Психологиялық дағдарыстың ТҮрлері және себептері


Психотравмалық (соққы)дағдарыстар және өту кезеңдері



бет3/6
Дата18.05.2022
өлшемі38,04 Kb.
#34946
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция психологиялық дағдарыс түрлері және себептері

Психотравмалық (соққы)дағдарыстар және өту кезеңдері
Психотравмалық дағдарыс - бұл күтпеген, тосыннан болған
оқиғалардың нәтижесі. Бастан өткерген қатты соққы барлық күш-жігерді алып тастайды. Психотравмалық дағдарыс - бұл адамның өміріне немесе оның өмірлік маңызды компоненттеріне қауіп төндіретін жағдайға реакциясы.Психологиялық дағдарысты бастан кешіру және оны жеңу - бұл көп күш жұмсауды қажет ететін өте ауыр процесс. Алайда, әркімнің дағдарыспен күресусе өз мүмкіншілігі бар. Дағдарыстан шығу үшін : аймақтық дағдарыс орталықтарына, клиникаларға немесе қалалық әлеуметтік дағдарыстық орталықтарына жүгінуіңіз керек.
Дағдарысты әртүрлі оқиғалар мен өмірлік жағдайлар тудыруы мүмкін. Дағдарыстың ең көп таралған себептерінің кейбірі:

  • Жақын адамның қайтыс болуы

  • Суицид

  • Өзіңіздің немесе жақын адамыңыздың ауыр сырқатқа шалдығуы

  • Мысалы, жарақат алу салдарынан айналасына тәуелді болып, өзін-өзі басқаруды жоғалту

  • Алкогольді асыра пайдалану немесе бас бостандығынан айырылуы ол да басқаларға ыңғайсыздық тудырады

  • Жұмыссыздық

  • Қаржылық қиындықтар

  • Жол апаты , өрт сияқты апаттар

  • Табиғи апаттар

  • Зорлық-зомбылық; мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық немесе көшедегі зорлық-зомбылық

  • Тоналу, шабуыл жасалу

  • Мүмкін болатын зорлық-зомбылықтан қорқу сияқты қорқыныш сезімі

  • Босануға байланысты мәселелер: баласыздық, түсік, баланың ауруы немесе жарақат алуы

  • Адамдар арасындағы проблемалар, мысалы, ажырасу немесе алдану

  • Басқа елге эмиграция немесе басқа қалаға, аймаққа көшу

Психотравмалық дағдарыстың кезеңдері
Соққы кезеңі
Соққы фазасы травмалық оқиғадан кейін бірден басталады. Шокты бастан кешіру кезінде адам дағдарысты тудырған жағдайды сезіне алмай ,тіпті болып жатқан ситуацияны жоққа шығаруы мүмкін. Кейбіреулер шок жағдайында толығымен сал,аяқ қолының жаны кеткен күйге ұшырауы, ал кейбіреулері эмоциясы өшкен күйде болуы мүмкін. Кейбір адамдар үшін шок реакциясы қатты толқу түрінде көрінуі мүмкін, мысалы, олар қатты айқайлап немесе истерикалық күйде жылай бастайды. Шок реакциялары қорқынышты және оғаш болып көрінуі мүмкін. Шок жағдайындағы адам, әдетте, нақты қолдауға және айналасындағы адамдардың жағдайды басқаруына мұқтаж. Бұ күйдегі адаммен болған жай туралы сабырлы түрде сөйлесу керек. Талқыланған оқиғалар есеңгіреген адамның санасына жете алмайтынын есте ұстаған жөн, сондықтан сабырлы, анық және нық сөйлеу керек, өйткені бұл адамда жағдайды қабылдау мүмкіндігі әлсірейді.Шок кезеңі бірнеше сағатқа созылады.
Теріске шығару кезеңі
Соққыдан кейін теріске шығару кезеңі жүреді, оның барысында адам қайғылы оқиғадан біртіндеп хабардар бола бастайды, не болғанын түсінуге тырысады. Реакциясы,егер жақыны қайтыс болған болса сенбей,оның дауысын естіп тұрғандай,дәл қазір осы есіктен кіріп келетіндей сезініп,солай сөйлей бастайды. Адамның сана-сезімі әлі де болған оқиғаны жоққа шығаруға тырысады, ал өзі үшін түсініксіз болған сезімдер осы процестің бір бөлігі болып табылады. Осы кезеңнен өтіп жатқан адамға тыңдаушы керек, сонымен қатар олар күнделікті тіршілігін ұйымдастыруда нақты нұсқаулар мен қолдауды қажет етеді. Дағдарыстың осы кезеңінде не болып жатқанын білу басталады және адам өзі төзгісіз азаптан қорғану мен оны санасынан өткізе бастайды. Теріске шығару кезеңінде дағдарысты тудырған оқиға көбінесе ойында және түсінде пайда болатын бейнелермен қайталанады. Болған жағдай кенеттен санаға қатты оралуы мүмкін, мысалы, қандай да бір иістен немесе дыбыстан кейін немесе біреумен сөйлескенде. Болған оқиға бастапқыда қорқынышты түс болып көрінуі мүмкін, бірақ кейінірек әртүрлі түстер көре бастайды. Бұл кезеңде сезімдер көбіне біртекті болып келеді, әдетте олар «Мен есімді жоғалтып аламын деп ойлаймын», «Менің миым көтере алмайды», «Мен шыдай аламын ба?» ,« Болашағымды көре аалмаймын көз алдым - тік тау сияқты »,« Бұл азап мәңгілік бола ма? », деген сөз тіркестерін жиі қайталайды. Теріске шығару кезеңі 9-10 күнге созылады.
Жедел (өткір) қайғыру кезеңі
Бұл дағдарыс кезеңінде болған оқиғаны санасынан өткізе бастайды. Болған жағдай енді жоққа шығарылмайды, сонымен қоса ашу,ыза, өзін не басқаны кіналау ,ұялу сияқты сезімдер оянады. Жағдайды саралап ,таразылауға тырысады. Алайда жаны бір өзгерісті қалап тұрса да,болашаққа көз тастай алмайды. Егер жақын адамынан айырылған болса қайғысын жеңуге дайын. Бірақ психика 40-60 күндік оңалуды қажет етеді.
Депрессия кезеңі
Бұл кезеңде ұйқысыздық ,ештеңеге зауқы жоқ күйде болады. Өзін – өзі айыптау немесе ақтап алу күйлерін бастан кешіреді.Жоғарыда баяндалған кезеңдердегі сезімдер де көрініс береді,оның себебі әр адамның табиғаты мінезінің ерекшеліктеріне байланысты, эмоциясын бірден көрсетуге дайын болмайды. Сондықтан да бұл қалыпты жағдай болып саналады. Депрессия кезеңі 6 айға созылады.
Жағдайды қабылдау (көну), қалпына келу кезеңі, және алдыға мақсат қою сатысы.
Бұ кезеңдерде болған оқиғаның бәрі өмір тәжірибесінің бөлігі ретінде қабылдана бастайды. Болған жағдаймен өмір сүруге бейімделеді, ауыр ойлармен алысуды тоқтатады. Кейде, әрине, мұңға батуы мүмкін, бірақ өмірінің қуанышты сәтеріне де орны пайда болады, адам болашақты жоспарлай алады, өмірге деген сенім қайта оралады.Болған оқиға өмір тарихында маңызды орынға ие болады, бірақ сезімдер мен ойлар әлемінде үстемдігін тоқтатады. Қайғылы жағдай, енді адамның психикалық денсаулығына қауіп төндірмейді, керісінше оны күшейтеді. Болған оқиғаларды еске түсіру, қайтадан ауыр сезімдерді, депрессияны және басқа белгілерді тудыруы мүмкін. Алайда дәл сол қайғылы оқиғаның кезіндегідей әсер болмайды. Басынан өткен оқиғасымен айналысымен бөліскенде өзінің не түсінгенін,қалай өзгергенін айтып беруден қашпайды. Дағдарыстан кейінгі өмірі осал болып көрінуі мүмкін, бірақ бұрынғыдан құндылығы артқанын түсінеді. Өмірінен мән іздеп,мақсат қойып ,алға жылжи бастайды.

Шамамен 1 жылдан кейін психотравманың жанға батуы жеңілдейді. Ескеретін мәселе, қайғының жеңілдеуі болмайтын,жүрегінде ауыр жара болып қалатын соққы бар ,ол: ата – ананың баласынан айырылуы,соғыс алаңында болған қантөгісті көрген адамдар және өте ұзақ уақыт зорлық – зомбылықты басынан кешірген жандар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет