Психология пәні бойынша дәріс материалдары 1



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата27.09.2023
өлшемі458,41 Kb.
#110646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Психология лекция

 
 
 
 
1.5
 
Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері.
Темперамент, мінез және қабілет. Темперамент анықтамасы. Жүйке 
жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы. 
Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент 
пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және 
тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары. 
 
Темперамент
(лат. 
temperamentum
- бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның 
психикалық әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: 


психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының 
жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық 
ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, 
тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. 
Темперамент – нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке 
өзгешеліктерінің бірі. Ол адамның эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, 
жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. 
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв 
қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның 
жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді 
біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, 
біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның 
көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция 
сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек, т.б.) жақсы байқалып отырады. 
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ 
айтыла басталады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-
356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократ өзінің дәрігерлік 
тәжірибесінде адамдардың қимыл-әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс-
тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әртүрлі екендігін 
байқап, бұлардың не себептен осылайша болғандығына ерекше назар аударған. 
Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі 
төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, 
денені салқындататын тұратын – шырын (слизь), денені құрғататын тұратын – бауырдағы 
сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, 
араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді 
темпераментум деп атап кеткен. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент 
атауларын белгіледі, яғни Гиппократтың тұжырымы ғылыми тұрғыда дәйекті болмаса да, 
оның енгізген терминдері әлі күнге дейін қолданысқа ие: сангвиник (sangius – қан), 
флегматик (phlegma – шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole – запыран). 
Гиппократ 
және 
оның 
шәкірттері 
адамдағы 
темпераменттердің әр 
түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты 
деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық 
(латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» - шырын), 
флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше 
«мелай - нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше «холе» - өт) 
темпераменті деп аталады. 
Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий 
Гален (129-199) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипатқа жақын іліммен 
түсініктеме берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің 
басымдылығымен байланыстырды. 
Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген 
ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді. Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он 
үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым, адамның темпераменті 
күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. 
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың 
құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше 
физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат 
алмасуға, ішкі серкеция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс 
философы И. Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің 
төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ, ол темперамент пен мінез 
ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды. 


Темперамент туралы теориялар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. 
Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке тонусына 
байланысты десе, орыс антропологы Н.Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы 
молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. 
Көрнекті орыс 
педагогы 
П.Ф. 
Лесгафт 
(1837-1909) 
темпераменттерді 
қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Оның айтуы 
бойынша қан тамырлары неғұрлым кең болса, қан сұйықтығының қозғалысы соғұрлым 
баяу болады, олай болса адамның жүріс-тұрысы да, сөйлеген сөздері де, қимыл әрекеттері 
де баяу болады. Ал егер, қан сауыты неғұрлым тар болса, қан сұйықтығының қозғалысы 
соғұрлым жылдам болады, соған сәйкес, оның жүріс-тұрысы да жылдам болады.
Қазіргі кезде темперамент анықтамасы нақты ғылыми тұрғыда дәйектеліп, жүйке 
жүйесінің тума қасиеттері ретінде түсіндіріледі.
Темпераменттің негізгі қасиеттері: сензитивтілік (сезімталдық), реактивтілік, 
белсенділік, ригидтік, икемділік, эмоциялық қозу, экстраверсия-интроверсия. 
Сензитивтілік (сезімталдық) - бұл жоғары сезімталдықтан тұратын адамға тән 
ерекшелігі. Сензитивті адамдарға икемділік, тұйықтық, жоғары мазасыздану, қорқу, жаңа, 
кейде кешендері олқылықтың талаптануының төмен деңгейі және т. б. тән. Реактивтілік – 
бірдей күштің сыртқы немесе ішкі әсерлеріне реакциялардың еріксіз болу дәрежесі. 
Белсенділік – сыртқы ортаға әсер ету кезіндегі адамның энергиялық дәрежесі және 
мақсатқа жету жолындағы кедергілерді еңсеру. 
Реактивтілік пен белсенділіктің арақатынасы адамның қызметі көбінесе кездейсоқ 
сыртқы немесе ішкі жағдайларға тәуелді: (көңіл-күй, тілек, кездейсоқ оқиғаларға) немесе 
адамның мақсаттарына, ниеттеріне, ұмтылыстарына, нанымдарына байланысты 
анықталады. 
Реакциялар қарқыны әртүрлі психикалық реакциялар мен процестердің жүру 
жылдамдығынан: қозғалыс жылдамдығынан, сөйлеу қарқынынан, тапқырлықтан, есте 
сақтау жылдамдығынан, ақыл жылдамдығынан көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет