«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет12/67
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70924
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
Лекциялар жиынтығы

Зейіннің түрлері. Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл - түрі ырықсыз. К.К. Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады.
Адам қызықты фильм көріп отырғанда, зейіні оның тырысуынсыз-ақ экранға бағытталған. Көшенің бойымен жүргенде автокөліктің қатты сигналы зейінді еріксіз аударады. Нақты объектіге еріксіз бағытталған зейін ө ырықсыз зейін. Еріксіз зейінде үйлесімді қозумен ми қыртысында пайда болған бөлімше тікелей әрекеттегі қоздырғыштарға байланысты.
Егер зейіннің бағыттылығы мен тұрақтылығы саналы түрде жүргізілсе, ол зейін түрі - ырықты. Адамға қызықты кітаптан көз тартып, керекті жұмыспен (мысалы, шетелдік сөздерді жаттау) айналысу үшін, зейінін сол жаққа бұру үшін және ол зейін басқа жаққа алаңдауға мүмкіндік бермеу үшін тырысу керек. Егер мен дабыр-дүбір және көп күлкі бар бөлмеде қызықты кітапты оқып отырғым келсе, мен өзімді оқуға қызықтырып, әңгімеге мән бермеуім керек. Мұндай зейін-ырықты. Ол нақты затқа зейінді бағыттау үшін мақсат қояды, бұл мақсатын орындау үшін талпынады.
Адамның зейінді кез-келген бағытта ұстау қабілеті еңбек процесінде пайда болды. Бұл қабілеті жоқ жағдайда созылмалы және жоспарлы еңбек әрекетін жүзеге асыруға болмайды. Әр түрлі, мысалы, еңбек операциялары, адамды қызықтырмайтын тараптар іс асыруды қиындатады. Өзінің зейінін осы операцияларда еріксіз тоқтату, ұстау қажет, қазіргіуақытта өзіңді қызықтырмайтынға еерікті зейініңді аударуға үйрену қажет. Үздік қызметкерлер әрқашан өзініңзейінін жұмыс барысында пайда болатын істерге аударады.
Ырықты зейіннің күші өте зор. Тәжірибелі артисттер, лекторлар, ораторлар ойынның, сөз айтудың, дәріс оқуының алдында пайда болған бас ауруының салдарынан жұмысқа кірісуге өте қиын болатынын жақсы біледі. Бірақ өз жігерімен бастап, дәрісінің, баяндаманың, рөлінің мазмұнына зейінін аударса, ауру ұмытылады, тек қана жұмыс орындалудың соңынан өзін еске салады. Зейіннің бөлінуі – адам орталық зейінде әр түрлі объектілерді бір уақытта ұстап тұру қабілеттілігі. Зейін екі әр түрлі қызметтердің арасында бір уақытта жіктеле алады ма? Адам бір жұмысты орындап, дәл сол уақытта басқа бъектілерді немесе жұмысқа қатыссыз сұрақтарды қадағалай алады ма?
Зейіннің бөлінуіне көз жеткізуге болады.Өмір әр жерде зейіннің бөлінуін талап етеді. Зейінді үйлестірмей дәрісті конспектілеуге болмайды. Лектор өзінің баяндауын менің қалауымша тоқтатпайды. Ол әрі қарай жалғастырады. Мен, өз жағымнан, бір ойды жазып үлгіріп, басқа мазмұндамасын тыңдауым керек. Жазу әрдайым оқытушының сөзінен артта қалады, жазып отырғанның зеіні оның жазғаны мен осы уақытта айтылғанының арасында бөлінуі керек.
Бақылаулар көрсеткендей, зейіннің жіктелуі әр алуан адамдарда әр түрлі. Кейбіреулер екі істі бірден оңай істесе, басқаларға ол қиынға соғады, бір іске беріліп басқаға көңіл бөле алмайды. Белгілі дәрежеде ол жеке адамның ерекшеліктеріне байланысты: кейбір адамның зейіні жайылған, басқаларда - шоғырланған,басқа сөзбен айтқанда, бір бағытта толық шоғырлануға бейімделген. Айтылған сөз өмір процессіндегі дағдылы мәселелер туралы болғандықтан зейіннің бөлінуі өіскерлік пен дағдының ісі.
Ешқандай да адам бір уақытта екі істі жақсы орындай алмайды. Екі істі бірдей жақсы білмейтін адам олады бір уақытта орындай алмайды. Оларды жүзеге асыру үшін істің әр адымын ойлап байқау, жүзеге асырудың әр жағына зейінін салу тиіс. Екі жұмысты бірдей жақсы орындау үшін, кем дегенде екеуінің біреуін жетік білу қажет. Ол автоматты түрде өзінен өзі жасалып, бізге оны тек қана саналы түрде бақылап реттеу жұмыстары қалады.
Тәжірибесіз студент лектордың бір ойын жазып отырғаннан басқа еш нәрсені естімейді де, байқамайды да. Жазу процессі ол үшін өте қиын да жат; зейіннің толық пен үздіксіз кернеуін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет