2. Кәсіби даму – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінің шығуы, өз іс-әрекетін
практикалық қалыптасу затына айналдыру және сол аркылы өзінің кәсіби мүмкіндіктерінің
шектерін жеңе алу қабілеттіліктермен сипатталады.
Мамандардың кәсіби қалыптасуы көбінесе, сыртқы әсерлерге байланысты.
Бірақ оны сыртқы жағдайлар мен шарттардан шығаруға болмайды. Себебі, олар
адамның өмірлік тәжірбиесі, индивидуалды психикалык ерекшеліктері мен психикалық
қорына да сүйенеді. Бұл мағынада сыртқы әсерлер тұлғаның психикалык ерекшелігі,
оның әлеуметтік және кәсіби тәжірибесі жататын ішкі шарттарға байланатын болып
келеді.
Кәсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт
аралығында өмірлік және кәсіби жоспарлар өзгереді, әлеуметтік жағдайлар мен
жетекші іс-әрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған
байланысты кәсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері
туралы сұрак пайда болады.
Тұлғаның кәсіби қалыптасу мәселесін терең зерттеген Кеңестік психологтардің
бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс-әрекеттің орындалу деңгейін
кезеңдерге бөліп қарастырады. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:
1.
Кәсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы;
2.
Кәсіби білім беру және кәсіби іс-әрекетке дайындық;
3.
Мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру және өндіріс
ұжымнан өз орнын табу;
4.
Кәсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы.
Е.А. Климов кәсіби бағдарланудың төмендегідей кезеңдерін қарастырады:
–
Оптация кезеңі (12-17 жас) - кәсіби жолын саналы түрде таңдауға дайындық;
–
Кәсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) - болашақ кәсіби іс-әрекет
икемділігіне үйрену, кажетті кәсіби білім
алу;
–
Кәсіпқойдың даму кезеңі (23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін)
-
кәсіби
қауымдастықтардағы
тұлға-аралық
қарым-қатынас
жүйесіне
кіру
және іс-әрекет субьектісінің әрі карай дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: