Психология кафедрасы


Бастауыш мектеп оқушысының ойлау ерекшеліктері



бет13/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Бастауыш мектеп оқушысының ойлау ерекшеліктері
Психикасы қалыпты дамыган баланың ерекшелігі - танымдық белсенділік.
Бейнелік немесе образдық ойлау: бұл бастауыш мектеп оқушысының негізгі ойлау түрі, мұнда бала мәселелерді іштей шешеді.
Логикалық ойлау: бастауыш мектеп оқушысы логикалық ойлай алганымен бұл әзірше оқуга қатысты синзетивті кезең.
Сөз-логикалық ойлау: оқыту жүйесі ойлаудың осы түрін дамытуга бағыттала қүрылган.
Теоретикалық ойлау: ғылыми ұгымдарды меңгеру барысында мектеп шағында қалыптасатынойлау түрі.
Бастауыш мектеп оқушысы тілінің даму. Бастауыш мектеп оқушысы ана тіліндегі жүйелерге бағдарлана бастайды: дыбыстық, грамматикалық.
Жазу тілі арқылы сөйлеуі дамиды. Жазу тілі арқылы бала хат таниды. Жазу тілінің дамуы - оқу, жазу дағдаларын меңгертеді, дыбыс пен әріп арасындағы ассоциацияларды қалыптастырады, бұл даму процессі болып табылады.
Бастауыш оқушыларының әрекеттер мотивтері: дидактикалық ойындар, оқу, құрастыру және т.б.
Баланың тұлғапық даму деңгейі еріктіліктің пайда болуы сияқты психологиялық жаңақұрылымдармен байланысты:
- психикалық үрдістер мен әрекеттің еріктілігі (бүкіл үрдістің еріктік басқарылуының күшеюі);
- әрекеттің ішкі жоспары;
- әрекет мотивін бағындыру;
- рефлексия;
- өзіндік сана (ішкі бағдардың қалыптасуы) және оның жемісі;
- өзіне-өзі баға беру.
Бастауыш мектеп оқушысының әлеуметтік статусы мен"Мен"-концепциясы
1. Бастауыш мектеп шағының соңында баланы тұлға деп атауға болады.
Оқу әрекеті баладан қатарластарына бағытталған, ойлау әрекетімен байланысты ерекше түрдегі рефлексияны талап етеді.
Мотивация - тұлға негізі. Ол оқу әрекетінің ішкі (танымдық) және сыртқы (стимулдар негізінде оқу) мотивтерін түзеді. Намысы оянады.
Ересектермен қарым-қатынасы ерікті бола бастайды, ол қарым-қатынас белгілі саналы қабылданған міндет-нормаларға, ережелерге багынады. Ал өз құрдастарымен қарым-қатынастары тығыз бола түседі.
Қарым-қатынас типі кооперативті жарыс түрінде дамиды. Жоғары сезімдері ерекше қарқынмен дамиды, әсіресе адамгершілік: жолдастық, жауапкершілік.
Баланың психологиялық дамуының кезеңденуінде мектепке дейінгі жас 3 жастан 7 жасқа дейінгі нақтылы шектеулерге ие. 7 жастағы дағдарыс өтпелі кезең ретінде қызмет атқарады.
Дегенмен, қазіргі таңда көптеген балалар оқу әрекетіне 6 жастан кіріседі. Осы орайда талқылауды қажет ететін көптеген сұрақтар туындайды. 6 жасар бала мектепке оқыса, оның жедел дамығаны ма? Осы жаста мектеп қызметіне кіріскен пайдалы ма және оқу қандай сипатта болуы керек? Барлық балалар 6 жастан бастап оқи ала ма? Мектепке психологиялық дайындық дегеніміз не?
Алты жасар балалармен жұмыс істейтін психологтардың барлығы бір қорытындыға келеді: алты жасар бірінші сынып оқушылырының көпшілігі психологиялық даму деңгейі жағынан мектепке дейінгі балалар секілді. Олар мектепке дейінгі жасқа тән ойлау ерекшеліктерін сақтап қалады; оларда еріксіз жады басым рөлге ие (қызықты нәрсе ғана жатталынады): зейіннің ырықсыз , бала бір істен тек 10-15 минут қана өнімді айналысуға қабілетті.
Алты жастағы балалар тұлғасының ерекшеліктері оқыту процесінде қосымша қиындықтар туғызады. Оқыту міндеттеріне тән танымдық мотивтер әлі тұрақсыз және жағдайлық сипатта. Балалардың басым көпшілігіне тән өзін асыра бағалау олардың педагогикалық баға критерийлерін түсінудегі қиындықтарға алып келеді.
Олар оқу әрекетіндегі бағасын жалпы тұлғалық баға санайтындықтан, «Сен дұрыс істеген жоқсың» деген мұғалім сөзін «Сен жамансың» деп ұғынады. Кері бағалар мен ескертпелер алған бала уайым қауіп сезініп, оқушылардың көпшілігі пассивті күйге түсіп, бастаған жұмысын тастайды немесе мұғалім көмегін қажетсінеді. Баланың эмоционалдық жағдайына байланысты мінез-құлық тұрақсыздағы олрадың қарым-қатынастарын және сабақтағы ұжымдық жұмысын күрделендіріп жібереді.
Шындығында, алты жасар балаларды оқыту қиын, сондықтан мұндай оқыту оларды даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі керек. Әлемдік тәжірибеде алты және одан да ерте жастан оқытудың үлкен тәжірибесі жинақталған. Алты жасар балаларды оқыту арнайы режимді (сабақтың ұзақтығы (35 минуттан көп емес, үзділістерде жаттығулар, ойындар немесе серуендер, күндізгі ұйық, үй тапсырмаларының берілмеуі және т.б.), оқу материалдың шағын көлемін (бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес), дамытушылық сабақтардың мол көлемін (дене шынықтыру, ән-саз, ритмика, бейнелеу өнері, еңбек), денсаулық жағдайын медициналық бақылауды, арнайы оқыту бағдарламалары мен әдістерін қамтиды. Көптеген мектеп директорлары мен мұғалімдерінің осындай оқыту принциптерін жүзеге асыруға талпынғанына қарамастан, бірқатар проблемалар, ең әуелі психологиялық мәселелер.
Алты жасар балалар дамуын кешенді зерттеу көрсеткендей, балалар бала бақшаның дайындық тобында өздерін жайлы сезінеді. Бала бақша жағдайлары бала үшін қолайлы болатындығынан баланың жаңа оқу қызметіне бейімделу процесі жеңілдемейді. Басты себеп – бала бақшадағы өмір тынысының осы жастағы бала психологиялық даму деңгейіне көбірек сәйкес келетіндігінде. Әлеуметтік тұрақсыздығының, жаңа жағдайлар мен қарым – қатынастарға бейімделу қиындығының салдарынан алты жасар бала тікелей эмоционалдық қатынастарға мұқтаж болады, ал мектептік оқытудың қалыптасқан жағдайларында бұл мұқтаждық қанағаттандырылмайды.
Психологтар мен педагогтар алты жастан оқытуды қолдайтынын, не қолдамайтындығы жөнінде сан түрлі уәж келтіруде. Бұл жастан бастап оқытуға қарсы пікір білдіргендердің бірі Д.Б.Эльконин. Ол балалар мектеп жасына интеллектуалдық тұрғыда жетілуі керек деп жазады. Мектепке дейінгі балалық шақтың бір жасқа қысқаруы балаларды қалыптасып қойған даму процесін бұзып, пайда әкелмейді.
Д.Б.Эльконин алты жастан бастап оқытуды ұйымдастырудың орнына бала бақшалардағы дайындық топтары жүйесін кеңейткен тиімдірек деп есептеген. Бала алты жастан қайда білім алса да, мұғалім мен тәрбиеші оның жас ерекшеліктерін ескеруі керек. Мысалы, алты жастағы бала тез шаршаса, сыныпта қызметтің сан алуан түрлерінің жиі алмасып отыруын қамтамасыз ету қажет.
Сабақ жалпы тақырыпты қамтыған бірінші білімнен құралуы керек. Дәстүрлі оқыту әдісіне тән тапсырмаларды беруге болмайды. Сол үшін сабаққа ойын элементтерін енгізіп, арнайы дидактикалық және дамытушылық ойындарды ұйымдастырған дұрыс.
Алты жастан ерікті мінез-құлықта әлі біршама қиындықтар орын алады, себебі мектеп жасына дейінгі кезеңде еріктілік енді қалыптаса бастайды. Оның үстіне, алты жасар балаларда әлеуметтік нормалар мен ережелерге сүйенетін қызметтің регуляциялық механизмі толыққанды қалыптаспайды. 6 жасар балалармен авториторлық қатынас стилі тіптен қажет емес, балалардың көңіліне әрдайым түсінікпен қараған жөн.
Ал егер бала жас ерекшеліктері жеткілікті түрде ескерілмейтін қалыптасқан мектептік оқыту жүйесіне түссе ше? Мектепке жүргізілген кешенді зетрреулер көрсетілгендей, қолайсыз жағдайларда балалардың денсаулығы көбіне нашарлайды, салмағы азайып, қандағы гемоглобин мөлшері кемиді, көру қабілеті төмендеп, бас аурулары жиілейді. Денсаулығы нашарлыған бала жиі ауырады. Жұмыс істеу қабілеті төмендеп, оқуын тастауға дейін баруы мүмкін. Жекелеген жағдайларға невроздар, мектепке бейімделмеу пайда болады.
Барлық алты жасар балалар бейімделу қиындықтарына кезігеді. Олар физикалық та, психологиялық та жағынан қиналады. Кейбіреулерінде әлсіздік, жылау пайда болып, тәбет пен ұйқы бұзылады, ашуланшақтық пен ызақорлық бойын билейді. Балалар мектептегі жүктемелерден шаршайды. Шаршау еркеліктер мен ызаға әкеледі.
Баласының дамуын бақылаған В.С.Мухина мынадай аффектілі реакцияны байқаған: «Мен ойнағым және серуендегім келеді. Мен көп сабақ оқыдым, енді оқығым келмейді.»
Салыстармалы қолайлы оқыту жағдайларында психологиялық ызақорлық әдетте 1,5-2 айдан кейін төмендей бастайды. Қаталдау жағдайларда ол психологиялық және соматикалық тұрғыда кері эффектіні туғыза отырып, сақталады.
Сонымен алты жасар баланың мектепте білім алу керектігі туралы мәселе дербес ерекшеліктерге ие. Баланың алты жаста мектепке баруы керектігін немесе бір жыл күте тұру қажеттігін шешу – оның оқуға қаншалықты дайын екендігін анықтау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет