Психология пәні бойынша дәріс материалдары 1



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата27.09.2023
өлшемі458,41 Kb.
#110646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Психология лекция

 
 
1.8
 
Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері. 
Психологиялық конфликтілердің түрлері. Конфликтінің конструктивті және 
деструктивті функциялары. Конфликтінің даму сатылары. Конфликтінің 
қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен 
мақсаттары. Конфликтінің кеңістік-уақыттық шекаралары. Конфликтінің типтік 
кезеңдері. Конфликтінің функциялары мен зардаптары. Конфликтіні болдырмау 
технологиясы. Конфликтідегі ұтымды мінез-құлық технологиялары. Конфликтілік 
мінез-құлықтар: ынтымақтастық, бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация 
стратегиялары. 
Конфликтілерді 
шешу 
көп 
сатылы 
процесс 
ретінде. 
Манипуляторлардың типтері. Негізгі манипуляциялық техникалар. Манипуляция 
процесіндегі тұлға. Манипуляция жасырын хабарлама ретінде. Келіссөздер - 
конфликтіні шешудің тәсілі ретінде 
 
Конфликт психологиясы тарихы конфликтология ғылымының бір саласы ретінде 
қарастырылған. Сондай-ақ, әлеуметтану ғылымының зерттеу пәні болып табылады. 
Сондықтан, әлеуметтік конфликт тарихын әлеуметтану және конфликтология ғылымдары 
тұрғысынан қарастырамыз. 
Қазіргі әлеуметтану тарихы туралы әдебиеттерде әлеуметтік бағыттар үлкен 2 
топқа әлеуметтік конфликтінің жағдаятына байланысты бөлінеді. Мұндай бөліну беделді 


әлеуметтік тарихты зерттеуші ғалым Джеффри Александрдің еңбектерінде кездеседі. 
Маркстің, Вебердің, Парето теорияларында, ал қазіргі кезде Дарендорф бұл мәселені 
конфликт проблематикасы басты орын алуына байланысты қарастырады. Дюркгейм, 
Парсонс, Смелсер негізгі зейінді тұрақтылық проблемасында қарастырады. Бұл теориялар 
негізінде конфликтіні зерттеуге емес, консенсусқа жету мәселесіне бағытталған.
Біздегі конфликт психологиясының тарихы жалпы алғанда, орыс халқындағы 
конфликтологияның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан, конфликт 
психологиясының дамуы бірнеше кезеңдер мен сатылардан тұрады. 
1-ші кезең 

1924 жылға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің ішінде конфликтологиялық 
идеялар адамдардың шынайы конфликтілердегі мінез-құлық қағидалары, ережелері мен 
тәсілдері практикалық білім ретінде туындайды және дамиды. Сондай-ак өнер мен 
мәдениетте конфликтология мүдделеріне қатысты күштеу мен күштемеу мәселесі өз 
көрінісін табады. Алғашқы тастарға салынған суреттерде адамдарға қатысты түрлі 
конфликтілер бейнеленген. Осы кезенде конфликт туралы алғашқы ғылыми білімдер де 
жинақтала бастайды. Конфликт психология, философия және кейбір басқа ғылымдар 
шеңберінде зерттеледі, бірақ жеке құбылыс ретінде бөлініп шықпайды. Орыс халкының 
конфликт мәселесін зерттеуде белгілі жазушы, зұлымдыққа күшпен қарсы шықпау 
теориясының авторы Л.Н. Толстой ерекше орын алады. Ал, қазақ халқының бас ақыны 
Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде халқымызға қатысты конфликт пен дау-дама, 
қақтығыстың рулар мен аталастар, ағайын мен туыстың, бауырлар мен күндестің 
балалары арасында туындауы туралы өзіндік көзқарасын білдірді. 
2-ші кезең 

1924-1990 жж. Бұл кезең жекелеген конфликтология салаларының, 
оның ішінде конфликт психологиясының да пайда болу, қалыптасу және даму кезеңі. 
Конфликт әуелі үш (заңтану, әлеуметтану, жантану), ал кезең соңына қарай оннан астам 
ғылымның шеңберінде жеке құбылыс ретінде зерттеле бастайды. Біздегі конфликтология 
тарихындағы екінші кезең төрт негізгі сатыдан тұрады. 
Заманымыздың заңғар жазушысы атанған М. Әуезов, қазақ психология ғылымына 
өзіндік үлесі бар ақын-жазушылар Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов т.б. 
шығармаларында да ұлтқа тән, оның ішінде батыр мен қорқаққа, бай мен кедейге, күшті 
мен әлсізге қатысты конфликт мәселесінің шешілуін өз шығармалары арқылы халықтың 
түсінігін кенейтуге түрліше тәсілдермен көркемдік пен тартымдылықты, озбырлық пен 
аяушылықты шебер пайдалана отырып жеткізді. 
Бірінші саты 

1924-1934 ж.ж. Ол жарияланымдардың алғашқы «толқынын» 
қамтиды. Конфликт мәселесіне байланысты психологтар мен әлеуметтанушылардың 
алғашқы еңбектері шыға бастайды. 1924 жылы орыс әлеуметтанушылары мен 
психологтары П.О. Гриффин мен М.М. Могилевскийдің конфликт мәселесіне байланысты 
алғашқы еңбектері жарияланады.
Екінші саты 

1935-1948 ж.ж. Жарияланымдардың мүлде жоқтығымен 
сипатталады. Бұл Ұлы Отан соғысымен және тұтастай елдегі жағдаймен байланысты 
болды.
Үшінші саты 

1949-1972 ж.ж. Бұл кезеңде конфликт мәселесіне байланысты жыл 
сайын еңбектер жарияланып, алғашқы 25 кандидаттық диссертация қорғалады. 
Конфликтіні жеке кұбылыс ретінде философияда, педагогикада, тарихи және саяси 
ғылымдарда зерттеу басталды. 
20-жылдардан бастап 70-жылдардың ортасына дейінгі кезенде конфликт мәселесі 
психологиялық зерттеулерде фрагменттік сипатта болғанына назар аудару қажет. 
Конфликтіні зерттеудің әдіснамалық және теориялық базасын қалыптастыру үшін қажетті 
қорытындылайтын сипаттағы еңбектер болған жоқ. Бұл кезеңде конфликт 
психологиясының дамуына Н.С. Кровчун, Д.Д. Глоточкин, Н.Ф. Феденко, М.Н. Дьяченко, 
М.Л. Гомелаури, А.И. Ушатиков, А.И. Китов және т.б. сияқты ғалымдар елеулі үлес 
қосты. 
Төртінші саты 

1973-1989 ж.ж. Бұл баспалдақта, 70-жылдың екінші жартысында 


жиналған эмпирикалық материалды теориялық ұғынуға әрекет жасаған психологтардың 
еңбектері шығады (Н.В. Крогиус, 1976; А.И. Донцов, Т.А. Полозова, 1977). Конфликтіні 
психологиялық талдаудың ұғыну сызбасы ұсынылды (Л.А. Петровская, 1977). Бұл кезенде 
конфликтологиялық мәселелерді зерттеуге психолог ғалымдар Н.В. Гришина, А.А. Ершов, 
И.В. Пономарев, А.Л. Свенцицкий, В.П. Галицкий, М.П. Крапивин және т.б. белсенді 
түрде қатысты. Төртінші кезеңнің қорытындысы Ресейдегі конфликт психологиясында 
аталмыш құбылысты зерттеудің үш бағытының: ұйымдастыру, іс-әрекеттік және тұлғалық 
ілімдерінің қалыптасуы болды. 
3-кезең 

1990 жыл 

қазіргі уақыт. Алғашқы пәнаралық зерттеулер пайда болды. 
Конфликтология 

жеке ғылым, ал конфликт психологиясы оның жетекші саласы болып 
бөлініп шыға бастады. Мақалалар мен еңбектер санының шұғыл артуы байқалды (жылына 
165-290-ға дейін), конфликтіні зерттеуге және реттеуге байланысты психологиялық 
орталықтар, топтар құрылды. Бұған А.Л. Анцупов, Н.В. Гришина, Ю.А. Канатаев, М.М. 
Рыбакова, Б.И. Хасан, А.И. Шипилов, В.А. Хащенко, Э.З. Хащенко және т.б. сияқты 
психолог зерттеушілер айтарлықтай еңбек сіңірді. 
Тұлға ішілік және әлеуметтік конфликтіні зерттеуде шетел психологиясының 
айтарлықтай өзіндік дәстүрі бар. Шамамен 100 жылдық кезеңде жинақталған үлкен 
теориялық және эмпирикалық материал әр түрлі бағыттар мен теориялык бағдарламада 
көрініс табады. Конфликт психологиясының тарихында екі кезеңді шартты түрде бөліп 
көрсетуге болады: XX ғасырдың басы 50-жылдар және 50-жылдардың соңы қазіргі уақыт. 
Мұндай бөлу негізі конфликт мәселесінің психологияда қарастырылатын басқа мәселелер 
қатарынан бөлініп шығу дәрежесіне байланысты болды. Ғасырдың бірінші жартысында 
конфликт зерттеудің жекелеген нысаны ретінде бөлінбеді, анағұрлым кең 
тұжырымдамалардың (мысалы, психоанализдегі немесе социометриядағы) құрамдас 
бөлігі ретінде қарастырылды. Психологтардың басты зерттеулері конфликтінің өзін емес, 
олардың салдары немесе оны тудыратын себептерді зерттеуді қызықтырды.
50-60 жылдар аралығында психологтердің ғылыми қызығушылығы тікелей осы 
құбылысқа бағытталған зерттеулер пайда болды. Негізгі бағыттарға бөлініп, конфликтінің 
психологиялық теориясының ұғымдық аппараты жасалды. 
XX ғасырдың бірінші жартысында шетелдік психологиялық зерттеулердің негізгі 
бағыттарының ішінен конфликт теориялары төмендегіше іріктелді: 

психоаналитикалық (З. Фрейд, А. Адлер, К. Хорни, Э. Фромм); 

социотропты (У. Мак-Дугалл, С. Сигеле және т.б.); 

этологиялық (К. Лоренц, Н. Тинберген); 

топтық динамика теориясы (К. Левин, Д. Креч, Л. Линдсей); 

фрустрациялық-басқыншылық (Д. Доллард, Д. Берковиц, Н. Миллер); 

мінез-құлықтық (А. Басс, А. Бандура, Р. Сирс); 

социометриялық (Д. Морено, Э. Дженигс, О. Додд, Г. Гурвич); 

интеракционистік (Д. Мид, Т. Шибутани, Д. Шпигель). 
Психоаналитикалық бағыт ең алдымен, адамға тән дау-дамайдың алғашқы 
тұжырымдамаларының бірін жасаған Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) есімімен 
байланысты. Фрейд көбінесе, тұлға ішілік конфликтпен шұғылданғанына қарамастан, 
оның сіңірген еңбегі тұлға аралық конфликтінің себептерін бейсаналық кеңістіктен іздеу 
қажеттігін көрсетуі болды. Фрейдтің ізбасары Альфред Адлер (1870-1937) тұлғаның 
шағын ортамен конфликт мазмұнын жеке адамның толымсыздық күйімен және 
біреулерінің басқаларынан басым болу сезіміне қатысты әрекеттеріне байланысты 
қарастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет