Психологиялықсоққы алған адамға қолдау қалай жасалады Дағдарысты тудырған оқиға психика үшін өте қиын болса немесе адам психикалық тұрғыдан осал болса, оны қалпына келтіру қиын болуы мүмкін. Кейде психологиялықсоққының ауырлығы сондай сіз өзіңіздің бүкіл өміріңізді жаңадан қалпына келтіруіңіз керек болады, бұл уақытты қажет етеді. Посттравматикалық жағдаймен жұмыс жасалғанда шок кезінде - адам, болған жағдай туралы және болған оқиғаны еске түсіретін нәрселер туралы сөйлесуден қашады. Екінші жағынан, қорқынышты естеліктер санада еріксіз және күтпеген жерден пайда болады. Көбінесе не болғанын түсіну үшін маманның көмегі қажет.
Егер сіз, психоглогиялықсоққы алған сәтте сол адамның жанында болсаңыз, басынан өткен жағдайды бірнеше рет қайталап айта бергісі келетінін көресеңіз,оны тыңдау керек. Сіз қасында болып және тыңдау арқылы оған не болып жатқанын түсініп,қандай көмек қажетін біле аласыз. Оның қандай сезімде екенін сұрай аласыз. Бірақ , дайын жауап беруден аулақ болуыңыз керек, оған сезімі туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Мұндай әңгіменің мәні - дағдарысқа ұшыраған адамға не болып жатқанын түсіну, сезімін бөлісуге мүмкіндік беру.
Ең бастысы - дағдарысқа ұшыраған адамға өз көмегіңізді ұсынудағы шешіміңіздің шынай болуы . Көбіне жақын адамдары, дағдарысқа ұшыраған адаммен сөйлесуге батылы жете бермейді, өйткені олар дұрыс емес нәрсе айтуға қорқады.
Қайғыны бастан кешіріп жатқан адам көбіне жақындарынан нақты көмек алғысы келеді. Мысалы: Дүкенге барып келу, ас – ауқат пісіру , үйін жинастыру т.б.с.с.
Сіз дағдарысқа ұшыраған адамға - тыңдау арқылы, қасынан табылу арқылы, тұрмыстық – шаруасына көмектесу арқылы, үміт сыйлау арқылы, уақыт бөлуге дайын екеніңізді білдіру арқылы, егер қажет болса дағдарыспен жұмыс жасайтын маманға бірге бара алатыныңызды айтып қолдау бере аласыз.
Психолог маманынан кеңес, көмек алу Шокты оқиғадан туындаған күшті реакциялар мен симптомдар немесе абдырап қалу, ақылсыздық сияқты қорқынышты көрінуі мүмкін. Дегенмен, бұл сезімдер жиі кездеседі, тіпті қалыпты деп айтуға болады.
Дағдарыстан шығу жолдары жеке-дара екенін есте ұстаған жөн, бірақ сонымен бірге көптеген адамдар белгілі бір кезеңде басқалардың қолдауына мұқтаж. Болған жағдай туралы сөйлесуге мүмкіндік беру қалпына келтіру процесінде өте маңызды екендігі дәлелденген.
Дағдарыс бүкіл отбасына әсер еткен жағдайларда, барлық отбасы мүшелері, егер қаласа, өз сезімдерімен, қорқыныштарымен және қиындықтарымен бөлісе алуы өте маңызды. Егер ауыр тақырыптарды қозғаудан аулақ болуды таңдаса, онда бұл тыныштықтың салдары көптеген жылдар бойы отбасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Отбасының бір адамы немесе бүкіл отбасы бастан өткерген қайғылы оқиға отбасын біріктіре алады. Егер отбасы мүшелері бір-бірін қолдауға тырысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берсе, олар бір-біріне одан да жақындық сезінуі мүмкін. Дағдарысқа әкеп соқтырған оқиға отбасылық тарихқа еніп, қарым - қатынасын нығайта алады.
Әр отбасында дағдарыстан шығуға көмектесетін жеке күштер мен ресурстар бар. Мысалы, бір отбасында көптеген достар мен туыстар болуы мүмкін, олар өз тарапынан қолдау көрсетеді. Кейбір отбасыларда барлық проблемаларды талқылауға, олардан шығудың жолдары мен оларды шешудің жолдарын іздеуге батылы бар отбасы мүшелері болады. Кейде балалар үйден тыс жерде өзін-өзі асыраудың жолдарын табады,егер асыраушысыз қалса.
Қайғылы оқиғаның салдарымен күресу үшін, қажет болған жағдайда, мамандардан көмек сұрау керек, мысалы - аранайы дағдарыс орталығында, қызметтік немесе аудандық емханаларда. Психологиялықсоққы әсерінен өзіңізден немесе жақын адамыңыздан келесі белгілерді , құбылыстарды байқаған болсаңыз, маманнан көмек сұрау өте маңызды,олар:
Ұйқыңыз үзік – үзік болса, немесе ұйықтау қиынға соқса
Өмір сүруге деген құлшыныс жоғалып кетсе
Достармен байланысудан бас тартсаңыз
Зейін (концентрация) қоюыңыз төмендеген және есте сақтау бұзылса
Болған оқиға туралы сөйлесетін адамыңыз жоқ болса
*сенім телефоны
*түрлі дағдарыспен жұмыс жасайтын орталықтар
*психологиялық курстар мен топтар
*қылмыс құрбандарына арналған жедел қызмет – көмек бере алады.