Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет26/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
БЕЛСЕНДІ ТЫҢДАУ ТЕХНИКАЛАРЫ

6-қосымшада әңгіме жүргізу техникаларының 3 типі сипатталған: әріптестің түсінуіне септігін тигізбейтін, аралық және түсінуге септігін тигізетін. Жаттықтырушы шеңбер ішінде атын атамай-ақ, әрбір техниканы оқып шығып, қатысушылардың әрқайсысының оны – 3-тен + 3-ке дейінгі шкала бойынша бағалауын өтіне алады. Нәтижелерін кестеге жазып отыруға болады. Шеткі ұпайларды қойған қатысушылардан олардың неге ондай ұпай қойғанын сұрауға болады.


Шеткі бағаларға түсінік беру топтың әр түрлі техникаларды әр түрлі адамдардың жағдайға және көзқарасқа байланысты әр түрлі бағалайтындықтарына көңіл аударуы үшін қажет. Толығымен тиімді техника жоқ, бірақ белсенді тыңдау техникасы шебер пайдаланылған кезде көбінесе жақсы нәтиже береді.
Соңында жаттықтырушы кезекпен әңгіме жүргізудің барлық тәсілдерін атауларымен бірге оқып шығып, әрқайсысы бойынша қысқаша түсінік беріп кете алады.
Теріс баға, елемеушілік және шығандаған өзімшілдік – әңгіме жүргізудің бұл үш тәсілі әріптестің түсінуіне септігін тигізбейтін болып есептеледі және, бәлкім, тренинг қатысушыларының көпшілігі бұл тәсілдерді жағымсыз ретінде бағалаулары мүмкін, бірақ, қандай да бір жағдайларда бұл тәсілдер оң нәтиже әкелуі ықтимал.
Әңгіме барысы туралы ескертулер, сұраулараралық техникалар, немесе енжар тыңдау техникалары. Олардың көмегімен әңгімелесушіге «мен сені тыңдап отырмын» дегенді көрсетуге болады, бірақ шын мәнінде тыңдауға көмектеспейді. Мысалы, әңгімелесуші әріптесін мұқият тыңдап, үнемі басын изеп, мақұлдап отырады да, бір минуттан кейін әлденеге алаңдап, өзінің бір мәселесі туралы ойланып кетіп, дәл солай аңдамастан басын изеуді жалғастыра беруі мүмкін.
Соңғы болып әріптестің түсінуіне септігін тигізетін техникалар – белсенді тыңдау тәсілдері келеді. Бұл нұсқада вербализацияның үш сатысы берілген, және жаттықтырушы, топ алдында тұрған міндеттерге қарай вербализацияның неше сатысын: біреуін, екеуін немесе үшеуін жаттықтыру керек екендігін өзі анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет