Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет21/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Ойынның талдануы. Жаттықтырушы алдымен сөзді бақылаушыларға әрбір жағдай бойынша жеке-жеке береді: әрбір қатысушы өзін қалай ұстады, байланыс орнатылды ма, жоқ па, отырған ер адам мен түрегеп тұрған әйел адам өздерін қалай ұстады? Кейбір мезеттерді айқындау үшін жаттықтырушы сұрақтар қоя алады. Осылайша, топтың көңілін ең маңызды нәрсеге – байланыстың қалай орнатылғандығына аударуға болады.
Ары қарай есіктің сыртынан келген қатысушылар өз пікірлерін айтады. Жаттықтырушы олардан өздерінің не істегендіктері, не істегісі келгендіктері, ненің жасалып, ненің жасалмағандығы туралы айтып берулерін өтінеді. Мұнда қатысушылардың ойнап бастаған кезіндегі мақсаттарын көрсету маңызды. Олардан есік сыртында тұрғанда не шешкендіктері туралы сұрауға болады. Көбінесе қатысушылар есіктің сыртында тұрғанда-ақ ер адамды – оңбаған, тәрбиесіз адам деп, оны орнынан міндетті түрде тұрғызу керек те, әйел адамды міндетті түрде отырғызу керек деп шешкендіктерін айтады.
Осы ойынның мысалында байланыс сатысы мен бағдарлану сатысының қалай түсіп қалатындығын жақсы көрсетуге болады. Кейбір қатысушылар үшін, әсіресе өз ниеттерін іске асыруға әбден тырысқан қатысушылар үшін, әйелдің отырғысы келмейтіні тіпті жаңалық болады.
Жаттықтырушы қатысушыларға мынадай сұрақтар қоя алады: «Қалай ойлайсың, әйелдің отырғысы келді ме, одан бұл туралы сұрап алу керек емес пе еді?» немесе «Мүмкін, ер адам мүгедек те, түрегеп тұра алмайтын шығар?», «Мүмкін, бұл күйеуі мен әйелі шығар?»
Көбінесе жаттықтырушының: «Сен бұл сөмкенің кімдікі екенін білесің бе?» - деген сұрағына мынадай жауапты естуге болады:
– Иә, бұл сөмке ер адамдыкі.
– Ал сен қайдан білдің?
– Ал ол, мен оны жұлып алғанда, оны менен тартып алуға әрекеттенді.
Берілген ойынның талдауынан кейін «бұрыш ережесін» айтып берудің мәні бар: кез келген адамның артында адамды оңайлықпен қуып тығуға болатын «бұрыш» бар, бірақ «бұрыштан» шығатын лайықты жол жоқ.
Тек екі лайықсыз жол бар. Біріншісі – агрессия арқылы жеңіп шығуға әрекеттену, бірақ бәрі бір жеңілу. Екіншісі – келісіп, жол беру және содан соң жағымсыз эмоцияларды сезіну, яғни, бірден жеңілу.




3-сурет. Бұрыш ережесі

Ойынымызға қайтып оралайық. Кез келген қатысушы қандай да бір нұсқада отырған ер адамға «тиісе» немесе оны тәрбиесіз адам ретінде бағалай салысымен, ол оны осылайша бұрышқа қуып тыққан болып шығады. Жағдай бірден қақтығыстық болып шығады да, шешім табылмайды. Жағдайдың барлық қатысушылары немесе тым болмаса олардың біреуі жағымсыз эмоцияларды сезінетін болады.


Сондықтан бірінші «бұрыш ережесі» мынадай: ешбір жағдайда адамды бұрышқа қуып тықпаңыз. Егер адамды бұрышқа қуып тықсаңыз, онымен ары қарай қалыпты қарым-қатынас жасау мүмкін болмайды. Екінші «бұрыш ережесі»: кез келген жағдайларда өзіңіз бұрышқа кірмеңіз, яғни, ренжімеңіз. Осы ережелерді қалай іске асыруға болатындығы қақтығыстар туралы бөлімде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.
«Электричкада» адамдарды ренжітудің қажеті жоқ, жәбірлемейтін және түсінікті сөздермен айту қажет екендігі өте жақсы көрініп тұрады. Адамды ренжіте салысымен, байланыс бұзылады, және онымен сындарлы түрде келісу өте күрделі немесе тіпті мүмкін емес болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет