дамып жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуге тура келеді. Бұл сынақ бойынша
адамның ешкіммен қарым-қатынас жасауына тыйым салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз
даланың үңгірінде тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде
«
Моритао»
делініп, адам өзімен-өзі тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда
адамның рухани дамуы тежеліп, жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін тататын болады.
Тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй кешіп,
кез-келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде одан орасан зор ләззат алып, жан дүниесі
рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын көрінеді. Бұл жайттардан біздер
адамның кез-келген іс-әрекетінде тілдесіп сөйлеу, қарым-қатынас жасаудың шешуші
маңызы бар әрекет екендігін тереңірек ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-
қатынас жасамаса, онда оның өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді
Қарым-қатынастың жалпы сипаттамаларын, ары қарай осы позиция тұрғысынан
үйренушілер мен үйретушілердің (мұғалім мен окушылардың, оқытушы мен
студенттердің) қарым-қатынасын сипаттайтындай етіп қарастырайық.
Тілдік қарым-қатынас процесінің формалды жағы А.А. Холодович суреттеген
тілдік мінез-құлық типологиясының негізінде сапатталынуы мүмкін. Ол тілдік акттің
сәйкестендірілуінің бес бинарлық белгілерін ұсынды: білдіру кұралы, коммуникативтілік,
бағдарланғандық, квантификативтілік, контактілік. Мысалға, «білдіру кұралы» белгісі
бойынша, қарым-қатынас дыбыстық немесе жазбаша болуы мүмкін. «коммуникативтілік»
белгісімен автор серіктің болу немесе болмауын белгілейді және де бар болған жағдайда -
не тікелей (мысалы, диалог), не жанама коммуникативтілікті белгілейді - делдал арқылы,
үшінші адам арқылы (мысалы аудару). «Бағдарланғандық» не ауыспалылықты (біреу
сөйлейді, басқасы (басқалары) тындайды), не өзаралық (екі әңгімелесуші кезек-кезек
сөйлейді және тыңдайды). «Квантификативтілік» тындаушылар санын (біреу - көп) және
қабылдаушы жақ сипатын анықтайды. А.А. Брудный терминологиясы бойынша осыған
байланысты қарым-қатынастың екі түрін ажыратады: аксиалды және ретиалды (желілік).
«Контактілік» белгісімен көз алдында әңгімелесушінің болуын не жоғын белгілейді.
Аталған белгілердің үйлесімі бойынша, теоретикалық түрде тілдік қарым-қатынастың 32
түрі болуы мүмкін. Осы тұжырымдама терминінде педагогикалық қарым-қатынас
көпшілігінде дыбыстық, тікелей, контактілі, ауыспалы (ол өзара болуы керек), бұқаралық
және ақсиалды-ретиалды ретінде сипатталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: