры қысқартыла қайталанады.
Ойын әрекетінің пәні: белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын ересек адам.
Ойын әрекеті арқылы бала осы шақта әрекеттің ішкі жобасын құрып үйренеді.
Сюжетті-рөлдік ойынның құрылымы
Бірлік, орталық ойын – баланың өзіне алатын рөлі. Балабақшада өмірде бар барлық кәсіп әрекет түрлерін көруге болады. Бала әр кәсіпті жалпыланған, белгілік сипатта қайталайды.
Ойын әрекеті – амалдық-техникалық қырларынсыз, таңдамалы сипатты.
Ойын белгілері – бала үнемі бірге ойнайтын адамның болуын қалайды, мұнда адамдар арасындағы қарым-қатынас моделінің жүйесі құрылады.
Ереже – қойылған талаптарды орындағанына бала алғаш рет қуанады. Ойын барысында бала пациент тәрізді жылайды, ойыншы тәрізді қуанады. Бұл ырықсыздықтың даму жолы.
Ойынның психикалық дамудағы орны
Ойын әрекеті – ырықты психикалық процестердің дамуына, зейін, есте сақтау процесстерінің дамуына ықпал етеді.
Бала – заттың орынбасары: ойын барысында бала затқа нұсқау бере отырып, зат рөлінде өзі соны орындайды. Зат – орынбасар ойлауға негіз болады.
Рөлдік ойын кезінде баланың қиялы, қарым-қатынас дағдылары, сезімдері, еркі дамиды;
Ойын әрекеті кезінде оқу әрекеті қалыптасады;
Ойын кезінде рефлексивті ойлау қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақыт бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылағанына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын есіте алады.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекеттерін игеру.
Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі балалардың игеруі. Сәбилік шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттер жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады. Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз – қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда болған, адамдар оны үлгі, өлшем ретінде пайдаланады. Адамзат бұларды әдеттегі жеке түрлерге келтіріп реттей біледі, бұл айналадағы дүниені қоғамдық тәжірибе айнасынан көргендей қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кез келген заттың пішінін белгілі геометриялық фигураға ұқсастыруға немесе кеңістіктегі белгілі тәртіппен орналасқан осындай бірнеше фигураның үйлесімі ретінде қабылдауға болады. Мұнда әңгіме сөз түрінде бейнелеуде болып отырған жоқ, біз заттардың қасиеттерін өзімізге таныс үлгілердің жеке түрлері мен үйлесімі ретінде қабылдаймыз. Эталонның әр түрі жеке үлгілердің жай ғана жиыны емес, берілген қасиеттің жеке түрлері белгілі бір тәртіппен топталған, айқын белгілері бойынша дәлме-дәл ажыратылатын жүйе болып табылады.
Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Және ол қарапайым пішіндерді бейнелеп, оларды берілген түске бояй алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар – бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттер мен сапаларының үлгісі).
Әсерленушілік пен білуге қумарлық қашналықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б. қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.