Шығармашылық ойлау. Дж. Гилфордтың пікірі бойынша, шығармашылық ойлау өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:
- өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;
- семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;
- бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;
- семантикалық спонтандық (белгісіз, ойламаған жерден) иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.
Шығармашылық ойлау өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге: конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін.
Шығармашылық ойлауды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:
* шығармашылық ойлау процесін зерттеу;
* шығармашылық өнімдерін зерттеу;
* креативтілікті қабілет ретінде зерттеу;
* шығармашылық тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеу
Шығармашылық ойлау қиял мен ойлаудың бірігуінде пайда болады.
Бақылау сұрақтары:
Ойлаудың басқа танымдық процестерге қарағанда айырмашылығы неде?
Шығармашылық ойлау дегеніміз не?
Адамның ойлауы мен сөйлеуіндегі байланыс неден көрінеді?
Әдебиеттері: Вудвортс Р., Этапы творческого мышления // Хрестоматия по общей психолгии. Психология мышления. М., 1981.
Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. Алматы, 2007.
Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.
Тихомиров О.К. Психология мышления. М., 1984.
Дәріс 5. Зейін. Зейіннің танымдық процесс ретінде сипатталуы.