Психология кафедрасы



бет10/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.
Мотивацияның қазіргі кездегі теориялары
Психологиялық және ұйымдастыру-экономкалық бағыттағы мотивация теориялары бар. Оларды екі топқа бөлуге болады:
1) мотивацияның мағыналы теориялары, адамдарды басқаша емес, талап етілгендей іс-әрекеттер жасауға итермелейтін адамдардың ішкі қажеттіліктерін идентификациялауға негізделеді;
2) мотивацияның процессуальды теориясы – адамдардың тәрбиесін және танымын ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтынына негізделген қазіргі теория
Мотивацияның мазмұнды (мағыналы) теориясы:

  • А.Маслоудың иерархиялық қажеттіліктер теориясы,

  • К.Альдерфердің Еrg теориясы,

  • Д.Макклеландтың қажеттіліктер теориясы,

  • Ф.Герцбергтің екі факторлар теориясы.


А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы
Өзін-өзі көрсету
Құрметтеу
Әлеуметтік
Қауіпсіздік және қорғану
Физиологиялық
К.Альдерфердің

Еrg теориясы
Өмір сүру қажеттілігі
Байланыс қажеттілігі
Өсу қажеттілігі
Д. Мак-Клелланд адамдарға үш түрлі қажеттілік тән деп есептейді:

  • 1)Билік жүргізу қажеттілігі- адамның өзінің төңірегіндегі ресурстар және процестерді қадағалауды, басқа адамдарға ықпал етіп, олардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік алудан тұрады.

  • 2)Жетістік қажеттілігі- адамның алдына қойылған мақсаттарға бұрынғыдан гөрі тиімді жетуге ұмтылуынан туындайды.

  • 3)Қатыстылық қажеттілігі- қоршаған ортамен достық қарым-қатынастарға ұмтылуынан білінеді. Олар ұйым ішінде басқа адамдармен жақсы қатынастарға ықпал ететін позицияларды ұстап, жұмыс істегенді қалайды.
    Гигиеналық факторлар:

Фирма мен әкімшіліктің саясаты
Жұмыс жағдайы
Еңбек ақы
Басшылармен, әріптестермен қарым-қатынас орнату
Жұмыста тікелей бақылау дәрежесі
Мотивациялар:
Жетістік
Қызметте жоғарылау мойындау, әрі мақұлдау
· Ерекше жоғары жауапкершілік
· Творчестволық, іскерлік өсі мүмкіндігі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет