Сауда психология, қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.
Ғылыми шығармашылық психологиясоңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл сала шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық эвристикатәсілі.
Көркем-өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле қойған жоқ.
Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.
Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселерлерді реттеу және оларды тәжірбие жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.Бұл сала сот психологиясы, қылсым психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады.
Ұлттық сана-сезім контекстігіндегі жеке адам.
Этнопсихология ұғымына түсініктеме беретін болсақ “этно” – тайпа, халық, “псюхе” – жан, “логос” – ғылым, ілім деген терминдерден тұрады. Осыдан келіп, психология адамдардың психологиялық дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін болса, этнопсихология зерттеліп отырған адамдар қауымдастығына тән мінезді, қауымдастық өкілдерінің мүдделерін, ұлттық сана–сезімнің қалыптасуын, тек өзіне ғана тән психологиялық, стилистикалық кешендерін зерттейтін ғылым, әлеуметтік психологияның аса маңызды салаларының бірі.
Осы орайда Г.М. Андреева “индивидтің ұлттық (этникалық) белгісі қандай да болмасын жеке адам қалыптасатын микроортасының әлеуметтік бағытына әсер етіп, сипат алуына байланысты көрінеді”,- дейді.
Адам үшін Мен кіммін? Біз кімбіз? деген қарапайым сұраққа жауап беру қалыптасқан мәселе болуы тиіс. Ал бұл сұрақтарға жеке тұлға, өз этносының бағасын қабылдаумен қазіргі кездегі әлемдегі өз ұлтының орнын тану арқылы ғана жауап бере алады.
Осы мәселеге байланысты біз жеке тұлғанің этникалық сәйкестілігіне тоқталайық.
«Этникалық біртектілік» индивидтің белгілі бір этносқа жатуы.
«Біртектілік» ұғымы бүгінгі таңда философияда, психологияда, этнологияда, мәдени және әлеуметтік антропологияда әртүрлі мағынада және аспектіде кеңінен қолданылады. Жалпылама түсінікте ол обьектінің (субьектінің) басқа обьектіге (субьектіге) бөлекнемесе тұтастай жатқызылуын ұғынуды білдіреді (Г.Т.Тавадов).
«Біртектілік» термині этнологияға келіп, тез арада аналитикалық ұғым статусына ие болды, себебі ол этнологияның көптеген маңызды мәселелерін зерттеуде белсенді қолданылды. «Біртектілік» индивидтің өзіне-өзінің сыртқы ортасының қасиеттері мен ерекшеліктерін көшіру, жеке тұлғалық өмірінде берілген жағдайда өмірлік маңызға ие белгі-қасиеттерді маңыздандыруға ұмтылу үрдісі ретінде түсіндіріледі.
Сонымен қоса, ұқсастыру, еліктеу үрдісінің негізі болып табылады, яғни кұш көрсету арқылы емес, ал адамның өзі ие болғысы келген құндылықтар мен ептілік және қасиеттерді еркін таңдауы.
Біртектілік мәселесі қазіргі ғылымдағы «Мен концепциясымен» тығыз байланысты, ол бойынша индивидтің ішкі тұлғалық негізі «Мен» дегені бар деп тұжырымдайды, яғни ол маңызды мәліметтерді алып, маңызды еместерін қабылдамайды.
Бұл жерде «Мен» жеке тұлғаны білдірмейді, ол ішкі тұтастықпен сипатталатын феномен, яғни адамның өзі туралы және өзі үшін түсінігіне қалыптасатын сана-сезімге жақын ұғым.
Біртектіліктің бірнеше деңгейін ажыратып көрсетуге болады: тұлғалы-психологиялық «Мен» деген кімді адаммен ұғыну ол әртүрлі әлеуметтік топтарға қатысу деңгейімен қалыптасады. өзін жанұяның, еңбек ұжымының, драмалық үйірменің мүшесі ретінде сезінуге болады. Біртектіліктің бұл деңгейі өзін бір топтың мүшесі ретінде сезінумен, сондай-ақ осы топқа жатқызылуды бағалау барысында туындайтын эмоциялармен байланысты.
Екінші деңгей - әлеуметтік психологиялық. Бұл ұғым адамның белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығын сезінуден туындайды. Индивидке өзінің топтық тиістілігін іздеу тән, ол ұқсас топтармен өзара қарым-қатынас шегінде ғана болуы мүмкін. Себебі, адамға өз тобын басқа топтармен салыстыру және өз тобын жақсы жағынан көрсету мақсатында әрекет ету тән.
Әлеуметтік–психологиялық біртектіліктің бір түрі болып этноәлеуметтік біртектілік табылады. Ол тұлғаның нақты бір этносқа тиістілігін ұғынуы.
Біріншіден, ол тұлғаның басқа адамдардан ерекшелену мен тәуелсіз болу қажеттілігін;
Екіншіден, бір топқа тиісті болу және қорғалу қажеттілігін қанағаттандырады.
Этнопсихология ғылымында біртектіліктің деңгейлерінен басқа, оның түрлерін де бөліп көрсету орын алған.
Біртектілік саналы және санадан тыс, толық немесе жарым-жартылай, тікелей және жанама болуы мүмкін (өзін бір халықтың өкілі ретінде санап, бірақ басқа халыққа тән белгілерді көрсету).
Жанама біртектілік, сәйкес қауымдастықтың топқа қосылумен жүзеге асырылады, яғни,«мен» нақты бір халықпен, оның әртүрлі этникалық ұғымдарымен, тұтастыққа қосылу арқылы ұқсас боламын.
Ондай тұтастықтар кез-келген субьектілер, яғни жанұялар, субэтностар, этнографиялық топтар және т.б. болуы мүмкін. Қосылу біртетілігі көп деңгейлі және иерархиялы болуы мүмкін, демек «мен» халыққа белгілі бір топқа кіру арқылы ұқсаймын, ал ол өз кезегіндебасқа топқа кіреді және т.б.
Этникалық біртектіліктің мәдени құндылығы өте жоғары деңгейде, себебі ол тұлғаның жетілуіне басқа әлеуметтік топтарға қарағанда үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, этникалық біртектілік, қандай-да бір жеке іс-әрекеттер арқылы емес, ол нақты бір этникалық ортада тууы немесе тәрбиеленуі бойынша қабылданады.
Индивидтің нақты бір этносқа жатуын білдіретін этникалық біртектілік мәселесі этнопсихология үшін өте маңызды. Тарихшы немесе ұлттан тыс тұлғаның болмайтындығы баршаға мәлім, олай болса әр адам қандай да бір этникалық топтың мүшесі. Айта кету керек жаңа туған сәби өзіне қандай да бір ұлтты таңдау мүмкіндігіне ие болмайды. Нақты бір этникалық ортада шыр етіп дүниеге келісімен оның тұлғалық негізі, оны қоршаған ортаның ережелері мен салт-дәстүрлеріне сай қалыптасады. Егер сәбидің ата-анасы бір этникалық топқа жатса этникалық өзін-өзі анықтауда онда ешқандай мәселе туындамайды, яғни оның өзінің этникалық қауымдастығымен өзін еш қиындықсыз ұқсастырады себебі, бұл жерде этникалық құрылғылар мен мінез-құлық таптаурынының қалыптасу механизмі ретінде еліктеу жүреді. Ол туған этникалық ортасының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, әлеуметтік және этникалық нормаларын меңгереді. Ондай адамның сана сезімі оны қоршаған адамдармен де, өзінің ішкі дүниесімен де қарама-қайшылықсыз келісті түрде үйлеседі. Басқа жағдайларда этникалық сана-сезімнің қалыптасуы қиындыққа тіреліп, қарама-қайшылыққа ұшырайды.
Өзінің этникалық сәйкестілігін жете түсіну өздігінен болатын және себепсіз болатын акті емес, ол нақты қоғамдық қажеттіліктермен негізделеді. Туыстық немесе біртектілікті ұғыну қажеттілігі ерте заманда туындаған.Ал бұл құбылыс алғашқы қауымдық құрлыста салт-дәстүрлердің және түснініктердің біртұтас жүйесінің пайда болуына әсер етті. Тайпалық одақтар мен мемлекеттердің пайда болып және өмір сүруі, этникалық біртектілікке сапалы қажеттілікті тудырады, бірақ ол тұрғындарға бағынышты қоғамның идеялогиялық негізінен туындаған этностан көрініс алады, ол әдетте діни наным сенім тұтастығын орнықтыруда көрінеді. Мұндай жағдайларда этникалық біртектіліктің қалыптасуына этноконфессионалды біріктіруші фактор қосымша негіз болып табылады.
Этникалық біртектілік үрдісін біраз бақылау және зерттеу негізінде оның дамуы үш түрлі вариантта болу мүмкіндігі анықталды.
Біріншіден, этникалық біртектілік еліктеу негізінде болуы мүмкін, яғни мұнда индивид өзі өмір сүріп және тәрбиеленіп жатқан этникалық қауымдастығының мінез-құлық стереотиптерін саналы және санасыз түрде көшіруі мүмкін.
Екіншіден, бұл күштеу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ондай күш қаруы ретінде қоғамның салт-дәстүрлері мен құндылықтары болуы мүмкін.
Үшіншіден, этникалық біртектілік еркін және сапалы таңдау негізінде жүзеге асырылады. Кейде адам өз ұлтынан бас тартса, ақын Мұқтар Шахановтың өлеңінде жазылған космополит ұлт өкілі болуы мүмкін. Этникалық біртектілік мәселесін тарихи зерттеу келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді, әртүрлі себептер мен жағдайларға қатысты этникалық біртектілік қалыптасу үрдісінде оның тұрақты белгілері мен қасиеттерінен ажырататын негізгі жеті типтері пайда болады (Этникалық біртектілік типологиясы Ю.В. Арутюнян, Л.М., А.А Сусоколов «Этносоциология» М-1998 кітабы бойынша берілген). Олар төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |