Психологиялық дағдарыстың ТҮрлері және себептері


Жоғалту –айрылу дағдарысы



бет2/6
Дата18.05.2022
өлшемі38,04 Kb.
#34946
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция психологиялық дағдарыс түрлері және себептері

Жоғалту –айрылу дағдарысы: Бұл - өмірден өзіне жақын болған адамнан, маңызды болған жағдайдан айырылғанда сезінетін күйі. Олар:

  • Жақынын жоғалту

  • Банкротқа ұшырау

  • Көшіп – қону ,әсіресе мәжбүрлі болған көшу

  • Денсаулығын жоғалту

  • Қыз баланың тұрмысқа шығып өз тегін ауыстыру

  • Өзін жоғалту (утрата идентичности)

Психологиялық соққы дағдарысы (ситуациялық дағдарыстар): Бұл кенеттен және күтпеген дағдарыстарға түрлі апаттар мен табиғи апаттар кіреді. Автокөлік апатына ұшырау, су тасқынын немесе жер сілкінісін сезіну немесе қылмыстың құрбаны болу - бұл жағдайлық дағдарыстың бірнеше түрі. Ата – анасының баласына жасаған шектен тыс,негізсіз жасаған тыйымдары. Тоқтаусыз зорлық – зомбылық алу т.б.с.с.
Дағдарыс кейде жұмысынан айрылуы, ажырасуы немесе қандай да бір жазатайым оқиғаларға тап болуы сияқты айқын болуы мүмкін. Басқа жағдайларда, жеке дағдарыс аз көрінуі мүмкін, бірақ бәрібір мінез-құлық пен көңіл-күйдің күрт өзгеруіне әкеледі. Дағдарыста жүрген адамның жүріс- тұрысы мен көңіл – күйінен де белгілері көріне бастайды.Мысалы:

  • Салмақтағы өзгерістер

  • Мектептегі немесе жұмыстағы көрсеткіштердің төмендеуі

  • Ұйқы әдеттерінің күрт өзгеруі

  • Жеке гигиенаны ескермеу

  • Көңіл-күйдің кенеттен өзгеруі

  • Қалыпты әрекеттен бас тарту т.б.



Қиындықтар, түрлі дағдарыстар және проблемалармен қалай күресуге болады

Әдетте,жаңбырдан соң шуағын шашқан күн де шығады...


Жағдайыңызды дағдарыс деп атауға асықпаңыз: Сізде - ауыр проблемалар, депрессия, жеке немесе басқа қиындықтар болып жатса әлі де анықтауыңыз керек. Иә, бұлардың бәрі ұнамсыз нәрселер, бірақ олар әр түрлі, ал егер сіз мұны аз азаппен, тезірек және жеңілірек өткізгіңіз келсе, сізге не болып жатқанын анықтаңыз.


Мүмкін сізде - жеке тұлғалық немесе орта жастың дағдарысы басталды . Мұнда дұрыс – бұрыс ештеңе жоқ, тек кей жағдайларды өзгерту керек, ал бұл қалыпты құбылыс, жылына бір рет көліктің майын ауыстыру сияқты. Ең бастысы ,сіз дамусыз тоқтап қалғандай немесе бағытыңыздан жаңылғаныңызды түсінсеңіз, өмір жолыңызды реттеп, әрі қарай жылдам жүре аласыз.
Дағдарыс апат емес
Сіз үлкен қиындыққа тап болсаңыз да, бұл апат емес. Әлемде жақсы немесе жаман ештеңе жоқ. Біз өзіміз ғана оқиғаларға атау беріп аламыз: «Жаман», «Жақсы» деген.
Жазғы жаңбыр, егер қыз театрға қолшатырсыз барғанда құйса, «уайым» болады делік, бірақ дәл сол нөсер жаңбыр сізді сүйіктіңізбен саябақта шатырдың астында жасыруға мәжбүр етсе, мұнда «романтикаға» айналуы мүмкін. Бірақ шын мәнінде жаңбыр - бұл жай ғана су, және біз оны өзіміз ғана қара және түрлі - түсті реңктермен бояймыз.
Егер сізге бәрі дұрыс емес болып көрінсе және бәрі сіз үшін мүлде қорқынышты болса, ақыл қоса алатын адамдармен сөйлесіңіз. Олар сізге жанашырлықпен қарайды, егер оларды тыңдап көрсеңіз, сізге өздерінің әлдеқайда ауыр жағдайларын айтып береді. Түрлі апатты жағдайлар,қиындықтар бар, бәлкім сіз олармен әлі кездеспеген шығарсыз. Бәрі де уақытша екенін ескеріңіз,өмір жалғасуда.
Қалай болғанда да, сізді жағдайдың өзі емес, оны қалай қабылдағаныңыз ренжітеді. Сабырлы, парасатты және белсенді адам оған басқаша қарар еді. Қалай? - Жақсы сұрақ. Мұнда әр адам сұрақты Өзіне қоюы керек.


Сізге қиындықтардан шығу керек
Сізді бұл жағдайдан шығаратын жалғыз адам - ​​сіз. Иә, Неліктен бұлай болды және қандай қорытынды жасау керек - бұл туралы да ойлану керексіз. Сіздің ең маңызды міндетіңіз - енді қалай әрекет ететініңізді ойлау. Не істеу кере? Сізге жоспар керек. Кем дегенде - өзіңіз жасай алатын қарапайым нәрселер ...


Есіңізді жинаңыз
Ешкім сіздің жан – дүниеңізде не бар екенін білмеймді - шатасу немесе ашулану, реніш немесе айнала сұрланған - кез-келген жағдайда сіз өзіңізді ақылға келтіруіңіз керек. Егер сіз жағдайға дайын болмасаңыз және бұл сізге ауыр әсер етсе - бұл да болады. Егер сіз эмоциялар мен қиын сезімдерге түсіп кетсеңіз, бұл да қалыпты жағдай, бәрі қирап жатуы мүмкін - енді тезірек көтерілу маңызды.
Егер сіз алаңдап ,жылана берсеңіз - неге олай жылына бересіз,аладауыңыз неге басылар емес? Өзіңізден сұраңыз?
Бұл өте маңызды сұрақ. Адамдар алаңдауды,қайғыра беруді жаны сүйеді. Өзін аяп ,өзгелерге өзін аянышты еткен сайын қирай береді. Егер қазір Әлемде кенеттен нақты апат орын алса, сіздің қалаңыздың төбесінен қауіпті қара бұлт төне бастаса, одан бәрін дереу құтқару керек болса, сіз үшін қымбат нәрсе не соны құтқаруға асығасыз,солай ма? Сіздің ұзағынан қайғыруға уақытыңыз болмайды. Алаңдайсыз,қайғырасыз оның бәрі болады.Бірақ ұзақ уақыт емес - сіз әрекет жасайсыз. Демек осы алаңдауды қашан тоқтата аласыз ойланыңыз.


Миды түзетіңіз
Адамдар ұзақ уақыт бойы өз жанын улап, бәрі қорқынышты екеніне өздерін сендіріп бағады. Сіз де дәл солай жалғастырып дағдарыста бола аласыз, немесе миыңызды біртіндеп түзете аласыз. Кез-келген жағдайдан шығудың жолы бар екенін, Өзіңіздің есіңізге сала бастаңыз. Жолаушының жолы, жүргенде игеріледі. Әр қадам жасаған сайын сіз мыңдаған шақырым жүре аласыз ... - Өзіңізге не ескерту керек екенін ойланыңыз, қағазға жазып, көрнекті жерге іліп қойыңыз (немесе бірнеше жерде ілінгені жақсы). дұға сияқты.


Өзіңізді көмек пен қолдау алуға дайындаңыз
Көптеген жағдайларда сізге көмектесе алатындарға жүгіне аласыз. Сізге кім көмектесе алады? Ақыл-парасаты толыққан адамдар бар, қиындықты еңсерген өмірлік тәжірибесі мол мықты адамдар бар, достарыңыз бар. Иә, сіз бәрін өзіңіз шеше аласыз, бірақ жақсы көмек пен қолдау ешкімге зиян тигізбейді. Көмек пен қолдауды қайда және қалай алуға дайын екеніңізді де ойлаңыз?


Өзіңіз үшін сау орта жасаңыз
Егер сіз депрессияға түсіп, бір нүктеге қарап отыра берсеңіз, қасыңыздағы дені сау адамның өзі де шыдамай есінен адасуы мүмкін. Егер сіз қозғалмай жата берсеңіз, денеңіз саси бастайды және ол сасу сіз қозғалмағаннан болып жатыр. Сізге айналаңыздағы жағдайлардың қайсысы өзіңізге келуге ықпал ете алады, ол үшін не істей алатыныңызды ойлап, өзіңіз үшін қозғала бастаңыз. Серуендеңіз ,қозғалыста болыңыз!


Өзіңізге келген кезде ...
Өзіңізге келген кезде, алдын-алу жағын қамтамасыз етіңіз. Парасатты адамдардың өмірінде қиындықтар жиі бола бермейді, ал дағдарыстар ешқашан болмайды. Яғни ,дайындалған адамда жасқа байланысты немесе жеке басына қатысты дағдарыстар болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет