Психологиялық дағдарыстың ТҮрлері және себептері


Адам өміріндегі , негізгі психологиялық



бет5/6
Дата18.05.2022
өлшемі38,04 Kb.
#34946
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция психологиялық дағдарыс түрлері және себептері

Адам өміріндегі , негізгі психологиялық " Жас кезеңі " дағдарыстары.
Туылғаннан бастап , өміріміздің соңына дейін кезең - кезеңімен әбіріміздің басымыздан - Жас кезеңі ; Отбасы кезеңі ; Тұлғалық ; Тұлғааралық қарым - қатынас ; Экзистенциялық дағдарыстар орын алады . Жалпы адам өмірінің дағдарыс кезеңдері нормативті , нормативті емес болып бірнеше этаптарға бөлініп , кез келгені жайсыздықпен өтеді . Түрлі дағдарыс : стресс , өлім , денсаулық бұзылуы, жалғыздық т.б.жағдайлар өміріміздің ажырамас бөлігі бола тұра , біріне оңай , біріне қиын , тіпті бірін есеңгіретіп жібереді, оның да өз құпия тұстары бар.Ол қалай ? Дағдарысқа жұтылу біреулер үшін " тиімді " болады екен . Асылында , осы дағдарыстарды бастан кешірудің бірден - бір жолы -психикалық өсу мен психикалық сауаттылықты дамыту жауапкершілігін өз қолына алу . " Туылған балаға " болса да , белгілі бір жасына дейін үлкендер жауапты ... Ары қарай , кризис түрлерінің " Жас кезеңі " дағдарыстарынан ақпарат ұсынамын. Психологтар тұлғамен 3жастан бастап жұмыс жасай бастайды .
1 ) 3-7 жас дағдарысы , бұл кезеңге " тамыр нығайту " деп те , ат береді . Осы жаста , балада Әлем мен үшін қауіпті немесе , қауіпсіз, деген ой болады . Және бұл ойдың алғашқы жауабын бала , ата - анасымен ( жетім болса өскен ортасымен ) болған қарым - қатынастан алған сезімдерімен байланыстырады.Көп жағдайда бала , тірі қалу үшін де , сүйікті болу үшін де " Күресуі " керек болады .. ( психикалық күресу ) Десек те , кейде физикалық күресу де , орын алып жатады.Бұ кезеңнің маңыздылығы , тұлғаның өзін - өзі бағалауы , өзіне деген оң көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.Психикалық сау ортада өскен бала " менің өз орным бар , әрекет етуден қайтпаймын , Әлем ( айналам ) мені қолдайды " -деп шешім қабылдаудан , қатесін түзеуден қашпайды . Сәтсіз өтсе - айналасына сенімсіздікпен өскен бала не Өзін , не Ортасын қабылдай алмай Кері тарта , күдікшіл , апатияға жиі ұшырағыш боп қалыптасады .
2 ) 10-16 жас дағдарысы.Бұл , балалық шақтан ересек кезеңге көшу кезеңі.Осы шақта , Ол " өмірдегі өз міндетін , тәуелсіздігінің өлшемін , психологиялық абыройын , айналасындағылармен өзіндік шекарасын анықтап үйренеді . Ересек әлемде ережелері мен нормалары бар екендігі жайлы түсінік пайда болады . Сондықтан да , осы кезеңде үйінен тыс уақытта жинаған " өмірлік тәжірибесі " өте маңызды.Егер сәтсіз өтсе , айналасына тәуелді " несіне жасаймын " " бәрібір қолымнан ештеңе келмейді " - деген , кекшіл , өзгенің жетістігіне қызғанышпен қарайтын тұлға қалыптасады .
3 ) 18-22 жас дағдарысы . Оңайлықпен берілмейтін , өмірде өз орнын табуға талпынатын кезеңі.Өмір ақ пен қара ғана емес , алуан түсті екенін түсінеді.Арпалысып , ұмтылып өзінің кім екенін көрсетуге талпынады . Бұ кезең сәтсіз өтсе- әркімге еліктеп , жұртқа жағынып , немесе айдауға көніп біреудің қол шоқпарына айналып кетуі мүмкін .
4 ) 22-27 жас кезеңі.Өмірдегі кез келген жағдайды өзгертуге батылдық керек екенін ұғады.Эксперимент жасаудан қорықпайды , әр қадамын жоспарлап , көзқарастарын өзгертуге бейімделеді.Ал енді , сәтсіз өтсе мазасыздықпен , өзіне көңілі толмай , әрбір мүмкіндіктерді жіберіп алумен уақытын жоғалтады .
5 ) 32-37 жас кезеңі қалай өтеді.Отбасы , мансап , басқа да қоршаған ортаның қарым - қатынасымен құрылған, Өмірден біршама сабақ алған кезең және сол тәжірибенің нәтижесін , салдарын көріп жүрген шақ . Әрбір өмірлік тәжірибесіне жетістікке жеткен қырынан емес , қанағаттану не қанағаттанбау тұрғысынан қарайды . " Бұл үшін күш салу керек пе еді " " Маған керегі не " - деп , өз қателіктерін мойындауға қиналады . Осы бір кезеңде өміріңіздің жаңа парақтарын ашуға қадам жасай бастасаңыз Мол мүмкіндіктерге жол ашылады . Егер басынан бастауға тартынсаңыз , онда бұ кезеңнің әсері жойқын болуы әбден мүмкін .
6 ) Ең қиын кезеңдердің бірі 37-45 жас аралығы. Алғаш рет Өмірдің шексіз еместігін , уақыттың зымырап жатқанын аңғарады.Көп нәрсеге үлгеру мүмкін емесін сезінеді.Мансап , отбасы , басқа да қарым - қатынас толыққанды орныққандай бола тұра , қажетсіз шарттар мен міндеттерге ие болған.Бұ кезеңде басқа қырынан дамуға деген арман мен аяғың батпаққа батып тұрғандай күй кешесің.Неден бас тартып , нені сақтап қалуды шешетін кезең .
7 ) 45 пен 50 жас аралығы.Бұл жаста адамдар жылдағы қосқан жастарын емес , өмір сүру үшін қалған уақытын ойлана бастайды . Осы кезеңді психолог А.Либин қалай сипаттайды ?: Бұл жастағы ерлер мен әйелдерді - жасөспірімдермен салыстыруға болады . Біріншіден , олардың денесінде физиологиялық процестердің әсерінен өзгерістер басталады.Менопауза кезіндегі гормондық өзгерістерге байланысты олар жасөспірімдер сияқты тез ашуланшақ , сезімтал , ұсақ - түйектерге тітіргенгіш боп кетеді . Екіншіден , ішкі " Мені " көрініс береді және ауылы алыс емес " Босаған ұя " " Зейнеттік жасқа " қатысты уайымдары күшейеді . " Мен кіммін " " Қайда барам " сұрағына бас қатырады . Әсіресе тек үй шаруасымен күні өткен әйелдер үшін де мазасыз кезең басталады . Себебі : ұлын ұяға , қызын қияға қондырып , ендігі өмірінің мәнін жоғалтқандай күй кешеді - дейді . Ал сәтті өтсе , бұ жастағы жандар өздерін басқа қырынан танып , бұрын елемей келген таланттарын жандандырып , сүйікті хоббиімен айналысып.Тіпті кейбірі жұмыс орнын ауыстырып жатады .
8 ) 50жастан ары қарай " Кемелдіктің мәнін ұғыну " басталады.Бұ жаста өз бойындағы басымдықтары мен мүдделерін басшылыққа ала отырып әрекет жасайды . Алайда , жеке басының бостандығы Ол үшін тағдыр берген " Сый " сияқты сезіле бермейді.Көбіне өзін жалғыз сезініп , кей мәселелердің маңыздылығы мен қызығушылықтары төмендейді . жіберген қателіктеріне өкініштері , өмірін зaя еткендей жалғызсыратады.Ал енді , позитивті нұсқасында - осы жасқа дейінгі жетістіктерін де ысырмай , өзінің өмірлік тәжірибесіне , даналығына , махаббатына , ішкі шығармашылық күштеріне жаңа бағыттарды қоса отырып , ары қарай кемелдене түседі . Сонда " Кәрілік " туралы ұғым биологиялық мағынаға ие болып , өз жағдайын қалай қабылдауына қарай Өмірі жалғасады . Біздің өміріміздің " Жас кезеңі " ( возрастные кризисы ) дағдарысы бір - біріне баспалдақ сияқты жалғасып өтеді.Бір сатыдан келесі сатыға секіріп емес өмір сүріп өтесіз . Бірнешеуінен аттап өтермін десеңіз - бір күні артта қалған баспалдақтың сабағы үшін қайта оралуға тура келеді ...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет