Психология кафедрасы



бет22/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
ОФПД лекция жинағы (4)

Тұлғалық құндылықтар.
Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты қаситтерді Қаз дауысты Қазыбек былай суреттейді: Біз қазақ елі мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізді жау басынбасын деп Ордамыздан құт қашпасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз, Басымыздан намысты асырмаған елміз, Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз. Атаның өсиетін балаға, Баланың өнерін атаға Айтып, тарата білген елміз. Құлақтың құрышын қандырып Әділ сөзді халыққа айта білген елміз.
Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде.
Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.
Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады.
Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.
Қазіргі кезеңде тұлғаның əлеуметтену процесінің əдістемелік негізі ретінде өзекті болып отырған концепциялардың қатарына виталистік, универсумдық концепцияларды жатқызуға болады. Виталистік концепция бірінші орынға жекелік жəне əлеуметтік тұрғыдан қарастырғандағы тұлғаның субъектілік сапасын қояды. «Адамның өмірлік күші» жəне «өмірлік кеңістік» деген категорияларды басшылыққа ала отырып, бұл концепцияның жақтастары тұлғаның белгілі бір əлеуметтік кеңістікте жəне уақыт аралығында өмір сүру жағдайларына талдау жүргізеді. Бұл концепцияның түсіндіруі бойынша, тұлға əлеуметтенудің жеке жəне əлеуметтік субъектісі ретінде табиғи-биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік факторлардың нəтижесі болып табылатын өмірлік күші арқылы өзінің өмір сүріп отырған əлеуметтік ортасына, яғни өмірлік кеңістігіне сөзсіз əсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет