«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет13/67
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70924
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
Лекциялар жиынтығы

Зейіннің көлемі – бір мезгілде қабылданатын объектілер саны. Зейін көлемін зерттеу тәжірибелері тахистоскоп құрылымы көмегімен жүргізіледі. Сыналып отырғанға секунд үлесі ішінде бірнеше объектілер ұсынылады.
Тахистоскоп тәжірибелері бойынша ересек адам бір уақытта зейін арқылы 4-5, ең көбі 7 бір-біріне тәуелсіз объектілерді қамти алады.
Кейбір сирек кездесетін қабілеттері бар адамдардың өнімділігінің төмен болуы нәзік, өз бетімен жіберілген, алаңдататын қозуларды жеңе алмайтын зейінге байланысты. Зейін сияқты дамымаған жеке ерекшелігі бар адамдар өмірінде жұмыстарына ештеңе кедергі болмайтын сәтті бекер күтуінде өтеді.


Бақылау сұрақтары:


  1. Зейін дегеніміз не?

  2. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері неде?

  3. Зейіннің іс-әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі рөлі қандай?

  4. Қандай жағдайда белгілі адам үшін объект “қызықты” болады?

  5. Зейіннің алаңдауымен қалай күресуге болады?

  6. Зейіннің ұзақ тұрақтылығы қандай жағдайда сақталады?



Әдебиеттері:

  1. Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических процессов. М., 1998.

  2. Гальперин П.Я. Лекции по психологии: Учебное пособие для студентов вузов. М., 2002.

  3. Годфруа Ж. Что такое психология? В 2-х т. М., 2003.

  4. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.



Дәріс 6. Эмоциялар. Эмоция туралы теориялар.

Мазмұны:





  • Эмоцияның анықтамасы

  • Эмоция туралы теориялар

Эмоциялар – адамның өміріндегі сыртқы және ішкі жағдайларына бағасы мен жеке мағыналылығы үшін уайымдау формасында көрініс табатын психикалық процестер жиынтығы. Эмоциялар адамның өзіне өзі және оны қоршаған әлеміне субъективті қарым-қатынасын бейнелеу үшін қызмет етеді.


Осы күнге дейін эмоциялар танымдық процестерге жатқызылмаған. Бірақ та жасанды интеллект пен ойлану саласындағы танымал маман О.К. Тихомиров эмоция тек қалып-күй ғана емес, сондай-ақ ол танымдық процесс деп есептеген. Ол эмоция өзара тығыз байланыста болатын елестету мен ойлану болып табылатындығын эксперименттік түрде дәлелдеген. Сол уақыттан бастап эмоция танымдық процестер қатарына жатады.
Эмоцияның ерекше белгісі ретінде оның субъективтілігі танылады. Эмоцияның анықтамасы 3 аспектіні қарастырады:
а) ішкі уайымдау;
б) физиологиялық белсенділік (жүйкелі, эндокриндік және ағзаның өзге де жүйелерінде көрініс табатын процестер);
в) бақыланатын эмоциялар кешені (мінез-құлықтағы сыртқы сипат).
Эмоцияның бұл компоненттеріне көптеген авторлар түрлі анықтама берді. К. Изард эмоциялық мәнерлікті ажыратады. С.Л. Рубинштейн және А.Н. Леонтьев эмоцияның негізін субъективті уайымдауда көреді. Субъективті уайымдауда субъектінің объектіге, құбылыстарға, жағдайларға деген қарым-қатынасын білуге болады. Уайымдаудың компоненттерінің басымдылығын ескере отырып, авторлар эмоцияның сипаттаушы аспектісіне назар аударады. Шынында да эмоция сипаттаудың процестеріне жатады.
Я. Рейковский эмоциялар өзгерістерді сипаттайды және ол кездескен оқиғаларды жеңу үшін ағзаны мобилизациялайды деп айтып өткен. Осылайша, бұл автор эмоцияның реттеуші функциясына назар аударған. “Эмоциялық процесс – реттеуші процестердің ерекше түрі, ол жағдайдың әсер етуімен өзектілендіріліп, организм күйінің өзгеруіне немесе оның қоршаған ортамен қатынасына, не субъект пен қоршаған орта арасындағы өзекті жағдайдың тепе-теңдігінде өзгерістер туындатады”.
Түрлі авторлар эмоциялық құбылыстардың әр түрлі жіктеуін ұсынады. Р.М. Грановская эмоциялық құбылыстардың арасында аффектілер, эмоцияларды, сезімдерді, көңіл-күй мен стресті бөліп көрсетеді.
Аффект – ең мықты болып келетін эмоциялық реакция. Ол адамның психикасын толығымен қамтып алады. Аффектінің айырмашылықтары: ситуативтілік, жалпыламалық, үлкен интенсивтілік, кіші жалғасымдық.
Жеке эмоциялар – созылмалы қалып-күй. Бұл жерде эмоциялар тек болып өткен жағдайларға ғана реакция беріп қоймайды, сонымен қатар ықтимал немесе еске түсірген оқиғаларға да реакция береді. Эмоциялар оқиғаларды жалпылама субъективті бағалар формасында және іс-әрекет нәтижесінен асып түсіру формасында сипатталады.
Сезімдер – анық пәндік сипаттамасы бар тұрақты психикалық жағдай. Кеңестік психологияда сезім адамның әлеуметтік табиғатын білдіреді деген ұйғарым кең таралған. Эмоция деп сезімнің нақты формасын айту сирек емес.
Көңіл-күй – адамның барлық мінез-құлқын бейнелеуші созылмалы эмоциялық қалып.
Стресс – күтілмеген және қысымды жағдайдың әсерінен пайда болатын эмоциялық қалып-күй. Мұндай жағдайдағы ағза үрейлену, қарсылық білдіру және шаршау сияқты реакциялар кешеніне бас ұрады. Г.Сельенің пікірінше, стресс – адам өмірінің ажырамас бөлігі, одан қашып құтылу мүмкін емес. Әрбір адам үшін стрестің оптималды деңгейі болады, бұл деңгейде іс-әрекеттің тиімділігіне қол жеткізуге болады.
Барлық эмоциялық көрініс табулар бағыттануына (оң және теріс) қысым деңгейі мен жалпыламалық дәрежемен сипатталады.
Эмоциялар бір жағынан эмоция объектісіне қарым-қатынас анықтаушы адамның қажеттіліктеріне тәуелді, ал екінші жағынан – осы объектінің белгілі бір негіздемелерін түсінуге және сипаттау мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Танымдық процестерге эмоциялардың қарым-қатынасы пассивті рөлде ғана болмайды. Эмоциялар таным процестерінің ең маңызды реттеуші факторлары болып табылады. В.К. Вилюнастың зерттеулері интеллект пен эмоцияларға өзара толықтырушы қарым-қатынастар тән екендігін көрсеткен.
1964 жылы П.В. Симоновтың белсенділігімен қажеттілікті-ақпараттық теория ұсынылған болатын. Бұл жерде эмоция адамдардың немесе жануарлардың қандай да бір қажеттілігі және оның қанағаттану ықтималдылығының бейнесі ретінде болады, сондай-ақ қанағаттануды ми қабығы жиналған индивидуалды тәжірибе мен генетикалық тәжірибенің негізінде бағалайды.
Эмоция белсенділігі теориясы (M.B. Arnold, 1950); (C. Lindsey,1951) У. Кеннон мен Ф. Бардтың таламустық теориясынан бастау алады. Мұнда мидың ішкі құрылымының рөлі ерекше көрсетілген. Сенсорлық қоздырғыштар перифериядан контекстке келіп түседі, бағаланады; сол жерге таламустағы мінез-құлық үлгілері мен сезімтал бағалар келіп қосылады. Одан кейін жүзеге асу органына өту басталады. Одан кері хабар келеді, ол бағалану мен сезімталдылықтан қайта өтеді. Бұл теория емханада аффектінің аяқ асты ояна қалуын түсіндіре алады.
С.Шехтердің екі компонентті теориясы эмоцияларды өткеру екі факторлардың үйлесімділігімен шартталған. Бір жағынан, физиологиялық қабыну болуы мүмкін, екінші жағынан жағдай эмоциялар терминінде осы қабынудың когнитивті интерпретациясына жол беруі тиіс. Бұл теория сыналушыға қоздырғыш дәрі-дәрмектердің инъекциясы жасалған эксперименттеріне негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет