Психология педагогика және және и



Pdf көрінісі
бет18/172
Дата17.02.2023
өлшемі12,4 Mb.
#68848
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   172
Білім берудің бүгінгі мǩселелері – Современные проблемы образования
− Дыбыстарды дұрыс, бірақ түсініксіз ды-
быстайтын балаларға да артикуляциялык гим-
настикалар өте пайдалы. Дыбыстарды анық 
айту − жазуға үйретудің бастапқы кезеңінен 
негізі екенін есте сактау қажет.
− Артикуляциялык жаттығуларды орындау 
балаларға да ересектерге де дұрыс анық жǩне 
ǩдемі сөйлеуге үйренуге мүмкіндік береді.
Баланы ана тілінде сөйлеуге, айналасын 
бақылап, тани түсуге үйретуде жүргізі ле-
тін жұмыстардың негізгі бір түрі – дидак-
тикалық ойындар. Дидактикалық ойын дар 
мектеп жасына дейінгі кезеңде бала ның 
тілін дамытуда өте маңызды роль атқарады. 
Балаға бағдарламалық материалды меңгерту, 
үйренген білім-дағдылырын бекіту жұмыс-
тары осы дидактикалық ойындар арқылы 
іске асады. Онсыз сǩбилерді қажетті білім 
дағдыларына үйрету, түрлі тǩрбие жұмыс-
тарын жүргізу, олардың сөздік қорын молай-
тып, есту, көру, сөйлеу мөлшерін дамытып
жаттықтыру қиындыққа соғатыны сөзсіз.
Сондықтан балабақшаның тǩрбиешілері-
не арналған бағдарламалық жоспарды бас-
шылыққа ала отырып, балалардың бақылап 
көргендерін тиянақтап, естерінде берік қал-
дыру, сөздік қорларын дамыту үшін төмен-
дегідей дидактикалық ойындар ұсынылды. 
Бұл ойындарда балалар үшін қиын дыбыстар-
ды дұрыс айтуға жаттықтыру көзделді.
«Ұшты-ұшты» − ойын-жаттығу. Бұл ойын 
дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыруға арнал-
ған.
Ұшты-ұшты
Кім ұшты?
-Қысқыш ұшты...
Қыш ұшты...
-Қысқыш ұшпас,
Қыш та ұшпас,
Ұшса ұшар.
Қашан қысқыш,
Қыс ұшты?
«Жаңғырық» − ойын-жаттығу.
Орман барсаң,
Айғай салсаң,
Пǩленше!..
Өзімізді өзімізге таң қылып,
Дауысымызды қайталайтын не нǩрсе?
Жаңғырық! Жаңғырық! Жаңғырық!
Бұл ойын-жаттығулар «ң» дыбысын дұрыс 
айтуға жаттықтырады. ůр бала жеке де, бǩрі 
қосылып та тақпақты айтады. Кім дұрыс 
айтпаса, қайталайды, дұрыс айтқан балаға 
қошемет көрсетіліп, шапалақ соғылады.
Балалардың көбіне дұрыс айта алмай-
тыны, тілі келмейтші «р» дыбысы, Осыған 
байланысты «р» дыбысын дұрыс айттыруға 
бағытталған жаңылтпаш сөздер сондай 
көп. Мысалы: «Ай, Тайқарбай, малыңды 
жадыраға жай Тайқарбай. Ай Тайқарбай, 
дегенің қай Тайқарбай» − деген сөздерді жыл-
дам айтқызғанда, бала жаңылып «р» дың ор-
нына «и» дыбысын қолданып, «Тайқайбай» 
деп те жібереді. Бұл сонымен қатар сөздерді 
бұрмалап айтпау үшін де ойын айқын да дǩл 
сөйлеуге жаттықтырады.
Жоғарыда келтірілген бір сөйлемде «р» 
дыбысы бес жерде қайталанып айтыла-
ды. Сол сияқты «Қырық құрықтық, сырық 
қырықтық» дегенде де бір сөйлемнің ǩр 
сөзінде «р» дыбысы айтылып, соның дұрыс 
сөйленуін талап еткен. «Р» дыбысын дұрыс 
айтуға үйретумен қатар мұнда сырт тұлғасы 
жǩне айтылуы жағынан да, мағналық ұйқасы 
жағынан да бір біріне жақын тұрған «қырық, 
қырықтық, сырық» деген сөздерді бір бірімен 
шатастырып, олардың орын алмастырып ал-
мау үшін де, дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатын 
көздеп, сөздерді ǩдейі осылай етіп құраған 
жǩне осы сөздердің бір бірінен мағына 
айырмашылығын танытуға үйрету бар. Бұл 
жағы балалардың сөз байлығын, сөздік 
құрамды байытуға үйретеді.
− «Торта қойдым,
Орта қойдым, 
Орта қойдым, 
Жорта қойдым,–
деген осы сияқты «р» дыбысын дұрыс айт-
қызуға бола арналып айтылған сөздер екені 
белгілі. Осыларды дұрыс айта алмаған «р» 
дыбы сына тілі келмеген балаларға өз дос-
тары күліп, оның кейде намысына тиіп, 


22
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
қалай да дұрыс оөйлеуге, ǩр сөзді айқын, дǩл 
айтуға мǩжбүр етеді. Намысына тырысқан 
бала достарының тǩлкегіне түскісі келмей өз 
бетінше жаттығып, сол сөзді, сол дыбысты 
сақау ланбай қалай да дұрыс айтуға тырысады.
Көркем ǩдебиет сабағында тақырыпқа жǩне 
оның мақсатына байланысты ойын-жаттығулар 
кеңінен пайдаланылды. Мǩселен, «Ерінбей ет-
кен еңбек өнімді», «Жетпіс пен жеті», «Мен 
ǩлемді танимын», «Ақылдың көзі, дананың 
сөзі», т.б. тақырыптарды өткенде «Ойнайық 
та ойлайық», «Құстардың дауысын сал», «Да-
усынан таны!», «Қай мезгіл?», «Не қалай 
дыбыстайды?», «Жапырағынан таны!», «Не 
жақсы, не жаман?», «Ертегі кейіп кер лерінен 
таны» сияқты ойын-жаттығуларды қолданып, 
берілген білімді қабылдауды балалар ойын 
ǩрекеті арқылы меңгеруге мүмкіндік алды. 
Бұл ойын-жаттығуларды қолдану ǩдісте-
месі мектеп жасына дейінгі балалардың 
артикуляциялық жағынан дұрыс сөйлеу тілін 
ғана дамытып қоймай, олардың жалпы сана-
сезімін қалыптастыруда, баланы тǩрбиелеуде 
үлкен қызмет атқарады деп санауға болады. 
Сөздің дыбыстық мǩдениетіне тǩрбиелеу 
ісі тек логопед мамандардың ғана емес, 
ǩрбір сауатты педагогтың міндеті. Дыбыстың 
артикуляциясын меңгерту қиын ǩрі ұзақ 
жүргізілетін жұмыстың жемісі. Сондықтан да 
болса керек, «Балалар бақшасындағы тǩрбие 
бағдарламасы» баланы оқуға жǩне жазуға 
үйретуге басталған кезде (жеті жасқа қарай) 
барлық дыбыстардың артикуляциясын толық 
үйрену міндетін қояды. 
Тǩжірибе көрсеткендей, ǩдіс-тǩсілдердің 
тиімділігі белгілі бір сабақтың мақсат-мін -
де тіне, оқу материалы мазмұнының ерек ше-
лігіне, балалардың оқу ǩрекетіне дайын ды ғына 
тікелей байланысты. Сөздің арти ку ля циясын 
меңгеруге, сөйлеу аппаратын дамы туға арнал-
ған жұмыстарда дұрыс таңдал ған ǩдіс тер 
өз нǩтижесін күткізбейді. Жүйесіз пай дала-
нылған ǩдістер тǩжірибеде жақсы нǩтиже 
бермейді. Сондықтан педагог тǩрбиеші жұмыс 
барысында ǩдіс-тǩсілдерді таңдауда топтың 
жеке ерекшеліктерін ескеріп отырғаны да жөн. 
ůДЕБИЕТТЕР
1 Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев 
В.К. Мектеп жасына дейінгі балалрдың тілін 
дамыту методикасы. − Алматы, «Мектеп», 
1981. − 244 б.
2 Выявление и преодоление речевых нару-
шений в дошкольном возрасте. / Сост. И.Ю. 
Кондратенко. − М.: Айрис-пресс, 2005.
3 Ланцов А.А. Расстройства речи. Клини-
ческие проявления и методы коррекции. Сб. 
научн. тр. – СПб.: Наука, 1994.
4 Лопатина Л.В., Серебрякова Н.В. Логопе-
дическая работа в группах дошкольников со 
стертой формой дизартрии. – СПб.: Образо-
вание, 1994.
5 Парамонова Л.Г. Логопедия. – СПб.: Речь, 
2004. – С. 65.
6 Власова Т.М., Пфафенродт А.Н. Фонети-
ческая ритмика. – М.: ВЛАДОС, 1996.


23
Білім берудің бүгінгі мǩселелері – Современные проблемы образования
ůОЖ 331.361 [343.3]
У.Ж. ҚОНАҚБАЕВА 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
«Шығармашылық жǩне жаңа технологиялар» ғылыми мектебі
ukonakbaeva@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет