Психология пәні бойынша дәріс материалдары 1



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата27.09.2023
өлшемі458,41 Kb.
#110646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Психология лекция

«эмоция» сөзі
– ол жан-дүниенің қозғалысы, жан-
дүниенің қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез құлқында ерекше рөл атқарады. 
Эмоциялар мынадай қызметтер атқарады: 
Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі
– адамның оқиғаға адамның түрлі әсерінің 
болу мүмкіндігін білдіреді. 
Эмоцияның басқарушы рөлі
– Адамды қоршаған шындықты және қандай да бір 
оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез-құлқын басқаруда эмоция маңызды 
рөл атқарады. 
Эмоцияның қорғаныс қызметі –
адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп 
туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныштың туындауымен тығыз байланысты. 
Эмоцияның сигналдық қызметі
– сыртқы көрініс арқылы адамның басқа адамға 
жай күйін хабарлауы. Академик П.К. Анохин адам мен жануарлардың мінез-құлқын 
бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық әсерленулер эволюцияда тетік 
ретінде бекітілген, ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте ұстайды және өмірлік маңызы 
бар факторлардың жетіспеушілігінің немесе артықшылығының алдын алады деген 
көзқараста болды. 
Тұлғаның эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық 
тұрғыда аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп 
қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа, адамдарға деген эмоционалдық 
қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады. 
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық үрдістер ретінде емес, тұлғаның 
қызметінің көрінісі ретінде қарастырды. Ол эмоционалды құбылыс бейнелеуші мазмұннан 
және эмоционалды күйзелістен тұрады деп санады. 
Л.С. Выготский өз зерттеулері арқылы эмоциялардың теориялық мәселелерін 
қарастырған. Оның көзқарасы бойынша эмоциялар ағзаны белсенділікке ынталандырып, 
оның қоршаған ортамен өзара қатынасын реттейді. 
Э. Клапаред эмоция туралы дамыған бала мен қалыпты жағдайдан ауытқыған 
баланы ересек адамдармен салыстыра отырып, арнайы тәжірибе арқылы зерттеді. Ол 
эмоция мен сезім жеке процестер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі 
ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше деген көзқараста болды. Эмоция адамның 
жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болатындығын да қарастырды. 
З. Фрейд қалыпты дамыған бала мен жүйке ауруына ұшыраған баланың 
эмоцияларын ересек адамдардың тіршілігімен салыстыра отырып, зерттеуге мамандардың 
үнемі көңіл аударып отыратындарына назар аударды. 
Расында, эмоцияның адам өмірінде маңызы зор. Олай дейтін себеп, біріншіден
эмоция – бұл қозғалыс! Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті 
нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейбірекетсіздікке 
ұшыратады. Эмоция адамның есте сақтау процесімен де тығыз байланысты. Біздің алған 
барлық әсерлеріміз, яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда 
өткендерді еске алудың өзі де бізде қандайда бір сезім туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет