Психология кафедрасы



бет24/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Жоғары оқу орнында білім. Көптеген мектеп бітірушілер білім алуды жалғастыруды қалайды. Кейбіреулері өзін қызықтыратын білімді алуға тырыса, келесілері ата-аналарының тілегі бойынша немесе жолдастарына еліктеп барады. Кейбір жастарға қызметте жоғарлау үшін ғана және күйеугі шығу үшін, әскер қатарына алынбай үшін диплом қажет болады. Қазіргі студенттер жоғары оқу орнына білім алудың келесідей артықшылықтарын аттайды: жоғары оқу орны қажетті білім-біліктерді береді, яғни белгілі мамандық беріп ң ересектік өміргең дайындайды, таңдай жасауға мүмкіндік береді. Бірақ жастар білім алуды жалғастыра отырып практикалық тәжірбиеге ие болмай ата-аналарына тәуелді болып қалады. Сонғы жылдары студенттер оқуды жұмыспен араластырады, яғни азды көпті ақша табады. Жастардың нақты жоғары оқу орнын таңдауы олардың тұлғалық бағыттылықтарына, мотивтеріне, құндылықтарына байланысты.

Жоғары оқу орнына түсу мотиві студенттік өмірдің стилін анықтайды. Батыс психологиясы студенттік өмір стилін ерекше субмәдениетпен байланыстырады. Ф.Райс жоғары оқу орнының субмәдениетің төрт типке бөледі.

1. Студенттік субмәдениет деп аталатын бірінші тип жоғары оқу орнын клубқа айналдырыды. Мұндағы өмірдің мазмұны кештермен кездесулер, ішімдік, автомобильдер, спорт болады да, оқу пәндері екінші жоспарға кетеді.

2 тип- кәсіби субмәдениет. Оқудағы мақсатқа бағыттылықты, өзінің кәсіби дайындығын қамтамасыз етуді көрсетеді. Білім алу дүкендегі қажетті азық-түліктер ретінде қабылданады.

3 тип- академиялық субмәдениет. Оның құндылығы диплом емес, білім мен идеялар, пәндерді тереңдетіп оқу, оқу бағдарламасының шегінен де артық болады.

4 тип- нонконформистік субмәдениет. Ол интелектуалды студентерден, жарқын тұлғалардан тұрады.

Жұмыс іздеу. Жоғарғы оқу орнына түскен жастар көптеген қиындықтармен кездеседі. Қандайда бір іс-әрекет таңдауда қиналады. Олардың көпшілігі өзінің болашақ жұмысына деген талаптарды көрсете алмайды, өз ізденісінің негізгі мақсатын білмейді. Жұсысқа ие болған ер балалармен қыз балалар адамдармен қарым-қатынасқа түсу біліктілігін меңгеру керек. Яғни іскер қарым- қатынас техникасын белгілі бір днңгейде біліп, жағымды әсер қалдыра білулері керек. Бұл екі мәселелер тәжірибенің жоқтығына, өзіне деген сенімсіздік байланысты ушығып отыр. Өмір үшін ақша табу, ата-аналарынан материалдық тәуелсіз болу- ең үлкен қиындық. Осы уақытта некеге тұру ерте болып есептеледі. Ерте отбасын құру жұмыс іздеуге итермелейді, кейде өмірлік жоспарды өзгертіп жоғары оқу орныныдағы оқуын тастауына себепші болады.

Отандық және шетел зерттеушілердің көрсетуінше, отбасы құруда қаншалықты жас болса ажырасу ықтималдығы соншалықты жоғары болады. Жас ерлі зайыптылар көптеген қиындықтармен кездеседі: олар бір –бірін толық түсіне алмайды және жеңіл шешім қабылдайды, жауапкершіліктері жеткіліксіз болады. Қаржылық мәселелер және тұрмыстағы жетіспеушіліктер, отбасын қамтамасыз ету, әсіресе бола қарау оларды шаршатады. Жоғары төлемді жұмыс іздеу кезіндегі сәтсіздіктер, ата-аналарына материалды тұрғыда тәуелді болу олардың қатынастарын түбегейлі бұзады.

Әскер. Жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде білім алмайтын дені сау ер балалар әскер қатарына шақырылады. Әскер қатарында болу- өмір салтында тағыда бір үлкен өзгеріс. Қатаң тәртіп, үлкен физикалық күш жұмсау және дәрежесі бойынша жоғарыларға бағыну көптеген жастар үшін қиын сынақ болып табылады. Егерде ер балалар осы сынақтан өтсе ол тұлғалық жағынан өзгереді- ересек бола түсіп, психологиялық тұрғыдан күшейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет