Психология кафедрасы


дәріс. Ес туралы жалпы түсінік



бет31/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
8 дәріс. Ес туралы жалпы түсінік
Сабақтың жоспары:
1. Естің процестері
2. Естің түрлері.
3. Естің жеке-индивидуалдық ерекшеліктері.
4. Естің физиологиялық негіздері
Ес дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтiн процесс.
Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады.
Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Уақытша байланыстардың тiкелей тiтiркендiргiштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетедi. Бiрақ бұл жалпы долбар. Өйткенi адам есiнiң мимен қалайша байланысты екендiгi жөнiнде ғылымда әлi нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеушi ғалымдардың бiр тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (естi зерттеудегi электро физиологиялық бағыт) ендi бiр зерттеушiлер естi мидың нейро-химиясына қарай түсiндiргiсi келедi. Соңғы багыттың өкiлдерi мидың кейбiр клеткаларын (нейрондарын) бiр сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеиндi қышқылдар комплексiнiң табылуы) естiң бүкiл ми массасынан алатын орнын әлi анықтай алмай келедi.
Бiр нәрсенi еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, Егер бұрын бiрнеше объектiнi бiр мезгiлде немесе бiрiнен соң бiрiн елестетсек, не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейiн объектiнiң бiреуiн ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегiн тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принциптi алғаш рет ойлап тапқан ежелгi грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тiкелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттiн, қалған түрлерiн (ойлау, қиял, ерiк т. б.) түсiндiруге бұл принциптi қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация iлiмiн шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы нсгiзде көптеген психикалық процестердiң табиғатын түсiнуге болатындырын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екi қозу процесiнiң қабаттасып келуi не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесiнде бекiп отыратын уақытша байланыстар екенiн түсiндiрдi. ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды “Уақытша жүйкелiк байланыс жануарлар дүниесiнде де, бiздiң өзiмiзде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс.
Сонымен қатар, ол түрлi әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әрiп, сөз, әлде ойдан құрылса да, психикалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгiлi үш түрi бар. Олар: iргелестiк, ұқсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнiнде И. П. Павлов былай дейдi: “Шартты байланыс... бұл, сiрә, бiздiң бiр мезгiлдiк ассоциация дейтiнiмiз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келедi. Шартты рефлекстiң (ассоциациясылық) анализi мен синтезi, сайып келгенде, ой әрекетiнiң негiзгi процестерiмен мәнi бiрдей нәрсе”.
Кезiнде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсiнуге болады: 1) Iргелестiк ассоциациясы бойынша бiр зат жөнiндегi елес өзiмен бiрге оған қатысы бар екiншi затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкiн. 2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенiң, көрiнiстiң бейнелерi өздерiне ұқсас образдарды еске түсiредi, яғни бiр зат жөнiндегi елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екiншi затты елестетедi. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзiн, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуiн т. б.) 3) Қарамақарсылық ассоциациясында бiр зат туралы елес оған қарама-қарсы екiншi затты не құбылысты еске түсiредi. (Ақ пен қара, биiк пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.).
Ес процестерiнсiз адам баласы мәдениеттiң қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетiле де алмас едi. Егер бiздiң есiмiзде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бiзге өмiрдi әр кез қайта жасап отыруға тура келер едi, не болмаса өмiрдегi заттардың барлығы да әр уақытта белгiсiз, не жаңа нәрсе болып көрiнер едi.
Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де (қабылдау, ойлау, қиял т. б.) тығыз байланысып жатады. Ол, әсiресе, ойлау үшiн аса қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтiредi. Ж. Аймауытов: “...еске түсiру өнерi дегенiмiз — ойлау өнерi... Байланыстардың мәнiсi — ойлау деген сөз”,— дейдi.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есiн тәрбиелеу айрықша орын алады. Мектептегi оқу-тәрбие процесiнiң негiзгi мақсаттарының бiрi — баланың есiн үздiксiз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есiнiң қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетiлген, олардың бiразы заңдылықтар ретiнде дәлелденген. Осы заңдарға сүйенiп, баланың оқу материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау — әрбiр мұғалiмнiң мiндетi.
Ойда қалдырылатын не қайта жақғыртылатын нәрсенiң сипатына қарай ес төртке бөлiнедi. Олар: қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естер.
1) Қозғалыс (немесе моторлық) есi деп ойын, еңбек әрекетiне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен кайта жақғыртып отыруды айтады. Естiң осы түрi қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргiзу, турникке ойнау т. б.) қалыптастырудың негiзi болып табылады. Мәселен, әрiп таңбаларың жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолы-ның қозғалыстарын есiнде сақтайды.
2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерiнiң нақтылы бейнесiн ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрiнiп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшiлер мен архитекторлардың музыканттар мен актерлердiң есi көбiнесе нақты, көрнектi болып келедi. Мұндай адам оқып шыққан кiтабының мазмұнын есiне түсiргенде ондағы ұсақ бөлшектерiне дейiн көз алдына жақсы келтiре алады. Мәселен, француздың белгiлi карикатурашысы Гаварни бiр көрген адамын бет-ажарынан тани қоюда орасан зейiндi болған. Ол көшеде серуендеп жүрiп, кенеттен қасындағы жолдасына: “Қарашы, мынау адам есiңiзде ме?” деп сұрады екен. Танысы: “Жоқ, бiлмеймiн” десе, “Қалай бiлмейсiз, осыдан 20 жыл бұрын пәлендей көшеде кездестiрген жоқ па едiк?”— дейдi екен.
3) Адам ойының түрлi формаларын, (ұғым, пiкiр, ой қорытындылары) еске қалдыра алу қабiлетi сөз-логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесiн есте сақтау — ойлау жұмысына байланысты. Естiң осы түрi көбiнесе философтар мен математиктерде жиi кездеседi. Сөз-логикалык естiң оқу процесiнде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есi онша дамымаған адамға қиынға соғады.
4) Сезiмдердi еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейдi. Мәселен, жас кезiмiзде тұрған жерге келсек, сол кезде бiзге ерекше әсер қалдырған нәрселердiң бәрi есiмiзге оп-оңай түседi. Өткендегi оқиға бiр қуанышқа байланысты болса, ол өмiр бойы естен кетпейдi. Мәселен, бiздiң әрқайсымыз ұлы Отан соғысының жеңiсiн тойлаған күн — 9 Мамырды немесе Ю. А. Гагариннiң космосқа бiрiншi жол салған күнi— 12 сәуiрдi, жыл сайын мерекеленетiн Наурыз-тойын, Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алған күнi— 16 желтоксанды еш уақытта ұмытпаймыз.
Адам сондай-ақ бiр нәрседен қатты қорықса да, тентектiк жасап, өзiн ұялтқан күндi басынан кешiрсе, мұндайды еш уақыт ұмытпайды. Эмоциялық ес жөнiнде орыс сахнасының шеберi К. С. Станиславский (1863— 1938) жақсы айтқан: “Егер сiз бастан кешiргенiңiздi есiңiзге түсiргенде бозарып және қызаратын болсаңыз, сiз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын болсаңыз — сiзде сезiну есi немесе эмоциялық естiң болғаны”.
Естiң жоғарыда аталған түрлерi екi сигнал жүйелерiнiң мидағы қызметiмен түсiндiрiледi. Мәселен, бiрiншi сигнал жүйесiнiң қызметi есте қалдыруда басыңқы роль атқаратын болса, онда естiң образдық түрi болғаны, ал ес екiншi сигнал жүйесi арқылы жүзеге асырылса, онда сөз-логикалық түрi болып табылады.
Соңғы кездегi ғылыми зерттеулер адамда естiң басқа түрлерi де болатындығын көрсетiп отыр. Мәселен, адамның материалды қанша мерзiмге сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып екiге бөлiнедi. Қысқа уақыттық естiң әрекеттiң нақтылы мiндеттерiн орындауға байланысты көрiнетiн турiн опера тивтiк ес деп атайды. Мәселен, оқушы текстi көшiрiп жазғанда, мұны түрлiше жолдармен (жеке әрiптер, буындар, сөздер, сөз тiркестерiн көшiру) орындайтын болса, бұл оның оперативтiк есi болып табылады.
Ес өте күрделi процесс, оның өзi бiрнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негiзгiлерi: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Ол арнайы есте қалдыру және ерiксiз есте қалдыру болып екiге бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет