Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет30/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Ойынның барысы. Бірінші кезең. Есік сыртына шыққан қатысушылар бөлмеге кіріп, әрқайсысы өзіне жұп таңдайды. Ойын бес-жеті минут жалғасады. Уақыт аяқталғанда, жаттықтырушы жұптарға кері байланысқа екі минут береді. Жұптағы қатысушылар ойынды талқылап, бір-біріне нені пайдалы деп тапса, соны айтады. Содан соң барлығы ортақ шеңберге отырады да: үміткерді жұмысқа алды ма, жоқ па, және неліктен, және олар нендей пайдалы нәрсеге көңіл аударды, нені маңызды деп санаса, соны кезекпен әңгімелей бастайды.
Екінші кезең. Екінші нөмірлер есік сыртына шығады да, дәл сондай нұсқаулық алады. Олар үй-жайға кірердің алдында оларға өздерінің тәжірибелері әр түрлі болатын қатысушымен жұпта жұмыс істеуге отырулары керек екендіктерін айтқан дұрыс. Ойын сондай-ақ бес-жеті минут жалғасады, ары қарай – жұптағы кері байланысқа екі минут және шеңбердегі әңгімелесу. Ойынды талқылағаннан кейін қатысушылардың нені ең маңызды мезеттер ретінде белгілегені, олардың қандай ұсынымдарды тұжырымдаулары мүмкін екендіктері туралы әңгімелесуге де болады.
Үшінші кезең. Жаттықтырушы үш ықылас білдірушіге конкурстық негізде сұхбаттасудан өтулері қажет болатын келесі ойында өздерін байқап көруге ұсыныс жасайды. Үш қатысушы есік сыртына шығады. Оларға арналған нұсқаулық: «Қазір сіздер кезекпен директорға сұхбаттасуға барасыздар (бұл жерде нақты ұйымды атауға болады). Сіздер газеттегі хабарландыруды оқып, қоңырау шалдыңыздар да, сіздерге осы уақытты белгіледі. Сіздердің міндеттеріңіз – осы конкурста жеңіп шығуға тырысу. Сіздер қалайша ең жақсы әсер қалдыра алатындықтарыңызды ойлаңыздар, біздің алдыңғы ойында үйренгеніміздің бәрін пайдаланыңыздар».
Топтағы қалған қатысушылардан жаттықтырушы кімнің директор болғысы келетіндігін сұрайды. Ықылас білдірген адам үстел басына отырады, беделін күшейту үшін оның үстеліне телефон, қандай да бір қағаздар, журналдар және т.б. қоюға болады. Оған арналған нұсқаулық: «Сіз – ұйым директорысыз (ұйымның бейіні мен атауын көрсетуге болады), сізге белгілі бір қызметке маман қажет. Сізге үш үміткер қоңырау шалды және сіз оларға уақыт белгіледіңіз. Қазір сіз олармен кезекпен әңгімелесесіз, содан соң кімді алатыныңызды, кімді алмайтыныңызды шешесіз. Кімді және неліктен таңдағаныңызды параққа жазып алыңыз да, талқылау соңында бізге мәлімдеңіз».
Бұл ойын видеоға түсіріледі. Бейнежазбаны көру кезінде жаттықтырушы топтың назарын вербализациялар пайдаланылған мезеттерге және мұның қаншалықты сәтті болғандығына аудара алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет