Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет25/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Бесінші ереже – келіссөздерді жүрдім-бардым: дәлізде, буфетте, терезе алдында, яғни, адаммен кездейсоқ кездесіп қалған жерде жүргізуге болмайды. Бұл ережені, біздің мәдениетімізде адаммен істер туралы қайда болса, сонда, тіпті оны дәретханаға кетіп бара жатқан жерінен ұстап алып та сөйлесе беру «қалыпты жағдай» болғандықтан да, есте сақтау маңызды. Адамдар көбінесе өзіне және әңгімелесушісіне лайықты құрмет көрсетпейді; бұл мұндай әңгімелесу туралы жағымсыз әсер қалыптасуына алып келеді. Кездейсоқ кездесіп қалған кезде істеуге болатын жалғыз нәрсе – ұйғарылған әңгімелесудің уақыты мен орны туралы келісу.
Тренингтегі барлық ережелер сияқты, бұл ережелер де ұсыныстық сипатқа ие, олар әрқашан дерлік «жақсы жағына» жұмыс істейді, бірақ қандай да бір жағдайда, мүмкін, «жаман жаққа» да істеп кетуі мүмкін. Қалай болғанда да, осы ережелерді пайдалану тілектестік, сенімділік байланысты орнатуға мүмкіндіктерді арттырады. Бірақ оған кепілдік бермейді.
Қандай да бір ережелерді тағы да қосуға болады, бірақ ақылға сыйымды шектерде. Сатылар бойынша теория теңдестірілген болуы тиіс – жекелеген сатыларда және бүкіл тренингте теорияны шамадан тыс көп қолданбаған дұрыс.


«Конференция»

12 (ең кемі 9) қатысушы қажет. Егер қатысушылар одан көп болса, олардың бір бөлігін бақылаушы етуге болады.


Үш адам есіктің сыртына шығады, қалғандары үш-үштен немесе екі-екіден үш топқа бөлінеді. Егер адамдар көп болса, төрт-төрттен бөлінулеріне де болады.
Нұсқаулық. Топтардағы адамдарға арналған нұсқаулық: «Сіздер конференциядасыздар. Қазір үзіліс, сіздер топта қандай да бір тақырыпқа әңгімелесіп тұрсыздар. Есік сыртындағы үш адам – буфетке немесе темекі шегуге шығып кеткен сіздердің таныстарыңыз. Қазір олар қайтып келеді, және олардың міндеті топтардың кез келгеніне жақындап келіп, сіздермен байланысқа түсу, әңгімеге кірісу болады. Олар бір мезгілде кіреді, және олардың әрқайсысында байланысқа түсу үшін екі минут уақыт болады. Содан соң, екі минуттан кейін, жаттықтырушының айтуымен олар сағат тілі бойынша келесі топқа, содан соң екі минуттан кейін үшінші топқа көшеді, нәтижесінде әрқайсысы барлық үш топта болып шығады. Сіздерге қатаң тапсырма: сіздерге кім келгеніне қарамастан, біріншісін қабылдамайсыздар – сіздер оған жаман қарайсыздар, екіншісіне бейтарап қатынаста боласыздар, үшіншісіне жақсы қарайсыздар. Оларға мұны қалай білдіретіндіктеріңізді келісіңіздер».
Есік сыртындағы қатысушыларға арналған нұсқаулық: «Сіздер үзіліске шықтыңыздар және қазір бөлмеге қайтып ораласыздар, онда сіздердің конференция бойынша таныстарыңыз әңгімелесіп тұрады. Сіздердің міндеттеріңіз: кез келген топты таңдап, олармен байланысқа түсу, әңгімеге кірісу. Мұны қарқынды түрде жасау қажет, өйткені сіздерде барлығы екі-ақ минут уақыт бар. Содан соң, жаттықтырушының айтуымен, сіздер сағат тілі бойынша екінші топқа көшесіздер, онда да сол тапсырма, содан соң сол тапсырмамен үшінші топқа көшесіздер».
Ойын аяқталған соң барлығы шеңбер жағалай отырады да, ойынның талдауы жүргізіледі. Бұл – талдау кері тәртіпте жүргізілетін жалғыз ойын: бірінші болып есік сыртына шыққан және ойындағы басты рольдерді орындаған адамдар, содан соң үш топтың өкілдері өз пікірлерін айтады. Егер бақылаушылар болса, олар соңғы болып өз пікірлерін айтады. Талдау барысында топтардың тапсырманы қалай түсінгендіктеріне көңіл аудару қажет: жаман, бейтарап және жақсы қатынас дегеніміз не? Қорытындыларды шығару кезінде жаттықтырушы мынадай қорытынды шығарады: егер сіздерге деген қатынас жаман болса, байланысқа түсудің кез келген ережелері тиімсіз болып шығуы мүмкін. Топтың бірден ол адамға оның кедергі жасайтынын немесе әңгімелесудің құпия сипатта екендігін айтқаны және оның басқа уақытта келуін өтінгені дұрыс, әйтпесе жағдай барлығы үшін өте жағымсыз және психологиялық тұрғыдан ауыр болады. Келесі қорытынды: егер сіздерді қабылдаса, ол бірден көрінеді, және байланысқа түсу де өте жеңіл. Үшінші қорытынды бейтарап қатынастың болмайтындығын білдіреді. Қатынас не тек «жақсы» немесе «жаман» болуы мүмкін, бұл ойында көрінеді де, және, демек, бірден адамға деген өз қатынасыңды анықтап, оған ол туралы айту қажет.
Ойынды видеоға түсіруге болады және талдаудан кейін, шығарылған қорытындыларды растау үшін, ойын қатысушыларының бет-әлпеттерінің қалай өзгергендіктерін көрсетуге болады.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4.3. ЕКІНШІ САТЫ – «БАҒДАРЛАНУ»
Екінші саты туралы әңгіменің басында топқа: «Адамды өзіңіздің проблеманы қалай түсінетіндігіңізге бағдарлау және өзіңіздің әңгімелесушіңіздің осы проблеманы қалай түсінетіндігіне бағдарлануыңыз үшін осы сатыда не істей білу керек?» деген сұрақ қойған орынды. Қатысушылар еркін түрде сөйлейді (шеңбер бойынша емес, қалауы бойынша), өз пікірлерін мазмұндайды. Пікірлер әр алуан болуы мүмкін. Мысалы: «адамды түсіну керек», «оның ықыласын өзіңе аудару керек», «шыншыл және адал болу керек» және т.б. Жаттықтырушы, барлық ықылас білдірушілерге сөз бере отырып, пікірталас жүргізеді және адамдардың бір-бірінің сөздерін бөлмеулері және дауласпаулары үшін тырысады. Жаттықтырушы, тіпті тек бір ғана дұрыс пікір болуы мүмкін дегенге сенсе де, әрқашан бір ғана пікір емес, барлық пікірлер де маңызды деп айтуы мүмкін.
Топтық пікірталастан кейін жаттықтырушы қорытынды шығарады да, үш мезетті бөліп көрсетеді: сөйлей білу керек, тыңдай білу керек және монолог кезінде де, сондай-ақ тыңдау кезінде де адамның ауызша емес көріністеріне көңіл аудара білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет