Психология кафедрасы



бет32/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
А. Есте қалдыру
Ерiксiз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсiлдерiн пайдаланбайды. Айналадағы өмiрдiң түрлi көрiнiстерi (оқиғалар мен адамдардың қимыл-әрекетi, сөзi т.б.) сол әрекеттiң ағымына қарай есте қалып отырады. Ал (арнайы ырықты) есте қалдыру арнаулы тәсiлдердi кажет етедi, оны тудыратын тиiстi мотивтер болады. Қандай объектiнi болмасын әдейiлеп есте қалдыру үшiн мына төмендегi шарттарды орындап отыру қажет болады:
1) Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды. Оқу материалын жақсы меңгеру үшiн, оған қатты зейiн қою жеткiлiксiз, ол үшiн алға айқын, анық мақсат қойю керек. Мәселен, оқушыларға бiр әңгiме айтып, оны үш-төрт күннен кейiн қайта сұраса, балалардың бiразы әңгiменiң негiзгi бөлiмдерiн қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал ендi осы оқушыларға екiншi бiр әңгiме айтып, үш-төрт күннен кейiн қайтып айтып бересiңдер десе, балалардың бiразы сол әңгiменi ұмытпай жадында ұстай алады. Бұл екi тәжiрибенi арасындағы айырма: соңғыда материалды есте берiк сақтау мақсат етiп қойылған, ал бiрiншi жағдайда мұндай анық мақсат қойылмаған едi.
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжiрибелiк мәнi адамның қажетiне де байланысты болады. Мәселен, оқушылар қандай бiр шығарманы оқымасын, бiр қажетiме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға соқпайды.
3) Оқылатын шығарманы жоспарлай алу — есте қалдыруға көп жеңiлдiк келтiредi. Жоспар мүмкiн болғанша анық, айқын, дәл болуы керек. Қалай болса солай құрыла салған жоспар есте берiк сақтауға негiз бола алмайды. Оқитын шығарманың iшiнен еске тiрек боларлык, жерлерiн iздестiрiп, оны бiрнеше мағыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектiң әрқайсысының мағынасына лайықты ат ойлап табу — еске қалдыруды нәтижелi етедi.
4) Мағыналы есте қалдыру дегенiмiз — нәрсенiң мәнiне түсiну. Сондықтан мағыналы түсiну ойлау процесiмен тығыз байланысты. Материалды жақсы ұғынып, терең түсiну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгiлерiн анықтай алу — оны анализдей, синтездей, салыстыра, жүйелей бiлудi керек етедi.
5) Оқып отырған шығарманың байланысын, жүйелерiн елестетуге, еске тiрек боларлық ой-желiсiн табуда схема, чертеж, таблицалармен қатар, арнаулы шартты белгiлер қолданылып отырса, есте қалдырудың сапасы арта түседi. В. И. Ленин қандай болмасын бiр кiтапты оқығанда, әсiресе, Маркс пен Энгельстiң еңбектерiн оқып үйренгенде кiтапқа, (кiтап тек өзiнiкi болған жағдайда ғана) не жазған конспектiсiне арнаулы белгiлер қойып отыратын болған. Мәселен, ол кiтаптың не дәптердiң жиектерiне “өте нәзiк және терең”, “әбден дұрыс”, “әсем айтылған”, “тамаша”, “өте дұрыс”, “тапқырлық”, “жақсы айтылған”, “Бұл диалектиканы ұғу өте маңызды” т. б. сөздердi жазып, автордың пiкiрлерiн мақұлдаса, өз дұшпандарының кiтаптарына “Шатпақ — өтiрiк жаза!”, “түрпайылық!”, “сөз болғаның”, “шатастырып отыр”, “шiркiн-ай десеңiзшi”, “бұл қандай сандырақ десеңiзшi!”, “дұрыс емес”—дегендей сөз тiркестерiн жазады екен.
В. И. Ленин өте маңызды кiтаптарды оқуға бiрнеше рет оралатын, сонымен бiрге, өзiнiң сол кiтаптардан жасаған конспектiлерiн жақсартып, толықтырып, редакциялап та отырған. Мұндайда ол: “қайта оралу керек!”, “тағы да, тағы да оралу керек” деген сөздердi жиi жазып отырады екен. Сондай-ақ оқып отырған нәрсесiне арнаулы белгiлер қоюға үлкен мән берген. Туысынан аса зерек, оқығанын қалай да ұмытпайтын данышпан адам бола тұра, оқығанын есiне берiк сақтау үшiн осындай қосалқы әдiстердi өте көп қолданған.
6) Есте қалдырылуға тиiс шығарманы адам мүмкiндiгiнше өз сөзiмен құрастырған сөйлемдермен айтып бергенi абзал. Егер бала мұғалiмнiң айтқанын, не өзiнiң кiтаптан оқығанын сөзбе-сөз айтып беретiн болса, мұндай жағдайда оның есте қалдыру қабiлетi жақсармайды.
7) Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзiн-өзi тәрбиелей алуына да байланысты. Мәселен, оның еңбегi жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру дәрежесi де жоғары болады. Күндiк режимге мән бермейтiн, өзiн көлденеңнен кез келген нәрселер билеп кететiн адамдардың есте қалдыру дәрежесi айтарлықтай болмайды. Ондайлар Абай айтқандай, “ой кеселдерiне” қарсы тұруға шамасы жетпейдi. Абайдың түсiнiгiнше, ой кеселдi нәрселерден қашық болу — (яғни уайымсыз салғырттық, ойыншы, күлкiшiлдiк не бiр қайғыға салыну) естiген нәрсенi ұмытпаудың басты шарттарының бiрi.
8) Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты. Әдетте оқу материалын бiр қайтара оқып жаттап алуға болмайды. Аз уақыт iшiнде жиi-жиi қайталап жаттаудың да қажетi жоқ. Мәселен, өлеңдi бiрден жаттап алса, ол тез үмытылады, сондықтан оны бiрнеше уақытқа бөлiп жаттау қажет, бiрақ арадағы үзiлiстер тым ұзақ болмасын. Тек көлемi шағын шығар-маны тұтас күйiнде жаттауға болады. Егер шығарма көлемдi болса, оны бөлшектеу қажет. Бiрақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық ой сақталатындай етiп бөлген пайдалы. Мұндайда қайталаудың саны азырак болады және ол есте ұзақ сақталады.
Сондай-ақ, жатталған нәрсенi ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, оны ұмытпай тұрып қайталау керек, өйткенi “...қайталауды ескiрiп, құлап бара жатқан үйдi жөндеу үшiн емес, үйдi берiк нығайта отырып, үстiне екiншi қабатын салу үшiн жасайды. Әр-бiр iлгерiлеп басқан адым бұрынғы өткендердi қайталап отыруға негiзделу керек”. Қайталауды түрлендiрiп отырудың, оны уақыт жөнiне дұрыс құрудың маңызы жөнiн де К. Д. Ушинский былай дейдi: “Бұдан бүрын жаттап алынғандарды сол күйiнде аудармай, айтып берудiң ешбiр қажеттiлiгi жоқ... ал, кездейсоқ кездескендi, жаттап алғанды жаңа түрмен айту, яғни жаттап алғанды басқа сөздермен қайталап айтып беру әлдеқайда пайдалы”. Жаттаудың мнемоникалык, әдiсiнiң бiрi механикалық (мағынасына түсiнбей) есте қалдыру. Егер мағыналы есте қалдырудың мәнiсi құбылыстардың iшкi мәнiне, олардың бiр-бiрiмен байланысына түсiну болатын болса, механикалық есте қалдыруда заттар жай, сыртқы байланысқа түседi. Мұның басты шарты — қайталау. Естiң бұл түрiнiң кей жағдайларда iске керек болып қалатын кездерi болады. Шетел сөздерiнiң жазылуы мен айтылуын, қиын сөздер мен атауларды, хронологиялық даталарды, көше, жер, су аттарын, телефон нөмiрлерiн есте қалдыру қажет болған кезде механикалық еске қалдырып жаттаған дұрыс. Есте қалдырудың соңғы түрi жасанды ассоциациялар арқылы мнемоникалық әдiспен жүзеге асып отырады. Мәселен, бiздiң көшпендi ата-бабаларымыз жыл қайыру тәсiлiн оңайлату мақсатында мына темендегi төрт жол өлеңдi жаттаған:
Түйе сенiп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап мойыма
Тайма именiп, дiлмардан.
Мұндағы әрбiр сөздiң бiрiншi әрпi жылдардың атына (түйе — тышқан, сенiп — сиыр, бойына — барыс, қалған — қоян, ұмыт — ұлу, жылдардан — жылан, жатпа — жылқы, қарап — қой, мойыма — мешiн, тайма — тауық, именiп — ит, дiлмардан — доңыз), ал сөйлемдегi сөздердiң бiр-бiрiмен реттi тiркестерi тетелес жыл атауының тiзбегiне сай келедi. Бiрақ адам осындай құрғақ жаттаумен алысқа бара алмайды. Өйткенi, бұл құбылыстардың iшкi мәнiн түсiндiрмейдi. Естiң бұл түрiн тек қосалқы сүйенiш етiп, негiзiнен мағыналы есте қалдыруды дамытқанымыз пайдалы. Мағыналы есте қалдырудың ерекше тиiмдiлiгiн дәлелдейтiн эксперименттiк деректер көп. Мәселен, бiр зерттеуде 4-шi сыныптағы “Ана тiлi” сабағында текстi жаттау және оның мағынасын түсiнудегi оқушылар есiнiң салыстырмалы ерекшелiгi мынадай болған: текст бойынша қайталағанда бiр күннен кейiн шығарманың 72 пайызы он күннен кейiн-58 пайызы, бiр айдан кейiн-51 пайызы, екi айдан соң-41 пайызы жатталатын болса, материалдың негiзгi мағынасын есте қалдыру бiр күннен кейiн 100 пайызы, төрт күннен кейiн-99, пайызы, он күн өткен соң-95 бiр айдан соң-92 пайызы, екi айдан кейiн-92 пайызы болып келген. Соңғы цифрлар мағыналы түрде есте қалдырудың тиiмдiлiгiн көрсетiп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет