Тұлғаның рухани-адамгершілік бағыттылығында мамандық таңдау бейімділікке байланысты таңдалады. Өмірлік мақсаты бақытты отбасы құру болса да, олар оқу орны мен жұмыс орнын жақын жерден таңдау принципі бойынша таңдамайды. Егер ол өзінің қалауын тапса, таңдаған мамандығын меңгерудегі кездесетін қиындықтарды шыдамдылық пен қажырлық арқылы жеңіп шығады. Мамандық таңдау үлкен қиындық әкеледі. Бұл жерде мамандық таңдау модаға, конъюктураға және өзге де сыртқы жағдайларға емес, өзінің қызығушылықтарына байланысты.
Сонымен, Ерте жастық шақ - ересектік шақтың, жеке өмірдің бірінші кезеңі. Өз өміріне деген жауапкершілік осы жасерекшелік кезеңнің ерекшелігін анықтайды. Кейбіреулер үшін өмірлік жоспарларын іске асырып, олардың шынайылығын практикада сынау басталады. Келесілері өзін анықтау мәселесін шешуге тырысып, ересектік шақта да өздерін іздеумен болады. Өмір салты мен оған сәйкес дүниетанымдық бағдарлар алдыңғы жас кезеңде қалыптасып қойғанмен де, ізденіс барысында көптеген нәрселер анықталып, саналы түсініледі.
Мамандықты таңдауы.
Жасөспірімдердің ой-өрісі, дүниеге көз қарасы, оқу және тәрбие процесінде жан-жақты жетіле бастайды. Олардың дамуы мен қалыптасуына қоғамтану, тарих, әдебиет пәндері болымды әсер етеді. Жасөспірімдер әдебиеттерді көп оқиды әлеуметтік орта мен қарым-қатынас жасайды. Отан үшін өмір сүріп, жұмыс істеудің қажет екендігін түсінеді. ңКім боламң – деген сұраққа жауап беру үшін әр бала өзінің келешегінк көз жібереді, алдына мақсат қойып, мамандықты саналық пен таңдап ала білуді және іске асырудың жоспарын ойластырады. Қандай да мамандық, өған құмарту немесе қызығушылық жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне байланысты.
Мамандықтардың сан алуан түрлері бар болғандықтан солардың ересектің өзіне қабілетіне не тілегіне қарай таңдауы оңой мәселе емес.
Ересектің қандай мамандықты жақсы екнің, құрбыларының не үлкендердің айтуына қарай шамалайды. Олар кеиде мамандықты жақсы дегенде. Оның несі жақсы және оған өзінің шамасы келе ме? Осыны жөнді білмейді. Бір зерттеуші 100 мамандықтың атын тізіп беріп, ересектерге осылардың өзіңізге ұнағанына қарай бірінен соң бірін жазып беріндер дегенде олар бірінші орындарға: космонавт, ұшқыш, радио техник, конструктар, физик мамандықтарын қойыпты.
Біреулері жұмысшы болуды 47-ші орынға, өзгелері 31 орынға қойыпты. Ал есепші бухалтер, дүкенші және шаштаразшыны тізімнің аяғына қойған. Осы зерттеуге сүйене отырып, осыны тексерген ересектердің талғамы қәзіргі қоғам талабына қарама-қарсы деп қорытындыға келеді. Себебі ересектердің көбі жұмысшы болуды, не қарапайым мамандықтарға ие болуы қаламаған.
Ал мектеп бітірерде ересектердің бәрі, кім болғысы келгенін тексеріп қарағанда, осылардың ішінен жартысынан шамасы көбі өзінің мамандықтың қандай түріне,не болғысы келетінің келудегі ниетін айтып, қалғандары тіпті осы туралы ойлаған жоқпыз депті.
Бұл жастағылардың бір қатары жоғарғы оқу орындарына түскенде, осылардан болашақ мамандықтарыныз өздерінізге ұнай ма, әлде өзгерткініз келе ме?-деп сұрағанда, солардың 1,4 бөлігі ңұнамайдың –ңөзгерткіміз келедің-деп жауап берген. Мұның себебі, ересектердің бір қатары тускен факулътеті туралы мағлұматты туыққандарынан,не танысынан естіп бірақ осында даярлайтын мамандықтың ерекшелігін білмегендіктен деп қорытындыға келеді.
Әр бір ата –ана балаларына мамандықты саналық пен таңдап алуда дұрыс ақыл айтып, баласына Сен оқисын ба? әлде жұмыс істейсін бе?
Не өзің біл деиді. Кеибіреулері өз баласына мына мамандықты игеру керек деп пікірін ұсынады да зорлап міндеттейді. Ал балалардың болашақ мамандығы жайлы көп қайғырмайтынын ата-ана бір институтты бітіріп шықсан болар деп өсиет айтумен ғана шектеледі. Ата-аналар тарапынан болатын мұндай қамсыздық немқұрайдылық балалардың келешегіне зиянды әсерін тигізеді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің бірі мамандықты таңдауы болып саналады.
Ол болашақта отау құру, ел қатарына еру дейтін ерекше мәнді мәселе. Соңғы кезде жүргізілетін зеттеулер (анкета,сұхбат) Жастардың мамандық таңдай білуге байланысты ой-пікірлер мен тербеніс толғаныстарда осынау өмір талабының қоғамдық әлеуметтік жағынан гөрі жеке бастың-мүддесі көбірек сөз болатындығы байқалып жүр.
Әрине бұл айтылғандар қазіргі нарық экономикасына көшу кезіндегі өтпелі дәуір тудырған жағдай.
Өйткені бұның казіргі кезде жұрттың психикасына елеулі әсер етіп тұрған фактор екндігі белгілі. Қоғамдық дамудың жаңа талабына тускен егеменді тәуелсіз қазақ мемлекетіне ғылымдар мен инженерлер, ғылым мен технника саласындағы мамандар да келешекте қажет болатындығы хақ. Жастардың тек мал шаруашылығы,өңдіріс құрылыс маманы ғана болмай, сауда алыс-беріс бизнес ісінде де мамандықтарды қажет етеді.