Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет23/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
БАЙЛАНЫСҚА ТҮСУДІҢ БЕС ЕРЕЖЕСІ

Ойын мен талдаудан кейін байланысқа түсудің бес ережесін беруге болады.


Байланыстың бірінші ережесі – сәлемдесу. Сәлемдесуге үш құрауыш енеді. Бірінші құрауыш – адамның атын атау немесе аты мен әкесінің атын қосып айту (берілген жағдайда қалай болуы тиіс болса). Кез келген адам үшін оның аты өте маңызды, сондықтан атты есте сақтап қалу қажет те, әңгімелесу барысында мезгіл-мезгіл адамның атын атап отыру керек. Егер сіз таныса салысымен адамның атын ұмытып қалатын болсаңыз, оны жазып алған дұрыс, ол үшін қол астыңызда блокнот пен қалам болуы тиіс.
Атын шатастырып алсаңыз, сіз адамды ренжітіп алуыңыз, яғни, оны бұрышқа қуып тығуыңыз мүмкін. Кейбір әңгімелесушілер, атын ұмытып қалса, иесіздендіріп сөйлеуге тырысады, бұл жаман, себебі, нәтижесінде сіздің әңгімелесушіңіз әңгіме барысында қабылданған шешім үшін өзін жауапты деп санамайтын болады. Егер әңгімелесуде адамның аты аталмаса, ол нәтиже үшін тек 10 % жауап береді деп есептеледі.
Екінші құрауыш – сәлемдесу кезінде күлімсіреу, тілектестігін көрсету. Бірақ кейбір адамдардың сіздің күлімсіреуіңізді дұрыс түсінбеуі, сіз оған күліп тұр деп немесе сізді ұшқалақ адам деп ойлауы да мүмкін екендігін есте сақтау қажет. Сондықтан іскерлік әңгімелесуде сіздің әңгімелесушіңіз қанша күлімсірейтін болса, шамамен сонша күлімсіреу қажет.
Үшінші құрауыш – қол алысу (егер ол орынды болса) немесе жай ғана бас ию. Қол алысу кезіндегі дене байланысы байланысты тезірек орнатуға көмектеседі, бірақ жасы үлкен немесе жолы үлкен адамның қолын бірінші созатынын есте сақтау қажет. Сіз қазір қол алысу үшін қолыңызды созатындай етіп, иығыңызды сәл алға ұмсындырып, адамды сізге қолын созуға итермелей аласыз. Бірақ, адамның сіздің қозғалысыңызға ойланбастан жауап беруі үшін, бұны өте ұқыпты жасау керек. Бұл үшін үйде айнаның алдында тұрып жаттығуға болады, бұл әзер байқалатын қозғалыс болуы тиіс.
Бұдан басқа, біздің мәдениетімізде қол алысу үшін әйел адамға қол созылмайтынын есте сақтау қажет. Егер әйел адамның өзі сізге қолын созса, бұл – оның құқығы, ерекше ықыласының белгісі. Қол алысу үшін созылған қол астыңғы жақтан, шамамен белдің тұсынан немесе сәл жоғарырақ тұстан беріледі. Сүю үшін қол шамамен диафрагма тұсынан, жоғарырақ беріледі. Іскерлік жағдайда әйелдің қолын сүю, әсіресе егер ол қол алысу үшін созылған болса, орынсыз. Ер адамдардың қол алысуында бұның жарыс емес екендігін ұмытпау қажет, жұмсалатын күш шамамен бірдей болуы тиіс, шамадан тыс күш жұмсаудың қажеті жоқ. Солғын және сылбыр қол алысу да жарамайды – бұл байланысты бұзуы мүмкін. Әйел адамның қолын ешбір жағдайда қатты қысуға болмайды, бұл жай ғана жылы, достық, аздап қолдау білдіретін қол алысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет