Психология пәні бойынша дәріс материалдары 1



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата27.09.2023
өлшемі458,41 Kb.
#110646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Психология лекция

 
 
 
 
 
1.2. Тұлға және мотивация 
Тұлға. Индивид. Даралық. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Тұлғаның 
мотивациялық сферасы. Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық 
сфераны жалпы ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. 
Жетекші мотив. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы. 
Мотивацияны зерттеу әдістері. Мотивациялық лайықтылық. Мотивациялық 
сфераның бұзылуы және еңбек тиімділігінің төмендеуі. 
 
 
Мотивация
 
– бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер 
ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі. 
Мотив бұл – түрткі, адамды қандай да бір іс-әрекетке итермелеу.


Мотив
- адамды айқын әрекеттерге итермеледі. Мотив адамның "ішінде" болады, 
“арнайы” мінез-құлқы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға 
тәуелді болады, сонымен қатар, оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді 
болады. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір 
бәсекелестіктерді алып тастай алады. Адамның белсенділігін оятады, мотив жоқ жерде 
енжарлық орын алады, іс-әрекет аяқсыз қалады. 
Адамды не нәрсе іс-әрекетке итермелейді? Қажеттілік пен іс-әрекеттің арасында 
қандай байланыс бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін әрбір қажеттіліктің даму процесінде 
екі кезеңді бөліп қарастыру керек. Бірінші кезең – затпен бірінші кездесуге дейінгі кезең. 
Екінші кезең – осы кездесуден кейінгі кезең. Әдетте бірінші кезеңде субъект үшін 
қажеттілік жасырын болады. Адам қысылып-қымтырыла тұра бұл күй немен байланысты 
екененіне өз-өзіне есеп бере алмауы мүмкін. 
Мотив қажеттіліктің негізі болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік 
нақтылана түседі, субъектке түсінікті болады. Мұнда субьект деп отырғанымыз – қарым-
қатынас иесі, іс-әрекетті орындаушы, танымдық-тұлғалық ерекшеліктер иесі – адам 
немесе тұлға.
Қажеттілік пайда болысымен адамның жүріс-тұрысы әп-сәтте өзгереді. Егер бұрын 
оның жүріс-тұрыс бұл қажеттілікке бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болысымен 
ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте 
бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы 
әрекеттердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-
әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н. Леонтьевтің айтуы 
бойынша іс-әрекет теориясы құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол іс-
әрекеттің ерекше деңгейі. 
Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген 
ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірі әрдайым 
жетекші, ал екіншісі – тұрлаусыз (қосалқы) болады. Осы тұрлаусыз мотивтер 
ынталандыру-мотиві болып келеді. 
Мотивтер мақсаттың пада болуымен немесе қалыптасуымен әрекеттерді туғызады. 
Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзін екі үлкен классқа 
бөлуге болады: іс-әрекеттің саналы деңгейі және бейсаналы мотивтері. Мысалы, саналы 
мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат адамның өмірлік мақсат, 
армандарынан көрінеді. Мақсат, армансыз адам қанатсыз құсқа тең дегендей барлық 
адамдар өмірлерінде белгілі бір мақсат қойып, армандап жүреді. Бұндай мотивтердің 
болуы адамдардың өмір белсенділігін қамтамасыз етеді, болашағын болжамдайды, 
өмірдің мәнін айқындайды. Мотивтердің келесі классына жататын бейсаналы мотивтер 
жиі кездеседі және белгілі жасқа дейін кез-келген мотивтер бейсаналы болып келетін айта 
кету керек. 
Санасыз (бейсаналы) мотивтер санада ерекше формада көрінеді. Олар 
эмоциялар 
және
 тұлғалық мағынадағы 
формада кездеседі.
Психология ғылымындағы іс-әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің 
мотивке деген қатынасының бейнесі ретінде сипатталады. Мотив жағынан алғанда іс-
әрекет сәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса – теріс 
эмоциялар болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н. Леонтьев қана зерттеп 
қоймай, сонымен қатар бұл туралы З. Фрейд, У. Кэннон, У. Джемс, Г. Ланге тәрізді 
ғалымдар жазған болатын. 
Тұлғалық мағына – мотивтердің санада көрінуінің басқа формасы. Дәл осы жетекші 
мотивте мағына құраушы функция бар екенін айта кету керек. Ынталандыру мотиві 
мағына құраушы функция қызметін атқармайды, тек қана қосымша қоздырушы қызметін 
атқарып, эмоцияны тудырады. 
Осылайша, біз бірнеше қорытынды жасай аламыз. Біріншіден, адамның психикасы 
мен іс-әрекеті өзара байланысты, сондықтан психиканы зерттеу және оның 


заңдылықтарын тұжырымдау іс-әрекет қағидаларына негізделеді. Екіншіден, адамның 
айналысатын іс-әрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын және 
субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-әрекеттің осындай ерекше 
мотивтік түрлері адамның психикалық дамуының заңдылықтарына әсер етеді.
Мотивацияны қандай да бір әрекетті орындауға ынталандыру қабілеті немесе 
адамды бір нәрсеге итермелеу қабілеті ретінде түсіндіруге болады. Егер адам басқа біреуді 
ынталандырса, онда бұл жерде оң нәрсе туралы айтылады. Егер адам өзі мотивация 
объектісі болып табылса, онда ол мінез-құлықтың нақты үлгісін таңдай отырып, 
манипуляциялайды деген сезім пайда болуы мүмкін.
Мотивация адамның өзінен басталады. Өзін-өзі мотивациялау -маңызды процесс, 
бірақ ол басқалардың мотивациясына сәйкес келсе де, оны жеке, басқа да өзін-өзі 
жетілдіру дағдыларымен бірге, мысалы, өзін-өзі бекіту сияқты қарастырады. 
Өзіндік мотивация дегеніміз психолог Н. Хиллдің айтуынша, бұл адам басқара 
алатын жалғыз нәрсе. Басқаша айтқанда сенің қандай да бір іс-әрекетті орындауыңа 
немесе орындамауыңа өзің ғана жауаптысың, өзіне ғана байланысты. Өзін-өзі 
мотивациялау жеке тұлғаның тиімділігінің басты атрибуты, оның өзін-өзі іске асыруының 
маңызды шарты болып табылады. Әрбір адамның өзінің жеке стратегиялық жоспары бар. 
Бірақ әркімнің ерік-жігері, ынтасы немесе оны жүзеге асыруға батылдығы жете бермейд. 
Өзін-өзі мотивациялау және адамды іс-әрекетке итермелейтін және қандай да бір белгілі 
бір бағытта жүруге мәжбүр ететін өзіндік қана ішкі күш бар. 
Бұл күш оның барлық уақыты мен кеңістігін қамтитын өмір бойғы лейтмотив 
болып табылады. Өзін-өзі мотивациялау тұлғаның өмірлік басымдықтарымен, ниетімен, 
ұмтылысымен, сенімдерімен тығыз байланысты. Олар іс-әрекетке итермелейтін
белсендіріп жұмылдыру серіппесі болып табылады. Адамның потенциалдық резервтерін 
белсендіре отырып, олар оны шабыттандырады және мүмкін емес нәрсеге қол жеткізуге 
мүмкіндік береді. Өзіндік мотвацияны әдетке айналдыру керек. Себебі өзіндік мотивация 
бүкіл өміріңнің көрінісі. Өміріңе қаншалықты қанағаттануың – өзіндік мотивацияңның 
салдары деп түсінген жөн.
Психологтар өзіндік мотивацияның уақыттық факторына орай үш деңгейін 
ажыратып көрсетеді:
1. өзіндік мотивацияның жоғарғы деңгейі – шұғыл түрде қандай да бір әрекет жасау 
керек болған кезде, соны орындау қажеттілік деңгейі жоғары болады.
2. өзіндік мотивацияның орташа деңгейі – қандай да бір маңызды әрекет орындау 
керек болған жағдайда, оны орындау міндетті емес деп қажеттілік деңгейі орташа болады
3. өзіндік мотивацияның төмен деңгейі – адамға қандай да бір іс жасау ұнайды, 
бірақ оның эмоциялық ынталануы, орындау қажеттілік деңгейі төмен болады, эмоциялық 
қозу жұмылдырылмайды. 
Осы заңдылыққа сүйене отырып, уақыттық фактордың іс-әрекетті орындау 
басымдылығы критерийіне әсер ететіндігі туралы қорытынды жасауға болады. Ең 
маңызды күштерді (өзіндік мотивацияны) барынша жоғары жұмылдыру кезінде іс-әрекет 
дер кезінде орындалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет