Психология кафедрасы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет11/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Даму психологиясы ,оқулық ,М. Қ. Бапаева, 2017 ж
2. Психология және адам дамуы: оқу құралы. - Алматы: : Қазақ университеті,, 2017. – 186 б.Қасымова Р.С., Төлешова Ұ.Б.
3. К.Ж.Төребаева. М.Н.Есенғұлова.Психологиялық-педагогикалық диагностика. 2018.
4. ПСИХОЛОГИЯ И РАЗВИТИЕ ЧЕЛОВЕКА. СХЕМЫ Лазарева Е.А., Жансерикова Д.А., Сабирова Р.Ш. , 2019 (https://aknurpress.kz/
5. Қойшиев, Қ.Е. Даму психологиясы [Электрондық ресурс]: электрондық оқу құралы / Қ.Е. Қойшиев.- Электрон. дан.224Кб.- Шымкент, 2016.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM).


3-лекция


Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық даму
1. Мектепке дейінгі жастағы балалар дамуының әлеуметтік жағдаяты
2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жетекші іс-әрекеті
3. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы
4. Баланың мектепке психологиялық даярлығы


Сабақтың мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуына


Мектепке дейінгі жастағы балалар дамуының әлеуметтік жағдаяты
Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өседі, әрі салмағы артады. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес. 3 жаста бала тек 1 см қосады, 4 жаста 4 см, 6 жаста – 7-8 см-ге артады, ал 7 жаста – 10 см артады. Мектепке дейінгі баланың бұлшық ет салмағы артады. Қаңқаның сүйектенуі қарқынды жүреді. Ми салмағы ересек адамның көрсет бастауышына жақындайды.
Мектепке дейінгі бала дербес әрі тәуелсіз бола бастайды. Осы кезеңде бала адамның денелік құрылымына қызыға бастайды. Жыныстық айырмашылыққа қарайды.
Мектепке дейінгі жастағы балалрдың жетекші іс-әрекеті
Д.Б.Эльконин мектепке дейінгі кезеңде балаларға ойынның 4 түрі тән деп есептейді:
1) 3-4 жаста – рөлдік ойындар. Бұл ойындарда бала қоғамдағы негізгі әлеуметтік рөлдерді меңгеріп, үлкендерге еліктейді.
2) 4-5 жаста – бейнелік ойындар. Бала әртүрлі тірі және өлі табиғаттың бейнесіне еніп, сомдайды. Мысалы: ол ұшақ болып уілдеп екі қолын екі жаққа жайып айналып жүгііп, «ұшады». Немесе соғыс ойынын ойнап жерге құлап өлдім деп жатып қалады және т.с.с. мұндай бейнелік ойындар балалрдың болашақта біреудің позициясында бола алуына үйретеді. Сондай-ақ әртістік қабілеттерін дамытады.
3) 5 жаста – сюжеттік-рөлдік ойындар немесе режиссерлік ойындар орын алады. Бұл жерде балалр өзара тек рөлдерді ғана бөліп қоймай, ойынның сюжетін құрады.
4) 5-6-7 жастарда ережелі ойындар орын алады. Балалар үшін ойын ережесін сақтау өте маңызды болып табылады. Ережелі ойындар мектепке даярлықта маңызды болып табылады. Себебі болашақта мектеп ережелерін сақтау, мұғалімнің талаптарын орындау белгілі-бір ережеге сүйене білу дағдыларын қажет етеді.
Осылайша егер ерте балалық шақта балалардың ойыны бірнеше минутттан бірнеше сағатқа созылса, бала өскен сайын оның ойынының ұзақтығы артады. Балалардың ойындары бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Ойын бала өмірінің көп бөлігін алады. Ойында баланың ақыл-ойы, танымдық үрдістері, ұйымдастырушылық, қарым-қатынасшылдық, лидерлік, белсенділік және т.б. сияқты тұлғалық қасиеттері жетіледі. Сондықтан ойынның бала психикасы дамуы үшін алатын орны зор.
1-3 жастағы балаға манипуляциялық ойын маңызды орын алса, мектепке дейінгі шақта балалардың негізгі ойыны – рөлдік ойын. Рөлдік ойын кішкентай балалар мен дәрігер немесе мұғалім болам деп белгілі бір адамға еліктеуін туады. Қазіргі заман талабына сай, ойындар, ережелерінің түрлері өзгерді. Психолог Эльконин айтуы бойынша бұрынғы тайпалардың балалардың әке-шешесі бірігіп балық аулаған, егін салуға көмектескен. Сол сияқты қазақтың балалары 4-5 жасынан бастап еңбекке үйреткен.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар сюжеттік – рөлдік ойынмен қатар өнімді әрекет түрін меңгере бастайды, ол да даму факторы болады. Ең маңызды әрекет – сурет салу болып саналады.
Сурет салуды меңгеру бірқатар кезеңдерден тұрады:

  1. Мәні жоқ шимақтарды салу (3 жас);

  2. Формасы жоқ бейнелерді бейнелеу;

  3. Схемалық кезең (4-5 жаста);

  4. Шынға сай суреттер, егер адам болса, оның бөліктері майысқан болады, киімін бейнелейді;

  5. Дұрыс бейнелерді бейнелеу кезеңі.

Бала сурет салғанда көргенін емес, білгенін салады. Сурет әрекеті реалистік немесе эстетикалық бағытта емес, тек мәнерлілік функцияларында орындалады.
Өнімді іс-әрекет түріне суреттен басқа құрастыру, жапсыру жатады. Құрастыру балалардың творчествалық қабілетін артырады да, талдау, абстракция сияқты ақыл-ой амалдарын жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет