Психология кафедрасы



бет33/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Ә. Қайта жаңғырту және тану
Қайта жаңғырту ерiксiз және арнайы қайта жаңғырту деп екiге бөлiнедi. Ерiксiз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны iс-әрекеттiң барысы туғызып отырады қайта жаңғыртудың осы түрi көбiнесе адамның үнемi айналысатын әрекетiмен мазмұндас болады. Мәселен, музыкант мелодияларды қалай болса солай жаңғырта бередi. Ерiксiз қайта жаңғырту кездей соқ туып отырғанмен, ол белгiлi жүйеде жүрiп жатады. Мәселен, мұғалiм жаңа сабақты түсiндiргенде мүмкiндiгiнше балаға бұрын өткен шығармаларды көбiрек беретiн болса, мұндайда оқушының бiлетiн шығармалары өзiнен-өзi қайта жаңғырып, ол бiлгеннiң үстiне бiле түседi.
Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерiк күшiн жұмсаумен, арнаулы әдiс, тәсiлдер қолданумен жүзеге асады. Арнайы қайта жаңғырту — әдейiлеп еске түсiру, ойлаумен тығыз байланысты, өте белсендi процесс. Қайта жаңғыртудың да көптеген әдiстерi бар. Олардың кейбiрi мына төмендегiлер:
1) Көлемi үлкен шығармаларды қайта жаңғрту үшiн жазбаша немесе ойша оның жоспарын жасау қажет болады. Жоспар жасаудын, өзi қажеттi шығарманы жинақты, белгiлi арнаға жүйелейдi. Мұның өзi қайта жаңғыртудың сапалы болуына көп жәрдемiн тигiзедi.
2) Қайта жаңғыртуда бұрын оқылған, қабылданған объектiлердi бiр-бiрiмен салыстырып отыру да аса пайдалы. Мұндайда нәрселердiң бiр-бiрiнен ұқсастықтары не айырмашылықтары тез ажыратылады. Мәселен, адам өз елiндегi аққуды Австралиядағы аққумен салыстырғанда оның дене бiтiмiндегi ұқсастықтары мен (пiшiнi, мiнезi т. б.) қатар айырмашылықтарын да (қауырсыны, мамығы, қара түстi, аяғы қызыл т. б.) көрсетсе, материалдың жеке бөлiктерi түсiп қалмай, ол толық жаңғыратын болады.
3) Қайта жаңғыртуда ассоциацияларды, бұлардың мағыналы байланыстарын пайдаланған жөн. Мұндайда адам бiр мағыналы нәрсенi қазық қылып, ұмытқанын соның төңiрегiнде есiне түсiредi. Ал, қалай болса солай кездейсоқ нәрсемен байланыстырса, ондай қайта жаңғырту адамды шығарманың негiзгi қазығынан адастырады. А. П. Чехов “Жылқы аттас фамилия” әңгiмесiнде Овсов деген (бұл сөздiң қазақша түбiрi — сұлы) фамилияны ұмытып қалып “әйтеуiр жылқымен байланысы бар” деп ойынан адасып мазасы кеткен бiр адамның образын тамаша көрсетедi.
4) Оқыған нәрсеге жауапкершiлiкпен қарау, мұнда табандылық, тұрақты қызығудың болуы да қайта жаңғыртудың нәтижелi болуының қажеттi шарттары болып есептелiнедi.
Қайта жаңғыртудан тану процесiн ажырату керек.
Тану — қайта жаңғыртудың қарапайым түрi. Тану — бұрын қабылдаған және қайтадан кезiккенде көрiнетiн ес процесi. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшелiктерiне қарай түрлi дәрежеде көрiнедi. Мәселен, бiреу бiр нәрсенi қиналмай, тез және толық таниды, екiншi бiреу мұны мүлде тани алмайды үшiншi бiреу шала таниды, ал төртiншi бiреу қате тани-тын болады. Объектiнi дұрыс тану үшiн адамның көзi төселiп үйренген, өмiр тәжiрибесi мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесiнде болатын қателердiң көбi дәл, жетiк тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзi алғашқыда зер салып, жөндi қабылдай алмаудан болады. Мәселен, адам алғашқы рет бiр жерге келгенде (бұрын көрмесе де) оған көп нәрсе таныс, өзi бұрын осында болғандай көрiнедi. Мұндайда ол ертеде ұшырасқан нақты бiр жағдайды қазiргi кездескен жағдайға ұқсатады.
Қайта жаңғырту процесi елеспен тығыз байланысты. Өйткенi өткендегiнi қайта жаңғырту түрлi елестермен негiзделе жарыққа шығып отырады.
Елестi түйсiкпен қабылдаудан ойлауға өтердегi көпiр деуге болады. Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға мүмкiндiк алады. И. М. Сеченов оны “Заттық ойлау” деп өте дұрыс анықтаған.
Елес-заттардың бейнелерiн есте сақтауға, сол заттардың типтiк, басты белгiлерiн көрсететiн ой-тәсiлдерiне (анализ, синтез, салыстыру т. б.) көшуге, оның мәнiн танып, бiлуге көмектеседi. Демек, белгiлi бiр зат жөнiнде елесiмiз болса ғана, оның ерекшелiгiн не үшiн қажеттiгiн тезiрек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай аламыз.
Елестердiң түрлерi де түйсiктер мен қабылдаудың бөлiнiсiне ұқсас. Мәселен, адам заттың түсiн, пiшiнiн, көлемiн көру елестерi арқылы; музыкалық шығармаларды, таныс адамның даусын, иттiң үргенiн, сиырдың мөңiрегенiн, мысықтың мияулағанын есту елестерi арқылы; ал жусан, әтiр, сабынды иiс елестерi арқылы, мақпалды, тасты, тiкенек шөптi сипай-сезу елестерi арқылы ажыратамыз. Бiздiң елестерiмiз — жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесi. Елестер жалпылау дәрежесiнiң әр түрлi болатындығына қарай жалпы, жеке болып екiге бөлiнедi. Көп жалпыланған елестердi жалпы елестер дейдi. Мәселен, адамның өзен туралы елесi-жалпы елес. Сырдария өзенi — жеке елес болады.
Оқу процесiнде балалардың елесiн тәрбиелеуге үлкен мән берiледi. Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсiз мүмкiн емес. Егер оқушыда әрiптердiң жазылуы жөнiнде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестерi сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөнiндегi елестерi анық болса ғана, ол суреттердi соған сәйкес етiп сала алады. Елестер қабылдаулардың негiзiнде қалыптасып отырады. Сондық-тан баланың қабылдауы толық болса ғана елестерi де толық болады. Оқушы өзi байқап отырған нәрсенiң кейiн қажет болатындығын сезiнетiн болса, оның елесi де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй қояндары туралы мәлiмет алғанда, кейiн мұны жатқа салатыны ескертiлсе, баланың байқауы тереңiрек болып, елесiне жақсы тiрек болады. Баланың елестерiн дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында алдымен салынатын затқа баланың зейiнiн аударып, кейiн одан жатқа сол затты салуды талап етсе және осындай әдiстi бiрнеше рет қайталаса, баланың көру елесi дами түседi.
Төменгi сынып оқушыларының өмiр тәжiрибесi аз, ой-өрiсi әлi жетiлмегендiктен, затты жалпылай алу қабiлетi нашар болады. Мұғалiм осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердiң мол болуын ойластыруы тиiс. Мұнсыз жоғары сыныпқа барғанда балаға оқу материалдарын үғыну қиынға түседi. Мектепке түскен балалардың елес қорының түрлiше болып келуi оның отбасыдан алған тәлiм-тәрбиесiне де байланысты. Егер үйде баланың ақыл-ойының дамуына жеткiлiктi көңiл бөлiнген болса, мұндай баланың әр нәрседен хабары бар болып келедi де, оқуға алғыр болады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың елестерiн дамытып отыру, оларды оқу әрекетiне дайындаудың негiзгi бiр элементi екендiгi ата-аналардың естерiнде болуы тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет