Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерiнен басталады. Ойлау-түйсiк пен қабылдаудағы анализ бен синтездiң жаңа мазмұнға ие болған түрi. Анализ дегенiмiз ой арқылы түрлi заттар мен құбылыстардың мәндi жақтарын жеке бөлiктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтерi бiрiктiрiледi. Анализ бен синтез — бiрiмен-бiрi тығыз байланысты, бiрiнсiз бiрi болмайтын құбылыс. Бұл екеуi — бiрiнен-бiрi -ешқашан ажырамайтын ой процесiнiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бiр мәселенi шеше алу анализ беп синтездiң түрлi қиысуларын қажет етедi. Мәселен, мылтықты жеке бөлiктерге ажыратсақ, бұл-анализ (талдау) болады да, кейiннен осы бөлiктердi белгiлi тәртiппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптерiне негiзделген. Адам ойлауына анализ бен синтездiң дәрежесi түрлi жағдайларға байланысты (жас, бiлiм, тәжiрибе т. б.) әр қилы көрiнiп отырады. Мәселен, бөбектiң қағазды екiге бөлуi де, Эйнштейннiң салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бiрақ бiрiнен екiншiсiнiң айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектiң қағазды екiге бөлуiнде анализ практикалық амал ретiнде көрiнсе, Эйнштейннiң салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсiлi ретiнде көрiнедi.
Анализ бен синтездiң негiзiнде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылык, қасиеттерi айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бiр түрлi белгiлерiн көрсетумен қабат, басқа белгiлерiндегi айырмашылықтарын да айырып көрсетедi. Мәселен, заттарды оның түсiне, түрiне, құрылысына, атқаратын қызметiне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күр-делi түрi — абстракция мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулi қасиеттерiн басқа қасиеттерiнен ойша бөлiп алуды абстракция дейдi. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездердi “төрт бұрыш” деген сөзбен белгiлесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секiлдi заттардың ортақ қасиетi ретiнде “ақшыл” деген сөздi алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Астракцияға қарама-қарсы процестi нақтылау деп атайды. Нақтылау — абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетiн жеке ұғымдармен түсiндiру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетiн болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлерi нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекi етiп түсiндiруге мүмкiндiк бередi. Жеке мысал, көрнектi құрал — нақтылаудың түрлi формалары.
Жалпылау дегенiмiз бiр тектi заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерiн оймен бiрiктiру. Жалпылау үшiн заттардың ерекше маңызды белгiлерiн таба бiлу керек. Мәселен, алма, өрiк, мейiз, алмұрт т. б. ұқсас белгiлерi жиналып келiп, “жемiс” деген жалпы ұғымды бередi. Жалпылау тәсiлi бiзге сыртқы дүние заттарының мәндi белгiлерiн ажырата алуға жәрдем бередi, өйткенi “...ең қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың (пiкiрлердiң, қорытындылардың еiс) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы — дүниенiң барған сайын неғұрлым терең объективтiк байланысын адамның тануы деген сөз”.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгiлi принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейдi. Жүйелеудiң жоғары түрi — классификация. Мәселен, жануарлар — типке, типтен — класқа, кластан — отрядқа, отрядтан — отбасыға, отбасыдан — текке, тектен — түрге т. б. жүйеленедi. Жүйелеу арқылы өсiмдiктер дүниесiн, химиялық элементтердi белгiлi классификацияға келтiруге болады. Осы айтылған ой тәсiлi мал шаруашылығының қыры мен сырын жақсы бiлетiн қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шөптi ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп бiрнешеге бөледi. Шөптердi қай малдың жейтiнiне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйе үшiн: жапырақ, шағыр, изен т. б.. қой жейтiндерi: жоңышқа, қына десек, жылқы отына — боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т. б. жатқызамыз. Малды сондай-ақ жасына, жынысына, жүрiсiне бөлу де ойдың осы тәсiлiне жатады. Мәселен, жылқыны жасына орай: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бестi т. б. десек, ал жынысына қарай: құнан, тай, дөнен, бестi, байтал деп айтамыз. Сиыр малын: бұзау, баспақ, жынысына қарай тайөгiз (еркегi), қашар (ұрғашысы) т. б. деп бөледi.
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. Ұғым дегенiмiз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негiзгi касиеттерi бейнеленедi. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалiм т. б. әр тектi ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесiнiң нәтижесi қорытылады. “Адамның ұғымдары қозғалмайды, емес, қайта мәңгi қозғалып тұрады, бiрi екiншiсiне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмiрдi көрсетпейтiн болады”.
Ұғымдар дара және жалпы болып бөлiнедi. Мәселен, “Шымкент қаласы”, “Ғ. Мұратбаев” дара ұғым болса, “кiтап”, “адам”, “жұлдыз” т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мұмкiн. Мәселен, “жиналыс” (студенттер жиналысы), “кiтапхана” (балалар кiтапханасы) т. б. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының түсуi ғылыми ұғымдардың негiзiн меңгере бiлуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбiр ұғымда белгiлi мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бiрден меңгеру оңай емес. Бұл үшiн ойлау тәсiлiн меңгере бiлу қажет. Мәселен, “Ана тiлi” сабағында мұғалiм үй жануарлары мен жабайы аңдар тұралы түсiндiргенде, олардың бiр-бiрiнiң негiзгi өзгешелiктерiн көрсетумен қатар, ұқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесiнде балада “жабайы аңдар”, “үй жануарлары” дейтiн бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсiру — науқандық жұмыс емес. Ол әрбiр сабақ үстiнде, мектептегi барлық тәлiм-тәрбие процесiнiң барысында ұдайы жүргiзiлетiн жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелiгi де қатты ескерiледi. Мәселен, екiншi сынып оқушыларына сөз таптарын түсiндiргенде, мұғалiм зат есiмдердiң септелуiн, олардың классификациясын, математика сабағында “бөлiнгiш”, “бөлгiш” сияқты ұғымдарды бiрiнен-бiрi олардың өзiндiк белгiлерiне қарай ажыратқызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүрiп отырады. Кез келген ұғым — жалпылай алудың нәтижесi. Бастауыш сынып оқушылары құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбiрек мән беретiндiктен, жалпылау көбiнесе олардың сыртқы белгiлерiне жасалады. Мәселен, оқушыларға “күн”, “өсiмдiк”, “жануар” ұғымдарын түсiндiргенде, “күн жарқырайды” немесе “жылытады”, “өсiмдiк өседi”, “шөптi мал жейдi”, “сиыр — үй жануары”, “ол сүт бередi”, “құс ұшады, сайрайды” т. б. деп келедi де аталған нәрселердiң тек сыртқы белгiлерiн келтiрiп, оның iшкi мәнiне бармайды. Бала өзi көрмеген нәрселердi жалпылауға келгенде қи-налады. Мәселен, төменгi сынып оқушылары киттi көбiнесе балық деп санайды. Өйткенi киттiң суда жүзетiндiгi, сыртқы түрi балыққа ұқсас екендiгi рас. Мұғалiм киттiң ауамен дем алатынын, балаларын сүтпен қоректендiретiнiн айтып түсiндiргенде де бала оны балықтың бiр түрiне жатады деп ойлайды.
Төртiншi сыныптағылардың жалпылауларымен заттың iшкi мәнiн, оның негiзгi ерекшелiгiн, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады. Мәселен, олар су, ауа, металл т. б. денелердiң қысым ұлғаюшылық секiлдi жалпы белгiлерiне қарап, бұларды “өлi табиғат” ұғымына, ал өсiмдiктердi өсiп отыратындығына байланысты “тiрi табиғат” ұғымына жатқызады.
Бiр зерттеуде төменгi сынып оқушылары “құс”, “балық” ұғымдарының мәндi және мәнсiз белгiлерiн қалайша ажырата алатындығы тексерiлген.
Оқушылардың заттар мен құбылыстардың мәндi белгiлерiн ажырата алуы сыныбы жоғарылаған сайын арта түсетiнiн, олардың зат туралы белгiлi ұғымы бiрте-бiрте қалыптасып отыратындығын байқатады. Егер бiрiншi сынып оқушысы “құс” ұғымының мәндi белгiсiн бар болғаны 26 пайызға көрсете алса, төртiншi сынып оқушысы 87 пайызға (түгелге жуық деуге болады) жеткiзген, сөйтiп, төртiншi сынып оқушысында “құс” туралы ұғым толық қалыптасқан деуге болады. “Құс”, “балық” ұғымдары балаға бұрыннан да таныс нәрселер. Сондықтан да оқушылар мүмкiндiгiнше (қай сынып оқушылары болсын) осы ұғымдардың негiзгi, мәндi белгiлерiн бiлуге ұмтылады. Таблицадағы цифрлар бойынша оқушыларда ұғымның мәнсiз белгiсiне нақты көңiл бөлу бiртiндеп азая түсетiндiгiн көрсетедi. Мәселен, төртiншi сыныпта-ғылар осы ұғымның мәнсiз, екiншi қатардағы белгiлерiнен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртiншi сыныптағылар заттардың жалпы белгiлерiмен қатар жеке белгiлерiн де жақсы ажырата алады. Осы сыныптағылар арыстанды сүт қоректiлер тобына жатқызғанда оның басты белгiсi — жыртқыш аң екенiн көрсетiп бередi.
Ұғымда заттардың өзiндiк қасиеттерi ғана көрiнбейдi, олардың бiр-бiрiмен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық, кеңiстiк пен уақыттық, функционалдық т. б.) бейнеленiп отырады. Мәселен, жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секiлдi жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай ұғады. Бiрiншi, екiншi сынып оқушыларына заттың кеңiстiкке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткенi бұл оқушылар кеңiстiктiң негiзгi өлшемi — ұзындық екенiн бiрден ажыратпайды. Мәселен, “метр” ұғымын көбiнесе “бұл сызғыш” деп заттың түрiмен шатастырады. Балаға түрлi өлшемдер туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертудi тәжiрибемен (балалардың өздерiне өлшетiп үйрету) ұштастырып отырған абзал. Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлi бөлiктерiн көзiмен көрiп, қолымен ұс-тап, бұлардың белгiлi тұрқы бар екенiн аңғарады. Үшiншi, төртiншi сынып оқушыларының кеңiстiк жөнiндегi ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгiлер сияқты ұғымдармен толыға түседi.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр — бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мәселен, “Астана- Қазақстан Республикасының орталығы десек, бұл шындыққа сай ақиқат пiкiр болады да, ал “Атом — заттың бөлiнбейтiн және өзгермейтiн бөлегi” десек, бұл жалған пiкiр болып табылады. Әрбiр пiкiрде үш бөлiм болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтiрiлген пiкiрде: “Алматы” — логикалық бастауыш. “Қазақ республикасының орталығы—логикалық баяндауыш. Байланыс сөздер (“деп”, “дегенiмiз”, “айтамыз” т. б.) пiкiр де көбiнесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пiкiр грамматикада сөйлем делiнедi. Пiкiр де ұғым сияқты тек тiлдiк материал негiзiнде, тiлдiк терминдер мен сөйлемдердiң негiзiнде ғана туып, өмiр сүре алады. Пiкiр мен сөйлем бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Өйткенi бұл екеуiнiң негiзгi мүшелерiнiң мазмұны бiреу. Пiкiрлердiң түрлерi көп. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Бұлар да шындықтағы әр түрлi нәрселер, олардың түрлi қасиеттерi, сондай-ақ нәрселердiң арасындағы түрлi байланыстар бейнеленедi.
Төменгi сынып оқушыларын дұрыс пiкiр айта бiлуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәнi бар iс. Сөйлеудiң грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пiкiр қабiлетiн өсiре түседi. Бiрiншi сыныптағылардың пiкiрлерi кесiмдi болып келедi. Өйткенi ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мәселен, “Асан бүгiн неге сабаққа келмей қалды?” деп мұғалiм кезекшiден сұрайтын болса, “ауырып қалды” деп бiрден жауап бередi. Ал екiншi сынып оқушылары жорамалды пiкiрлер айтуға талаптанады. Мәселен, сабаққа келмеген Асан жөнiнде олар: “мүмкiн ол ауырып қалған шығар”, “не ұйықтап қалған болуы мүмкiн”, “сабағын оқымады ма екен, кiм бiлсiн?” деп түрлi жорамалдар жасайды. Бiрақ олар өз пiкiрлерiн дәлелдеп жатуды мақсат етпейдi. Өйткенi мұндай қабiлет тек үшiншi, төртiншi сынып оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бұған оқушыларда бiлiм көлемiнiң өсуi және оның жүйелене түсуi үлкен себеп болады. Осы жастағы балалар өз пiкiрлерiн жап-жақсы дәлелдей алады, түрлi нәрсенiң себебiн тауып қана қоймай, оған тиiстi жауапты өзiнше бере алатын болады. Математика сабағында мәселе есептердi шығару, грамматикада сөйлемдердiң күрделi түрлерiн меңгеру — олардың пiкiрлерiн дамытады. Әрине, төменгi сынып оқушыларының пiкiрлерi шындықтағы заттардың объективтiк байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгiлi. Мәселен, олардың “жылқы — жануар”, “гүл — өсiмдiк” деген пiкiрлерi негiзiнде дұрыс болғанмен, осы ұғымдардың мәнiн жеткiлiктi көрсете алмайды.
Ойлаудың күрделi формаларыньң бiрi — ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз бiрнеше пiкiрлерден жаңа бiр пiкiр шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пiкiрлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, “Барлық дельфиндер -жануар”, “Барлық металдар электр өткiзедi” деген екi пiкiрдiң арасында ешбiр логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуiнен үшiншi жаңа бiр пiкiрдiң тууы мүмкiн смес.
Ой қорытындыларының үш түрi болады. Бiрiншiсi - дедук- циялық, екiншiсi - индукциялық, ал үшiншiсi - аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Дедукция дегенiмiз жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мәселен, бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.