Психология педагогика және және и


БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚУШЫЛАРДЫ БЕЙІНДІК ОҚЫТУҒА



Pdf көрінісі
бет19/172
Дата17.02.2023
өлшемі12,4 Mb.
#68848
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   172
Байланысты:
практ

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚУШЫЛАРДЫ БЕЙІНДІК ОҚЫТУҒА 
КůСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН КЕШЕНДІК МОНИТОРИНГТІК ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Мақалада болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кǩсіби даярлау мǩселесіне 
жүргізілген социологиялық сауалнама нǩтижесі мен оны мониторингтік зерттеу қорытындысы 
келтірілген. 
Түйін сөздер: педагогтарды кǩсіби даярлау, бейіндік оқыту, кǩсіптік білім беру, мониторингтік 
зерттеу, 12 жылдық білім беру.
В статье дается заключение результатов проведения социологического опроса и мониторин-
гового исследования проблемы профессиональной подготовки будущих учителей к профиль-
ному обучению учащихся.
Ключевые слова: профессиональная подготовка педагогов, профильное обучение, професси-
ональное образование, мониторинговое исследование, 12 летнее образование. 
Annotation
The article gives the results of a sociological survey and monitoring research on vocational training 
of future teachers for specialized education of students.
Keywords: professional training of teachers, profi le education, vocational education, monitoring 
research, 12 years of education.
Қ
азақстандық білім беруді модерниза-
циялау Тұжырымдамасының басым 
бағыттарының бірі жалпы білім беретін мек-
тептердің жоғары сыныптарында арнайы 
даярлық жүйесі жǩне еңбек нарығының анық 
қажеттіліктерін ескере отырып оқушылардың 
ǩлеуметтендірілуі мен оқытуды жекелендіруге 
бағдарланған оқушылардың бейіндік оқула-
рын ендіре отырып жалпы білім берудің қол 
жетімділігі мен сапасын көтеру болып табы-
лады. Бұл жаңалықтың нǩтижелігі жоғары 
сынып оқушыларының бейіндік оқуларын 
жүзеге асыру бойынша инновациялық қыз-
метке қатысатын педагогикалық кадрлардың 
кǩсіби даярлығына тǩуелді. Бейіндік оқыту 
жүйесінде жұмыс істейтін педагог өзінің жаңа 
кǩсіби міндеттерін дұрыс шеше білуі тиіс, 
сол үшін білім беру үдерісіне еніп жатқан 
жаңалықтарды меңгеруі тиіс. 
Қазақстан Республикасы «Бiлiм беру» 
Заңында жоғары білім берудің кǩсіптік оқу 
бағдарламалары біліктілікті жǩне «бака-
лавр» академиялық дǩрежесін бере отырып 
мамандар даярлауға, олардың кǩсіптік даяр-
лығының деңгейін дǩйектілікпен арттыруға 
бағытталғаны туралы айтылса [1], ал Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында жоғары білімнің еуропалық 
аймағына бірігуді қамтамасыз ету, жоғары 
білікті ғылыми жǩне ғылыми – педагог кад-
рларды даярлау мǩселелері баяндалған [2]. 
Он екі жылдық білім беру бойынша құжат тар-
да жаңа ғылыми-педагогикалық идеяларды 
шы ғар машылықпен қабылдай алатын, оқы-
ту теориясы мен ǩдістемесін игерген кǩсі би-
педа гогикалық құзыреттіліктің жоғары дең-
гейін игерген маман ретінде даярлау мǩселесі 
қарастырылған [3].


24
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
Дегенмен қазіргі таңда бейіндік оқы ту 
үдерісін «Технология» бағытында жүзеге 
асы рудың мазмұндық жǩне іс-ǩрекет тік бағы-
тының педагогикалық, дидакти ка лық негізіне 
арнайы жүргізілген зерттеу жұмыс тары өте 
аз. ůсіресе түрлі техноло гия лық үдерістердің 
ғылыми негізін жүйелеп түсіндіретін болашақ 
мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға 
кǩсіби даярлауға байланысты негізделген, осы 
бағыттағы зерттеу жұмыстары өз негізінде 
нақтылы шешімін табу қажет. Сол себепті 
болашақ мұғалімдердің оқушыларды бейіндік 
оқытуға кǩсіби даярлығын социологиялық са-
уалнама арқылы тексеріп, мониторингтік зерт-
теу жүргіздік. Сауалнамаға педагогикалық 
мамандық студенттері, мектептердің жоға ры 
сынып оқушылары, педагогикалық қызмет 
саласындағы мамандар, мемлекеттік қызмет-
керлер тартылды. Негізгі мақсатқа сǩйкес 
зерттеудің 3 негізгі объектісі бойынша келесі 
зерттеу міндеттері қалыптастырылды: педа-
гогикалық мамандықтағы студенттерден педа-
го гикалық кадрларды бейіндік оқытуға тиімді 
даярлау жағдайларының кешені, жоғары 
білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытуды 
ұйымдастырудың белсенді түрлері, бейіндік 
мектептің болашақ мұғалімінің қасиеттерін 
студенттердің игеру деңгейі, мектептегі 
жоға ры сынып оқушыларының бейіндік 
даяр лықтарын жүзеге асыру жағдайларына 
студент тердің баға берулері салыстырылды. 
Жоғары оқу орындарында бейіндік оқытудың 
инновациялық ǩдістері бойынша даярлық 
деңгейлеріне студенттердің баға берулері са-
лыстырылды.
Лицейлер мен колледждердің жоғары сы-
нып оқушыларына бейіндік білім беру бағ-
дар ламаларын меңгеруге тиімді даярлау мүм-
кіндіктері, оқушылардың жеке білім беру 
бағдарламаларын құру мүмкіндіктерін ескере 
отырып, жоғары сынып оқушыларын оқы-
ту мазмұнын саралау үшін жағдайлар жа-
сау, бейіндік оқыту стратегияларына сǩйкес 
оқушылардың жеке білім беру траекториясын 
құру мүмкіндіктері салыстырылды.
Эксперттерден 
болашақ 
мұғалімдерді 
бейін дік оқытуға даярлаудың негізгі пробле-
малары, арнайы цикл пǩндерінен бейіндік оқу 
жǩне оқу дан тыс сабақтардың, педагогикалық 
практиканың, студенттердің оқу жұмыстары 
мен ғылыми зерттеу жұмыстарының мазмұн-
дық материалдары, мұғалімді оқушыларды 
бейіндік оқытуға даярлауға ǩсер ететін 
пǩн аралық байланыстарды түзету үдерісі, 
бейін дік оқыту жағдайындағы анықталған 
кǩсіби қызметтерді, білім мен іскерліктерді 
иемденетін мұғалімнің қызмет ерекшеліктері 
салыстырмалы талданды. 
Зерттеу пǩні болашақ мұғалімдерді бейіндік 
оқытуға нǩтижелі дярлауға ǩсер ететін фак-
торлар. Кешендік салыстырмалы зерттеуге 
педагогикалық мамандықтарда оқитын сту-
денттер, жоғары сынып оқушылары жǩне 
зерттелетін проблеманың мемлекеттік дең-
гейде шешілуіне ǩсер ететін эксперт маман-
дар қатысты. Сауалнамаға педагогикалық 
мамандық студенттері (42,2% ер бала, 57,8% 
қыз бала), лицей мен гимназияда оқитын 
жоғары сынып оқушылары (50% ер бала, 50% 
қыз бала) жǩне эксперттер(60,4% ер бала, 
39,6% қыз бала) қатысты. 
Респонденттердің ұлттық құрамына келе-
тін болсақ педагогикалық мамандықтарда 
оқи тын студенттердің 94,2% қазақтар, 3,8% 
басқа ұлт өкілдері (татарлар, ǩзірбайжандар), 
2,0% өзбектер. Лицей мен гимназияда оқи-
тын жоғары сынып оқушыларының 68,9% 
казақтар, 19,2% орыстар, 10,3% басқа ұлт 
өкілдері (украиндар, түріктер, татарлар), 
1,6% өзбектер. Эксперттердің 79,2% қазақтар, 
14,6% орыстар жǩне 2,1% - өзбектер, 4,2% 
- басқа ұлт өкілдері. Сауалнамаға қатыс-
қан эксперттердің 28-нің жалпы педа го-
ги калық өтілін талдасақ, 10 адамдыкі 10 
жылдан жоғары, 18 адамдыкі 20 жылдан 
жоғары. Эксперттер педагогикалық маман-
дық иелері. 48 эксперттің 4 доктор, 15 
педагогикалық ғылым кандидаттары, 8 экс-
перт саяси, социологиялық, психологиялық 
ғылымдардың докторлары, мемлекеттік бас-
қару органдарының басшылары (соның ішін-
де ОҚО ǩкімінің жанындағы облыстық жǩне 
қалалық білім беру департаменттерінің қыз-
меткерлері). 
2011-2012 жылдардағы зерттеу кезеңдерін 
салыстырмалы талдау көрсеткендей сұралған 


25
Білім берудің бүгінгі мǩселелері – Современные проблемы образования
студенттердің жартысынан көбі (59,3% к 
59,5%) жоғары оқу орындарында өз маман-
дықтарының таңдауына басты себеп мектеп-
те пǩндерді тереңдетіп оқу болғанын айтты. 
Таңдауға ǩсер еткен маңызды факторлардың 
бірі ретінде олар мамандықтар туралы 
интернет-ақпараттарды атады, сонымен қатар 
жоғары оқу орындарының буклеттерінде 
қамтылған ақпараттардың объективтілігі мен 
мазмұнының маңыздылығын атап көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет