салалары Психология сан салалы ғылым. Қазiрде оның қырыққа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделiктi өмiрiмiзге қызмет етедi. Оларды тудырған — қоғамның нақтылы талап-тiлектерi, өмiрiмiзде болып жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестiң әсерi. Осы ғылымның кейбiр салалары еңбек, яғни нақты iс-әрекет үстiнде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейдi. Осы тұрғыдан жантану ғылымы-педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлiк т. б. болып, бiрнеше салаларға бөлiнедi. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие iстерiнiң оқушы санасына қалайша әсер ететiндiгiн зерттейдi. Психология педагогикалық, медициналық, әскери инженерлiк т. б. болып бiрнеше салаларға бөлiнедi. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие iстерiнiң оқушы санасына қалайша әсер ететiндiгiн зертейдi. Оқу материалының мазмұны мен көлемiн анықтау, балалардың жас мөлшерiне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру - кейбiр оқушылардың екiншi жылға қалу, мектептен шығып кету себептерi, тәрбиеленуi қиын балалармен жұмыс iстеудiң жолдары, жыныс тәрбиесi, бағдарламалап оқыту (алдын ала жасалынған үлгiге қарап оқыту әдiсiн ұтымды етiп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтiн ғылыми мәселелердiң бiр тобы. Медициналық психология дәрiгер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мiнез-құлқының түрлi көрнiстерiн зерттеiдi. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтiн салаларға бөлiнедi. Адаммен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелердi инженерлiк психология зерттейдi. Бұл соңғы кездерде кең өрiс алған ғылыми келешегi мол жантану салаларының бiрi.
“Адам — машина” жүйесiнде әрекеттi тиiмдi етiп ұйымдастыру, басқару жүйелерiнiң құрылымын үйлестiру, мұндағы творчестволық мiндеттердi тиiмдiлiкпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативтi моделдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлiк психологияның негiзгi проблемаларына операторларды кәсiптiк тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиiстi информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйiн (шаршау, болдыру т.б.) анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нiң алгоритмдерiне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлi агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешелiктерiн, оның ерiк-сезiм сферасын, интеллект деңгейiн зерттеу т.б. жатады. Мұндағы инженерлiк-психологиялық мiндеттердi шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшiн қолданбалық мәнi зор.
Психологиялық ғылымының келесi бiр топқа енуiне даму принципi басты негiз болады. Бұларға мектепке дейiнгi бала, жас-өспiрiм, балаң, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология психикасы кемiс адамдардың түрлi жақтарын зерттейдi. Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтiн салалар кiредi. Мәселен, балалар психологиясы коғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейiнге дейiн психикалық дамуына тигiзетiн әсерiлердi зерттейдi. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен үқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигiзетiн ықпалын зерттеу iсiмен психологияның әлеуметтiк (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Психологияның спорт, сот, космос, кiтапхана, сауда, өнер т. б. сияқты өмiр салаларына байланысты да түрлерi бар. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т. б. ғылымдарының соңғы жаңалықтары психологияға кеңiнен енiп, оның жан-жақты дамуына игiлiктi әсер етiп отыр. Мәселен, автоматтык машиналар мен тiрi организмдердi басқару мәселесiн қарастыратын кибернетика ғылыми психикалық әрекеттiң заңдылықтарын зерттеп, оның модельдерiн (үлгiлерiн) қолдан жасап шығаруға мүмкiнд;к туғызады. Осының нәтижесiнде адамның ақыл-ой құбылыстарын табиғаттағы түрлi құбылыстармен салыстыра зерттеуге жағдай туды. Психология мен этиканың арасында да тығыз байланыс бар. Этика адамдардың мiнез-құлық нормаларын, адамгершiлiк принциптердiң заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Мораль мәселесiнiң кейбiр жақтарын да (адамның моральдық сезiмдерi, саналылық дәрежесi) психология ғылымы қарастырады. Бiрақ этикаға қарағанда психологияның зерттеу объектiсiнiң көлемi ықшам. Психология сана құбылыстарының пайда болу жолын, қалыптасу жағдайын зерттейдi, ал этика болса бүкiл адамгершiлiк қасиетке қатысты мәселелердiң бәрiн карастырады.
Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физиология, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдарымен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңiндегi адамдардың көңiл-күй ерекшелiктерiн, егемендiк пен тәуелсiздiктiң адам психикасына қалайша әсер етiп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесiнде болып жатқан түрлi жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты мiндеттерi болып табылады.