Психология кафедрасы


Психология ғылымының зерттеу әдiстерi



бет4/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Психология ғылымының зерттеу әдiстерi.
Бiр қарағанда бiздiң әрқайсымызға оңай, тiптi таныс сияқты болып көрiнетiн жәйт күнбе-күнгi психикалық өмiрiмiзге мұқият үңiлiп қарасақ, өзiне тән заңдылықтары бар аса күрделi қасиет. Психикалық өмiрдi де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшелiктерiн бiлу үшiн, осы ғылымның зерттеу әдiстерiмен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзiндiк ерекшелiгiне карай дербес зерттеу әдiсi болады, осы әдiстер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкiндiк туады. Егер ғылымда өзiне тән әдiс, яғни зерттеу әдiстерi болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрiздi психология ғылымының да өзiне тән әдiстерi бар. Бұл әдiстер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлi тексерулерден өтiп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекеттi де белгiлi мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгiленген және мұқият ұйымдастырылған әдiстер арқылы зерттейдi. Зерттелiнетiн адамның көп рет қайталанған iс-әрекеттерi мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пiшiнiндегi мәнерлi қозғалыстары да, бiзге оның ойлауы мен сөйлеуiнiң, сезiмi мен еркiнiң, темпераментi мен мiнезiнiң ерекшелiктерiн бiлуге бiршама жәрдемдеседi.
Ғылыми психология адамның ой-өрiсi, сана-сезiм дәрежесi iс-әрекеттен, оның нәтижесiнен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана iс-әрекеттiң бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етедi. Сана мен iс-әрекет бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Сананың белсендiлiк сипаты да, оның мiнез-құлықты реттейтiн басқарушылық функциясы да осы принципке негiзделедi. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы iс-әрекет үстiнде зерттеу ғылыми психологияның ең негiзгi принципi. Кейбiр психологтар: “Адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзi берген мәлiметтер шешушi орын алады, сондықтан да өзiн-өзi байқау (интроспекция) әдiсiнiң деректерiне ерекше көңiл бөлу қажет” дейдi. Бұл шындыққа жанасымсыз пiкiр. Мұндай жолмен адамның iшкi жан дүниесiн бiлу қиын. Өйткенi адам өзi туралы көп жағдайларда қателеседi, оның шынын айтқысы келмеуi де ықтимал, сондай-ақ адам өзiнiң психологиялық ерекшелiктерiн жете бiлмеуi, не оны басқа бiреуге дұрыс жеткiзiп бере алмауы мүмкiн. Өзiн-өзi байқау — адам психикасын зерттеудiң әдiсi болып табылмайды, ол әркiмнiң өз басындағы рухани ерекшелiктерiн аңғара алуын көрсететiн бiр факт. Мұндай жолмен адам психологиясының мәнiн, оның қалыптасу жолын түсiндiруге болмайтындықтан, психиканы объективтiк жолмен зерттеуде бiз осы принциптен ешбiр ауыт-қымауымыз қажет. Жантануда адамның психикалық ерекшелiктерiн зерттейтiн бiрнеше әдiстер бар. Олардың бiр тобы негiзгi әдiс, екiншi тобы қосалқы әдiс деп аталынады. Осындай негiзгi әдiстердiн бiрiне байқау әдiсi (А) жатады.
А. Байқау әдiсi
Белгiлi жоспар бойынша жүйелi түрде бiраз уақыт бойына зерттелушi адамның психикалық ерекшелiктерiн қадағалауды байқау әдiсi деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелiнушi адамның әрекетiне әдейi араласпай-ақ жүргiзiледi. Осы әдiс арқылы зерттелiнушiнiң мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлi қозғалыстарын, мiнез-құлқын, жалпы әрекетiн байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерiк күшi, сезiм ерекшелiктерi, темпераментi де байқау әдiсi арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегi оқушының ойлау және сөйлеу ерекшелiктерiн зерттеу керек болса, ол үшiн зерттеушi оқушының әрбiр сабақ үстiндегi жеке сөздерiн, сөйлемдерiн стенографиялап, күнделiкке түсiредi, кейiн оны тиянақты түрде талдайды да, тиiстi қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлi ерекшелiктерiне қарай байқау әдiсiнде кейде аспаптар да колданылады. Мәселен, зерттелiнетiн объектiнi суретке түсiру үшiн-фотоаппараттар, зерттелiнушi адамның сөз тiркестерiн жазып алып, кейiн оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшiн-магнитофон т. б. пайдаланылады.
Байқау әдiсiнiң нәтижелi болып шығуы үшiн қолданылатын қажеттi кейбiр шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргiзiлуiн және бiр фактiнiң өзi бiрнеше рет қайталанып зерттелiнуiн қамтамасыз ету;
2) Зерттелетiн объектiнi айқын белгiлеу және байқаудың мақсатын түсiне бiлу қажет. Мысалы, байқау объектiсi ретiнде сабаққа нашар студенттi алатын болсақ, мақсатымыз-оның сабақ дайындау кезiндегi ой жұмысының кейбiр ерекшелiктерiн бiлу;
3)Байқалған фактiлердi сол сәтте жазып отыру,
зерттелiнушiнiң сөз реакцияларын стенографиялау; кейiн оған мұқиятталдау жасау; басты фактiлердi iрiктеп алу — осы әдiске қойылатын негiзгi талаптардың бiрi.
Сан рет жүргiзiлген байқаудың нәтижесiне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бiрлесе отырып, студенттiң оқу әрекетiн одан ары жақсарту үшiн нақтылы шаралар белгiленедi.
Байқау әдiсi арқылы оқу-тәрбие процесiнiң әр кезеңдерiнде ұстаз студенттердiң сабақ үлгiруi мен тәртiбiндегi ерекшелiктердi бiлуiне, кейiн оларды жақсарта түсу жөнiнде тиiстi шаралар белгiлей алуына болады. Бұл әдiс адамдардың психологиялық ерекшелiктерiн зерттеуде өте көп қолданылатын әдiстердiң бiрi.
Байқау әдiсiнiң кейбiр кемшiлiктерi де бар.
Бiрiншiден, зерттеушi мұнда өзiне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жiберiп алады, екiншiден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлi кездейсоқ объективтiк (байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы), субъективтiк (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушiде бақылағыштық қасиеттiң жоқтығы т.б.) себептердiң кездесетiндiгiне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдiстiң ғылыми деректерi кейде кемiрек болады.
Байқау әдiсiне қарағанда жан қуаттарын эксперименттiк жолмен зерттеудiң бiраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: “Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжiрибе табиғаттан өзiнiң тiлегенiн алады”— деп тегiн айтпаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет