1.9
Тиімді коммуникацияның техникалары мен тәсілдері
Тиімді коммуникация ұғымы. Тиімді коммуникация технологиялары және
қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері. Тиімді коммуникацияның шарттары.
Әлеуметтік интеллект. Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну. Имидждеудің
технологиялары. Сыртқы келбет имидждің бір бөлігі ретінде. Белсенді тыңдау
кехникалары. Келіссөз процесінің технологиясы.
Қарым-қатынас – адамдар арасында байланыс орнату және дамыту, инфорамция
алмасу, қимыл-әрекеттің бір жоспарын таңдау, басқа адамды қабылдау және түсінуге
бағытталған күрделі көп жоспарлы процесс.
Мазмұны бойынша формальды (іскерлік) және формальды емес (күнделікті
тұрмыстық) болып бөлінеді.
Іскерлік қарым-қатынас
– бұл информациямен, тәжірибемен, әрекетпен алмасу
жүретін және нақты мәселеде нақты мақсат пен нақты нәтижені көздейтін өзара
әсер ету және байланыс орнату процесі. Іскерлік қарым-қатынастың күнделікті қарым-
қатынастан ерекшелігі оның барысында мақсат қойылып, нақты жоспар бойынша
қимыл-әрекет жүргізіліп, өзіндік бір шешім талап етіледі.
Іскерлік қарым-қатынасты шартты түрде тікелей (непосредственный контакт)
және жанама (серіктеслар арасында қашықтықтық-уақыттық дистанция болады) деп
бөлуге болады. Тікелей іскерлік қарым-қатынас үлкен нәтижелерге жеткізеді ал
жанама іскерлік қарым-қатынаста міндетті түрде әлеуметтік-психологиялық
механизмдер болады.
Іскерлік қарым-қатынасты дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері.
Біріккен іс-әрекеттегі адамдардың өзара қарым-қатынасы, әрқашан философтар,
психологтар, әлеуметтанушылар және басқа да мамандарда үлкен қызығушылық
тудырған. Олар адамның жеке тұлғалық, жалпы адами құндылықтар негізінде іскерлік
қарым-қатынас кезіндегі жалпы ережелер мен принциптерді жасауды өз алдына міндет
етті.
Адамдармен тіл табысу бизнестегі, кәсіпкерлік немесе қызмет бабындағы нәтижелі
жұмыс жасаудың негізі екені белгілі. Джен Ягер өзінің «Деловой этикет: как выжить и
преуспеть в мире бизнеса» атты еңбегінде негізгі алты принципті ұсынады:
1. Тиянақтылық. Әрқашанда жұмысты өз уақытысында жасау керек. Кешігулер
жұмысқа кедергі болады, сонымен бірге мұндай адамға сенуге болмайтынын көрсетеді.
2. Құпиялылық. Жұмыс істейтін мекеменің, корпорацияның немесе белгілі бір
келісімсөздің құпияларын сақтай білу.
3.
Сыпайылық,
мейірімділік.
Кез-келген
кездесулерде
клиенттермен,
әріптестеріңізбен сыпайы болу керек.
4. Айналасындағы адамдарды ойлау керек.
5. Сыртқы келбет.
6. Сауаттылық.
Қарым-қатынаста адамдарға әсер етудің түрлі әдістері қолданылады. Көп тарағаны
– сендіру, дәлелдеу, көндіру.
Іскерлік әңгіме мынадай этаптардан өтеді:
-
талқыланатын сұрақпен танысу;
-
таңдау жасуға әсер ететін факторларды анықтау;
-
таңдау жасау;
-
таңдауды нақтылау;
-
оны әңгімелесушіге жеткізу.
Іскерлік әңгіменің сәттілігі компетенттілікке, іскерлік этикалық тактіге,
қатысушылардың жақсы қарым-қатынаста болуына байланысты.
Кез келген әңгіменің маңызды бөлігі болып, әңгімелесуші адамды тыңдай білу
саналады. Егер кейбір сұрақтарды нақтылау керек болса, осларға байланысты сұрақтар
қойып нақтыланады.
Іскерлік әңгіме барысында барлық қатысушылар кез келген уақытта әңгімеге
араласып, өз көзқарасын айта алатындай етіп айту керек. Басқаның көзқарасына қарсы
шығып, оны қате деп санауға болмайды. Сонымен бірге өзінің көзқарасын айту
барысында даусын көтеріп, қолдарыңызды сермеп, жестілерді қолдану, сіздің өзіңізді
ұстай алмайтын етіп көрсетеді, бұл сізге минус ретінде саналуы мүмкін. Одан да ұстамды
етіп айтсаңыз ол көбірек әсер етеді. Сонымен қатар, әңгіме үстінде дөрекі сөздерді
қолдану немесе жоқ адам туралы дөрекі әңгімені қолдану үлкен қателік болып саналады.
Әңгіме барысында үшінші адам туралы әңгіме қозғалса, онда оның аты немесе әкесінің
атын айту керек, фамилиясын айтуға болмайды. Әйел адам ешқашан ер кісіні
фамилиясымен атамау керек.
Іскерлік әңгіме үстінде әңгімелесушінің ұлты жайлы, діни ұстанымы немесе ұлттық
ерекшеліктері жайлы сөз қозғауға тыйым салынады.
Жеке әңгімемен қатар фирмаларда жиналыстар, конференциялар да болады.
Мұндағы іскерлік этикеттің жоғарыда айтылғаннан ерекшелігі көп емес, тек қана адам
санының көбеюіне байланысты кейбір ерекшеліктер болуы мүмкін. Іскерлік қарым-
қатынаста телефонмен сөйлесу ерекше орын алады. Телефонмен сөйлесудің басты
ерекшелігі – қысқалық, ойдың нақтылығы. Әңгімеде артық паузалар, орынсыз қыстырма
сөздер, артық эмоциялар болмауы тиіс. Телефонмен сөйлесуде интонация босты рөл
атқарады.
Джен Ягер телефонмен сөйлесуде мынадай ережелерді атап өтеді:
-
телефон шалған жеріңізде сізді танымайтын болса, аты-жөніңізді, қандай
шаруамен, қандай мекемеден екеніңізді айту керек.
-
егер сізден қайта телефон шалуды сұраған болса, ал сіз ұмытып кетсеңіз, бұл
кешірімсіз қателік.
-
егер әңгіме ұзақ болса, алдын ала уақыт жайлы сұрап алыңыз.
Саяси кәсіпкерлік, коммерциялық және басқа да аяларда іскерлік келісім сөздер
маңызды орын алады. Іскерлк әңгімелер вербалды формада іске асады. Келісім сөзге
қатысушылардан сауаттылықты және сөйлеу этикасын ұстануды талап етеді. Сонымен
қатар вербалды емес қарым-қатынас та өзінің рөлін ойнайды.
Іскерлік әңгіме информациямен алмасу, өз көзқарастарымен бөлісу, кейде келісім
сөздің алдындағы танысу ретінде де өтуі мүмкін
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек
қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік –
осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау.
Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу,
үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-
тәсілін, формасын таба білу.
Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға
жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек.
Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік
қайталанбас жеке даралық көрінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының
ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы,
әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас
басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін
оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын
алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне
өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл
таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-
тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-
қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған
ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті
– когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал,
когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен
алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды.
Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |