Психология кафедрасы



бет28/31
Дата03.05.2023
өлшемі245,66 Kb.
#89523
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Даму шарттары
Зерттеушілердің пікірінше, ерте жастық шақ тұлға да- муындағы екінші аумалы кезең болып есептеледі. Жастар жет- кіншектер сияқты әлі де болса ересек адамдар қатарына жатпай- ды. Ерте жастық шақпен білімді жалғастыру мен мамандықты игеру байланысты. Психологиялық тұргыдан алғанда жастық жақ өзін анықтау және ересек адамдар ортасындағы интеграция міндетін шешеді.
Ерте жастық шақтагы әлеуметтік жағдай - өмірлік жолды таңдау. Бұл мәселе оларда 17 жастағы дағдарыстың пайда болуына әкеледі. Кейінгі жылдары жеткіншіктер мектеп қабырғасын 9 сыныптан кейін тастап кетеді. Оқуға деген қызығушы- лықтың жоқтығынан және үлгерімдерінің төмендігінен олар техникалық колледждерге баруға тырыспайды; кейбіреулері конкурсқа ілінбей қалады. Олардың көпшілігі кешкі мектептерге барып, жұмыс істейді. Егерде жеткіншек өзі үшін осы жолды таңцаса онда дағдарыс көрініс береді. Мұндай жеткіншектер бүгінгі күнмен өмір сүріп, болашағын жоспарламайды.
19-20 жастағы жастар өз өмірлеріндегі қиындықтарды бұ- дан бұрын болмаған жауапкершілікпен байланыстырады. Олар бұл жаста пайда болатын жаңа мәселелер мен қоса үлкен мүм- кіндіктер де пайда болатын осы жасты бағалайды. Жастар үшін өмірлік жолдың үш варианты тән: ЖОО-да білім алу, жұмыс іздеу және ер балапар үшін әскерге бару.
Жоғары оқу орнындағы білім. Көптеген мектеп бітірушілер білім алуды жалғастыруды қапайды. Кейбіреулері өзін қызықгыратын білімді алуга тырысса, келесілері ата-аналарының тілегі бойынша немесе жолдастарына еліктеп барады. Кейбір жастарға қызметте жоғарлау үшін ғана және күйеуге шығу үшін, әскер қатарына алынбай үшін диплом қажет болады. Қазіргі студенттер жоғары оқу орнына білім алудың келесідей артықшылықтарын аттайды: жоғары оқу орны қажетті білім-біліктерді береді, яғни белгілі мамандық беріп «ересектік өмірге» дайындайды, таңдай жасауға мүмкіндік береді. Бірақ жастар білім алуды жалғастыра отырып практикалық тәжірибеге ие болмай ата-аналарына тәуелді болып қалады. Сонғы жылдары студенттер оқуды жұмыспен араластырады, яғни азды көпті ақша табады. Жастардың нақты жоғары оқу орнын тандауы олардың тұлғалық бағыттылықтарына, мотивтеріне, құндылықтарына байланысты.
Жоғары оқу орнына түсу мотиві студенттік өмірді анықтайды. Батыс психологиясы студенттік өмір стилін ерекше субмәдениетпен байланыстырады. Ф.Райс жоғары оқу орнының субмәдениетің төрт типке бөледі.
тип - студенттік субмәдениет деп аталатын бірінші тип жоғары оқу орнын клубқа айналдырыды. Мұндағы өмірдің мазмұны кештермен кездесулер, ішімдік, автомобильдер, спсрт болады да, оқу пәндері екінші жоспарға кетеді.
тип - кәсіби субмәдениет. Оқудағы мақсатқа бағыттылықты, өзінің кәсіби дайындығын қамтамасыз етуді көрсетеді. Білім алу дүкендегі қажетті азық-түліктер ретінде қабьшданады.
тип - академиялық субмәдениет. Оның құндылығы диплом емес, білім мен идеялар, пәндерді тереңцетіп оқу, оқу бағдарламасының шегінен шығу.
тип - нонконформистік субмәдениет. Ол интелектуалды студенттерден, жарқын тұлғалардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет