Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет24/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

Екінші ереже – көз байланысы. Көз байланысын бүкіл қарым-қатынас уақытының шамамен 10-15 %-да ұстап тұру қажет. Әңгімелесушімен көз түйістіріп, содан соң басқа жаққа немесе оның қолдарына, отырған отырысына, қимылдарына қараймыз, содан соң қайтадан көзіне және т.с.с. Егер әңгімелесуші көз түйістіруден қашқақтайтын болса, бұл ұялшақтық, тұйықтық немесе тіпті өтірік айтуға дайындық ретінде де қабылданады.
Үшінші ереже – әлеуметтік арақашықтықты қысқарту. Әлеуметтік және дене арақашықтығы неғұрлым қысқарақ болса, байланыс та соғұрлым тығызырақ және сенімдірек болады. Мысалы, кабинетке кірген кезде есіктен сөйлей бастаудың қажеті жоқ, үстелге жақынырақ келген дұрыс. Рұқсатсыз отырмау керек, не шақырғанын күту, не отыруға рұқсат сұрау қажет. Егер орындық ыңғайсыз тұрса, оны жылжытып және үстелге қырындап отыру үшін бұрып қойған дұрыс. Бұл ең ыңғайлы нұсқа, өйткені, тізе үстелге тірелмейтін болады да, қажет болған жағдайда, үстелге шынтақпен сәл сүйеніп отыруға болады. Егер кабинеттегі жиһаз ауыр болса, қай жерге ұсынса, сол жерге отыруға тура келеді, креслоны жылжытудың қажеті жоқ. Сондай-ақ үстелдегі қағаздар мен қандай да бір басқа заттарды қозғамау керек. Егер кабинеттің иесіне қандай да бір қағаздарды бергіңіз келсе, өз қағаздарыңызды оның қағаздарының үстіне қоюға болмайды, қолына берген дұрыс.
Егер бұл сіздің кабинетіңіз болса, үстел басынан шығып, қол алысу үшін қолыңызды созып, отыруды ұсынған дұрыс. Қаласаңыз, үстелге емес, жеке тұрған кішкене үстелге отыруға болады. Әңгімелесушілер қарама-қарсы емес, қатар отырған немесе 45 градустық бұрыш жасап отырған нұсқа – ең ыңғайлы нұсқа. Егер арақашықтықты ұлғайтуды қаласа, үстел басына отырады және оған қосымша, әңгімелесу барысында, үстелге қандай да бір папкаларды, қағаздарды қояды да, мезі қылған адамынан осылайша тасаланады.
Төртінші ереже – адамға оның маңыздылығы туралы айту. Адамның өзіңіз үшін маңызды тұлға екендігін оған білдірудің жақсы тәсілі – бұл, мысалы, онымен кездесу үшін сіздің кеш бойы дайындалғаныңызды, оның пікірін өте бағалайтындығыңызды, оның офисі сізге ұнағандығын және т.б. айту. Негізгі идея – адамның жанына жағатын бір нәрсе айту, бірақ бұл жарамсақтық немесе жай ғана манипуляция болып көрінбеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет