Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1 Даму психологиясы ,оқулық ,М. Қ. Бапаева, 2017 ж
2. Психология және адам дамуы: оқу құралы. - Алматы: : Қазақ университеті,, 2017. – 186 б.Қасымова Р.С., Төлешова Ұ.Б.
3. К.Ж.Төребаева. М.Н.Есенғұлова.Психологиялық-педагогикалық диагностика. 2018.
4. ПСИХОЛОГИЯ И РАЗВИТИЕ ЧЕЛОВЕКА. СХЕМЫ Лазарева Е.А., Жансерикова Д.А., Сабирова Р.Ш. , 2019 (https://aknurpress.kz/
5. Қойшиев, Қ.Е. Даму психологиясы [Электрондық ресурс]: электрондық оқу құралы / Қ.Е. Қойшиев.- Электрон. дан.224Кб.- Шымкент, 2016.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7-лекция Лекция сабағының тақырыбы: Ерте жастық шақ туралы жалпы ұғым және когнивті өзгерістер 1. Даму шарттары
2. Жасөспірім кезеңіндегі психикалық даму
3. Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері
1.Ерте жастық—бұл өмірлік жол таңдау уақытты. Бұл жастағылар ересектік шақта орындалуға тиіс жоспарлар құрады. Алдына қойған мақсаттары іске асып, басталады- таңдалған мамандығы бойынша жұмыс істеу, жоғары оқу орнында білім алу, отбасы құру.
Ерте жастық жақ—ересектік өмірдің басталуы. Өмірдің алда екендігін сезіну бір нәрсені көріп, қателесіп және іздеуге мүмкіндік береді. Бірақ осы уақытта біздің таңдаған жолымыз әдетте өмірдегі көп нәрсені анықтайды.
Ерте жастық шақта ойлаудың философиялық бағыттылығы көрініс береді және ол формальді логикалық операциялар мен эмоциялық ерекшеліктердің дамуына негізделген.
Бұл жастағы ербалаларға абстрактілі ойлау пән болса, қыз балаларға нақты ойлау пән. Сондықтанда әдетте қыз балалар абстрактілі тапсырмаларға қарағанда нақты тапсырмаларды жақсы орындайды. Табиғи- ғылыми қызығушылықтарға қарағанда көркемдік – гуманитарлық қызығушылықтары басым болады.
Осы жастағылардың көпшілігі өздерінің қабілеттерін, білімдерін, ақыл-ой мүмкіндіктерін, асырып айтуға бейім келеді. Ерте жастық жақта зейіннің көлімі ұлғаяды. Сонымен қатар оның қарқындылығы мен бір заттан келесі заттқа ауыса білу қабілеттеріде артады. Бірақ зейін бұл жаста таңдамалы және қызығушылықтарының бағыттарына байланысты болады.
Шығармашылық қабілеттері дамиды. Сондықтанда осы жастағы ер балалармен қыз балалар мәліметтерді тек қана ұғып қана қоймай, жаңадан нәрселер жасайды. Шығармашыл дарынды адамның тұлғалық қасиеттері әр түрлі, ол дарындылық пайда болған іс-әрекет сферасына байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, шығармашыл дарынды адам оқу іс-әрекетінде қарапайым нәтижелер көрсетуі мүмкін. Жоғарғы сынып оқушыларының білімді жинақтау мен интеллектінің кейбір қасиеттерін һөзгерту нәтижесінде ақыл-ойлар дамиды. Сонымен қатар ақыл-ой іс-әрекетінің жеке стилі қалыптасады. Н.Коганның айтуынша, танымдық үрдісте ақыл-ой іс әрекетінің жеке стилі ойлау стилі яғни қабылдау, есте сақтау және ойлау тәсілдеріндегі жеке вариатциялардың тұрақты жиынтығы ретінде көрініс береді. Бұл жастағы интеллекуалдық даму мүмкіндігі мәтінмен, әдебиетпен жұмыс істеу, фармальды –логикалық операцияларды орындау кезіндегі оқу біліктіктерін дамыту арқылы жүзеге асады.
2. Зерттеушілердің айтуы бойынша ерте жастық шақ тұлға дамуындағы екінші аумалы кезең болып есептеледі. Жастар жеткіншектер сияқты әліде болса ересек адамдар қатарына жатпайды. Ерте жастық шақпен білімді жалғастыру мен мамандықты игеру байланысты. Психологиялық тұрғыдан алғанда жастық жақ өзін анықтау және ересек адамдар ортасындағы интеграция міндетін шешеді.
Ерте жастық шақтағы әлеуметтік жағдай- өмірлік жол таңдау. Бала кезде жас ерекшелік кезеңдер көрініп тұрады. Балалық шақ артта қалған кезде барлық психикалық қызметтер және тұлғаның тұрақталуы басталады. Сонымен 17 жастағы дағдарыс пайда болады. Кейінгі жылдары жеткіншіктер мектеп қабырғасын 9 сыныптан кейін тастап кетеді. Оқуға деген қызығушылықтың жоқтығынан және үлгерімдерінің төмендігінен олар техникалық колледждерге баруға тырыспайды; кейбіреулері конкурсқа ілінбей қалады.Олардың көпшілігі кешкі мектептерге барып, жұмыс істейді. Егерде жеткіншек өзі үшін осы жолды таңдаса онда дағдарыс көрініс береді. Мұндай жеткіншектер бүгінгі күнмен өмір сүріп болашағын жоспарламайды.
19-20 жастағы жастар өз өмірлеріндегі қиындықтарды бұдан бұрын болмаған жауапкершілікпен байланыстырады. Олар бұл жаста пайда болатын жаңа мәселелер мен қоса үлкен мүмкіндіктер де пайда болатын осы жасты бағалайды. Жастар үшін өмірлік жолдың үш варианты тән: Жоғары оқу орнында білім алу, жұмыс іздеу және ер балалар үшін әскерге бару.